Ескерту. Күші жойылды 27-бабына сәйкес 1998.03.24 № 213 ҚР Заңымен - Қостанай облысы Қостанай қаласы Әкімдігінің 2009.06.16 № 1118 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 және 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының "Бюджет кодексінің" 53-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 03 қазандағы N 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына (тіркеу нөмірі 9-1-25, "Қостанай" газеті, 2005 жылғы 28 қазандағы, 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 108 "Қостанай қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 03 қазандағы N 1276 «"Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" тіркеу нөмірі 9-1-38, "Қостанай" газеті 2006 жылғы 3 наурыздағы, 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 931 "Қостанай" қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 3 қазандағы N 1276 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы", тіркеу нөмірі 9-1-81, "Қостанай" газеті 2007 жылғы 29 мамырдағы N 42, мынадай өзгерістер енгізілсін:
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы нұсқаулығына, аталған қаулыға қосымша:
10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу үшін жұмыс берушінің шығындарының елу пайызы көлемінде қалалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі, бірақ ең төменгі жалақысынан аспайтын; жастар тәжірибесіне - алты айдан аспайтын мерзімге ең төменгі жалағынын бір жарым көлемінде еңбекақы."
12-тармағы келесі сөйлеммен толықтырылсын:
"Жұмыс берушіге, әлеуметтік салық және әлеуметтік аудару шығындары шектелінген еңбекақы қала бюджет қаражатынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қаражатына өтеледі."
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Х.Ержановқа жүктелсін.
Қала әкімі
Әкімдік мүшелері: