Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы"Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар үшін мемлекеттік дәрігерлік - әлеуметті қызмет көрсетуге ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Қала әкімі
Петропавл қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1968 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар үшін
мемлекеттік дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге ресімдеу"
1. Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар үшін мемлекеттік дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - ішінара автоматтандырылған
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз - Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар үшін мемлекеттік емес дәрігерлік- әлеуметтік ұйымдарда және мемлекеттік дәрігерлік- әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген 2005 жылғы 1 желтоқсандағы "Мемлекеттік дәрігерлік- әлеуметтік мекемеде әлеуметтік қызмет көрсету бағытында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) уәкілетті орган жүзеге асырады" N 306-п Үлгі ережесінің 3-бабы 8-тармағы.
4. Мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынады.
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) - хабарлама.
6. Мемлекеттік қызмет мүгедек балаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері - 30 күнтізбелік күннен кем емес.
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы екендігін немесе тегіндігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құнын, төлеу нысандарын, мемлекеттік қызметтің құнын (алым, төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттардың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету: тегін.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орны:
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй.
10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін , үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары - күту залы, мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін - пандус, отыру орындары.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) баланың ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші;
2) тууы туралы куәлік немесе жеке куәлігі;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлік;
4) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
5) мүгедектігі туралы анықтамадан жазылған үзіндінің көшірмесі;
6) медициналық карта;
7) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы;
8) амбулаторлық картадан көшірме;
9)мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан жазылған үзіндінің көшірмесі.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. -ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.-ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.
Ескерту. 12 тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1528 қаулысымен
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй. N 11, N 12 кабинеттер.
15. Тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырғаннан соң мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға қабылдау уақыты мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16. Қызмет көрсету тәсілі - баланың ата-аналары (заңды өкілдері).
Мемлекеттік қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекенжай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 8 кабинет.
Ескерту. 16 тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1528 қаулысымен
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұруға негіз - қасақана жалған мәліметтер мен құжаттарды беру.
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
қызмет көрсету тәртібі туралы толық және жан-жақты ақпарат алу;
сыпайылық, жауапкершілік және кәсібилік;
өтінішті және оған қоса берілетін белгіленген үлгідегі бланкілердің тегін алу
қабылданған шешім туралы хабарлама алу, қабыл алмаған жағдайда хабарламада қабыл алмау себептері көрсетіледі.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін лауазымдық тұлғалардан алуға болады: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 24 кабинет, телефон: 34-47-18, электрондық почта мекенжайы:gu pavl@mail.online.kz.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, 24 кабинет.
22. Шағым беріледі:
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның мекенжайы: gu pavl@mail.online.kz.
жоғары тұрған ұйымдарға;
суд.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжат: жүгінудің қабылданғаны туралы талон, азаматтардың жүгінулерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алу орны: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның мекенжайы: gu pavl@mail.online.kz.
24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй,N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18 электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, электрондық почтаның адресі : gu pavl@mail.online.kz.
25. Тұтынушы үшін қосымша қызметтер туралы ақпарат - мүгедек балаларды Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар үшін мемлекеттік дәрігерлік- әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу мүмкіндігі.