Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2012.09.14 № 56 шешімімен (01.01.2013 бастап күшіне енеді).
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына сәйкес IIІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы әкімінің Ленинград құрсауда болған кезеңде қаланың кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс жасаған және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалі мен "Құрсаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға қосымша келесі жеңілдіктер беру туралы ұсынысына қолдау жасалсын:
1) әуе көлігімен Санкт-Петербург қаласына екі жылда бір рет тегін барып қайтуына;
2) жыл сайын 5 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілсін.
2. Алматы қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті осы шешімде көрсетілген азаматтар санатына қосымша жеңілдіктер көрсету үшін жыл сайын қала бюджетінде халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсетуге ақшалай қаражат қарастырсын.
3. Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті осы шешімде көрсетілген азаматтар санатына қосымша жеңілдіктер көрсету үшін бөлінген ақшалай қаражаттың мақсатты орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер мен денсаулық сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е.Б. Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
IIІ сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XXX сессиясының
төрағасы С. Лебедев
IIІ сайланған Алматы қаласы
мәслихаты хатшысы Т. Мұқашев