Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селолар", "селолардың", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылдар", "ауылдардың" "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 6-тармағына және 11-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Барлық тұрғындарының көшіп кетуіне және қоныс аударуына байланысты мынадай елді мекендер таратылсын:
Сарыкөл ауданы Маяк ауылдық округінің Безымянов ауылы,
Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің Қансор ауылы,
Науырзым ауданы Шолақсай ауылдық округінің Қопа ауылы.
2. Тұрғындар саны 50-ден кем ауылдар таратылсын:
Жангелдин ауданы Саға ауылдық округінің Алтынсарин ауылы,
Жангелдин ауданы Сужарған ауылдық округінің Байтемір ауылы,
Жангелдин ауданы Қаламқарасу ауылдық округінің Жаңақұрылыс ауылы,
Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округінің Қарақоға ауылы,
Жангелдин ауданы Жангелдин ауылдық округінің Қуат ауылы,
Жангелдин ауданы Амангелді ауылдық округінің Құмкөл ауылы,
Жітіқара ауданы Чайковский ауылдық округінің Новый Октябрь ауылы,
Жітіқара ауданы пригородный ауылдық округінің Шортанды ауылы.
3. Таратылған ауылдық елді мекендер мына ауылдардың құрамына енгізілсін:
Алтынсарин ауылы Жангелдин ауданы Саға ауылдық округінің Саға ауылының құрамына,
Байтемір ауылы Жангелдин ауданы Сужарған ауылдық округінің Сужарған ауылының құрамына,
Жаңақұрылыс ауылы Жангелдин ауданы Қаламқарасу ауылдық округінің Қаламқарасу ауылының құрамына,
Қарақоға ауылы Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округінің Көлқамыс ауылының құрамына,
Қуат ауылы Жангелдин ауданы Жангелдин ауылдық округінің Аралбай ауылының құрамына,
Құмкөл ауылы Жангелдин ауданы Амангелді ауылдық округінің Қарғалы ауылының құрамына,
Новый Октябрь ауылы Жітіқара ауданы Чайковский ауылдық округінің Чайковский ауылының құрамына,
Шортанды ауылы Жітіқара ауданы Пригородный ауылдық округінің Пригородный ауылының құрамына.
4. Жангелдин ауданының Жангелдин ауылдық округі Аралбай ауылы;
Жангелдин ауданының Сужарған ауылдық округі Сужарған ауылы;
Жітіқара ауданының Пригородный ауылдық округі Пригородный ауылы;
Жітіқара ауданының Чайковский ауылдық округі Чайковский ауылы болып қайта құрылсын.
5. Таратылған әкімшілік-аумақтық бірліктер Қостанай облысының есептік деректерінен алынып тасталсын.
6. Осы бірлескен шешім мен қаулы, оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Кезекті, екінші сессияның төрағасы |
Қостанай облысының әкімі |
|
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
Әкімдік мүшелері |