Павлодар облысы әкімдігінің 2006 жылғы 30 наурыздағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға жергілікті деңгейде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы нұсқаулығын бекіту туралы" N 115/4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімиятының 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 100/4 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 3 мамырда N 3087 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі N 245/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2014 N 245/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 30 наурыздағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi туралы нұсқаулығын бекiту туралы" N 115/4  қаулысына (Павлодар облысының әдiлет департаментiнде 2006 жылғы 11 сәуiрде N 3066 болып тiркелдi, "Звезда Прииртышья" газетiнiң 2006 жылғы 6 мамырдағы N 51 жарияланды) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген санаттағы азаматтарға жергiлiктi деңгейде әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi туралы нұсқаулығында: 
      1-бөлiмiнiң 1-тармағындағы "2006 жылға арналған" деген сөздер мен сандар алынып тасталсын. 
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi. 

       Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады