Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар үшін мемлекеттік дәрігерлік - әлеуметтік қызмет көрсетуге құжат ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" N 1968 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-95, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5-6 сандары, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 саны) мынадай өзгерістер енгізілсін:
12 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) баланың ата-анасының (заңды өкілінің) өтініші;
2)тууы туралы куәлік немесе жеке куәлігі;
3)салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлік;
4) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
5) мүгедектігі туралы анықтамадан жазылған үзіндінің көшірмесі;
6) медициналық карта;
7) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы;
8) амбулаторлық картадан көшірме;
9)мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан жазылған үзіндінің көшірмесі.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. - ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.-ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27".
16 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"16. Қызмет көрсету тәсілі - баланың ата-аналары (заңды өкілдері).
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекен-жай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 11, N 12 кабинеттер.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің м.а. Т. Құлжанова