Ленинград құрсауда болған кезеңде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс жасаған және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалі мен "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға қосымша берілетін жеңілдіктер туралы

ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXХ сессиясының 2007 жылғы 5 маусымдағы N 353 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2007 жылғы 25 маусымда N 747 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 56 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2012.09.14 № 56 шешімімен (01.01.2013 бастап күшіне енеді).

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес IIІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласы әкімінің Ленинград құрсауда болған кезеңде қаланың кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс жасаған және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалі мен "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға қосымша келесі жеңілдіктер беру туралы ұсынысына қолдау жасалсын:
      1) әуе көлігімен Санкт-Петербург қаласына екі жылда бір рет тегін барып қайтуына;
      2) жыл сайын 5 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілсін.
      2. Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті осы шешімде көрсетілген азаматтар санатына қосымша жеңілдіктер көрсету үшін жыл сайын қала бюджетінде халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсетуге ақшалай қаражат қарастырсын.
      3. Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті осы шешімде көрсетілген азаматтар санатына қосымша жеңілдіктер көрсету үшін бөлінген ақшалай қаражаттың мақсатты орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер мен денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Б. Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.

      IIІ сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты XXX сессиясының
      төрағасы                           С. Лебедев

      IIІ сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты хатшысы                  Т. Мұқашев

О дополнительных льготах, предоставляемых гражданам, работавшим на предприятиях, в учреждениях и организациях города Ленинграда в период его блокады и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", проживающим в городе Алматы

Решение XXХ сессии Маслихата города Алматы III созыва от 5 июня 2007 года N 353. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Алматы 25 июня 2007 года за N 747. Утратило силу решением Маслихата города Алматы от 14 сентября 2012 года № 56

      Сноска. Утратило силу решением Маслихата города Алматы от 14.09.2012 № 56 (вступает в силу с 01.01.2013).  

      В соответствии с подпунктом 5 пункта 1 статьи 52 Бюджетного  Кодекса Республики Казахстан, со статьей 20 Закона Республики Казахстан "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним", подпунктом 15 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", маслихат города Алматы III-го созыва РЕШИЛ:
      1. Поддержать предложение акима города Алматы о предоставлении гражданам, работавшим на предприятиях, в учреждениях и организациях города Ленинграда в период его блокады и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" и знаком "Житель блокадного Ленинграда", проживающим в городе Алматы, следующих дополнительных льгот:
      1) бесплатный проезд один раз в два года в город Санкт-Петербург и обратно на воздушном транспорте;
      2) ежегодно оказывать единовременную материальную помощь в размере 5 тысяч тенге.
      2. Департаменту экономики и бюджетного планирования ежегодно предусматривать в бюджете города на социальное обеспечение и социальную помощь населению денежные средства, для оказания дополнительных льгот категории граждан, указанной в данном решении.
      3. Департаменту занятости и социальных программ обеспечить целевое исполнение выделенных денежных средств на оказание дополнительных льгот категории граждан, указанной в настоящем решении.
      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по социальным вопросам и здравоохранению (Тажиев Е.Б.) и первого заместителя акима города Алматы Букенова К.А.

      Председатель XXX-й сессии
      маслихата города Алматы
      III-го созыва                          С. Лебедев 

      Секретарь маслихата
      города Алматы III-го созыва           Т. Мукашев