Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы кейбір бірлескен Қостанай облысы әкімінің шешімдері мен Қостанай облыстық мәслихатының шешімдеріне, Қостанай облысы әкімдігінің қаулылары мен Қостанай облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
Сессия төрағасы |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы _______________ С. Ещанов |
2014 жылғы 4 шілдедегі
әкімдіктің № 9 қаулысы мен
мәслихаттың № 297 шешіміне
қосымша
Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық
құрылысындағы өзгерістер туралы кейбір бірлескен
Қостанай облысы әкімінің шешімдері мен Қостанай облыстық
мәслихатының шешімдеріне, Қостанай облысы әкімдігінің
қаулылары мен Қостанай облыстық мәслихатының
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер тізбесі
1. Қостанай облысы әкімінің және Қостанай облыстық мәслихатының 1998 жылғы 28 тамыздағы "Қостанай ауданының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауларын өзгерту туралы" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65 тіркелген, 1999 жылғы 25 мамырда "Қостанай таңы" газетінде және 1999 жылғы 3 маусымда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі кіріспесінде және бүкiл мәтін бойынша "селолық", "селоларының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдарының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қостанай облысы әкімінің және Қостанай облыстық мәслихатының 1998 жылғы 28 тамыздағы "Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Шобанкөл селосын Қ. Тұрғымбаев селосы деп қайта атау туралы" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 67 тіркелген, 1999 жылғы 20 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде және 1999 жылғы 22 сәуірде "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі тақырыбында, кіріспесінде және бүкiл мәтiн бойынша "селосын", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылын", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
3. Қостанай облысы әкімінің және Қостанай облыстық мәслихатының 1998 жылғы 28 тамыздағы "Қостанай облысы Науырзым ауданының Докучаев селосын Қарамеңді селосы деп атау туралы" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 68 тіркелген, 1999 жылғы 4 мамырда "Қостанай таңы" газетінде және 1999 жылғы 13 мамырда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі тақырыбында, кіріспесінде және бүкiл мәтін бойынша "селосын", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылын", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
4. Қостанай облысы әкімінің және Қостанай облыстық мәслихатының 1998 жылғы 28 тамыздағы "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгертулер туралы" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 73 тіркелген, 1999 жылғы 6 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде және 1999 жылғы 14 сәуірде "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкiл мәтiн бойынша "селолық", "селосының", "селоларының", "поселкесінің", "селосы", "селосына", "Прлгресс" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылдарының", "кентінің", "ауылы", "ауылына", "Прогресс" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
5. Қостанай облысы әкімінің және Қостанай облыстық мәслихатының 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Жангелдин және Науырызым аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгертулер туралы" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 80 тіркелген, 1999 жылғы 8 маусымда "Қостанай таңы" газетінде және 1999 жылғы 17 маусымда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкiл мәтін бойынша "селолық", "селосында", "селосы", "селолары", "селоларын", "селосын" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылында", "ауылы", "ауылдары", "ауылдарын", "ауылын" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
6. Қостанай облысы әкімінің және Қостанай облыстық мәслихатының 1999 жылғы 2 шілдедегі "Қостанай облысы Таран және Меңдіқара аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер жайында" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109 тіркелген, 1999 жылғы 7 қыркүйекте "Қостанай таңы" газетінде және 1999 жылғы 28 қыркүйекте "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының", "селоларының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының", "ауылдарының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
7. Қостанай облысы әкімінің және Қостанай облыстық мәслихатының 1999 жылғы 2 шілдедегі "Қостанай қаласының шегін өзгерту жайында" бірлескен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 110 тіркелген, 1999 жылғы 8 қыркүйекте "Қостанай таңы" газетінде және 1999 жылғы 30 қыркүйекте "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкiл мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
8. Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 5 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 34 "Қарасу ауданының Герцена селосын Айдарлы селолық округіне әкімшілік бағынысқа беру туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3582 тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде және 2008 жылғы 12 ақпанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосын", "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылын", "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
9. Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 10 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 45 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3583 тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтарда "Қостанай таңы" газетінде және 2008 жылғы 12 ақпанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
орыс тіліндегі 4-тармақта:
бүкіл мәтін бойынша "аул" деген сөз "село" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селолар", "селолардың", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылдар", "ауылдардың", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
10. Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 4 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 14 наурыздағы № 81 "Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3632 тіркелген, 2008 жылғы 25 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селолары", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдары", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
11. Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № 8 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 4 маусымдағы № 102 "Жангелдин ауданының Збан селосын және Саға селолық округін Ақкөл ауылы және Қызбел ауылдық округі деп қайта атау туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3641 тіркелген, 2008 жылғы 28 маусымда "Костанайские новости" газетінде және 2008 жылғы 1 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған):
орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул", "аульный" деген сөздер тиісінше "село", "сельский" деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосын", "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылын", "ауылдық", "ауылы", деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
12. Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № 9 және Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 4 маусымдағы № 103 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы кейбір өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3642 тіркелген, 2008 жылғы 28 маусымда "Костанайские новости" газетінде және 2008 жылғы 1 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған):
орыс тіліндегі 3-тармақта:
бүкіл мәтін бойынша "аул" деген сөз "село" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолар", "селолық", "селосы", "селолардың", "селосының", "селолары" деген сөздер тиісінше "ауылдар", "ауылдық", "ауылы", "ауылдардың", "ауылының", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
13. Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 15 тамыздағы № 10 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 15 тамыздағы № 122 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3655 тіркелген, 2008 жылғы 11 қазанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
14. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 1 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 13 ақпандағы № 163 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3673 тіркелген, 2009 жылғы 18 наурызда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
15. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 6 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 31 шілдедегі № 214 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3688 тіркелген, 2009 жылғы 4 қыркүйекте "Қостанай таңы" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селолар", "селолардың", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылдар", "ауылдардың", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
16. Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 8 және Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 қарашадағы № 241 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3698 тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селолар", "селосының" "селоларының", "селосында" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылдар", "ауылының", "ауылдарының", "ауылында" деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі қосымшадағы мәтін және орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
17. Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 2 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 5 ақпандағы № 264 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3708 тіркелген, 2010 жылғы 1 сәуірде "Костанайские новости" газетінде және 2010 жылғы 2 сәуірде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
18. Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 3 және Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы № 312 "Қарасу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3722 тіркелген, 2010 жылғы 14 шілдеде "Костанайские новости" газетінде және 2010 жылғы 14 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
19. Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 11 тамыздағы № 5 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 11 тамыздағы № 326 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3734 тіркелген, 2010 жылғы 13 қазанда "Костанайские новости" газетінде және 2010 жылғы 14 қазанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
20. Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 6 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 19 қазандағы № 340 "Сарыкөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3738 тіркелген, 2010 жылғы 8 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде және 2010 жылғы 9 желтоқсанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
21. Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 19 тамыздағы № 1 және Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 19 тамыздағы № 430 "Қостанай облысы Федоров ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3773 тіркелген, 2011 жылғы 30 қыркүйекте "Қостанай таңы" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селолары" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылдары" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
22. Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 2 бр және Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 20 қазандағы № 434 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3782 тіркелген, 2011 жылғы 8 желтоқсанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
23. Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 4 және Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 453 "Қостанай облысы Денисов ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3790 тіркелген, 2012 жылғы 3 наурызда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
24. Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 1 және Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 35 "Қостанай облысы Аманкелді ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
орыс тіліндегі 1-тармақта "аульного" деген сөз "сельского" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
мемлекеттік тілдегі 1-тармақта "селосы" деген сөз "ауылы" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
25. Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 2 және Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 59 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3821 тіркелген, 2012 жылғы 14 тамызда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селоларын" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылдарын" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
26. Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 3 және Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы 19 шілдедегі № 58 "Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Лермонтов селосы мен Лермонтов селолық округін қайта атау туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген, 2012 жылғы 14 тамызда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі тақырыбында, кіріспесінде және бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылы", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
27. Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 6 және Қостанай облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 қарашадағы № 97 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3949 тіркелген, 2013 жылғы 12 ақпанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
28. Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 1 және Қостанай облыстық мәслихатының 2013 жылғы 1 наурыздағы № 121 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" қаулысы мен шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4086 тіркелген, 2013 жылғы 16 сәуірде "Костанайские новости" газетінде жарияланған):
мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.