Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2014 N 245/7 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 30 наурыздағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi туралы нұсқаулығын бекiту туралы" N 115/4 қаулысына (Павлодар облысының әдiлет департаментiнде 2006 жылғы 11 сәуiрде N 3066 болып тiркелдi, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2006 жылғы 6 мамырдағы N 51 жарияланды) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген санаттағы азаматтарға жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi туралы нұсқаулығында:
1-бөлiмiнiң 1-тармағындағы "2006 жылға арналған" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов