Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тiзілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Петропавл қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1974 қаулысымен
бекітілген
"Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу"
мемлекеттік қызметін көрсетудің үлгі стандарты
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы - Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз - Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" N 39-ІІІ заңының 29 бабы 6 тармағы "Мүгедек балаларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа оқу орындарында тәрбиелеу және оқытуды жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда,ата-ана немесе заңды өкілдердің тілегін ескере отырып, Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен үйде тәрбиеленеді және оқытылады"; Петропавл қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі N 503 қаулысымен бекітілген Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету ережелерінің 1 бабы 2 тармағы "Әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті орган "бұдан әрі -уәкілетті орган" - "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
4. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35.
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі):
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін өтініш берушінің жеке ісі
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты:
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек баланың ата-анасы бірінің, немесе оның заңды өкілінің әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тұтынушы тапсырған кезден (талон алуға тіркелген кезден және т.с.с.) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 10 күні.
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (талон алуға тіркелу кезінде және т.с.с.) кезекте күту уақытының барынша мүмкіндігі: 15 минут.
3) құжаттарды алу кезінде кезекте күту уақытының барынша мүмкіндігі, мемлекеттік қызмет алушы ретінде файл мөлшерінің барынша мүмкіндігі: 15 минут.
Ескерту. 7 тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1524 қаулысымен
8. Мемлекеттік қызмет: Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу мемлекеттік қызметі тегін беріледі.
9. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету стандарты "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ғимаратының стендінде орналастырылған, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 31, N 32 кабинеттер.
10. Жұмыс кестесі: сейсенбіден жұмаға дейін; сағат 9.00-ден сағат 13.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
11. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ғимаратында арбашадағы мүгедектердің кіруі үшін пандус, күту залында отыру орындары, құжаттар дайындау үшін үстелдер, ақпараттық стенд.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
1) қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түп нұсқа мен көшірмесі);
3) тұрғылықты орнын және отбасы құрамын анықтайтын құжат.
4) мүгедектігін белгілеу туралы медиктік-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы (түп нұсқа);
5) уәкілетті білім органы жанындағы Ведомство аралық психологтік-медиктік-педагогтік комиссия берген мүгедек баланы үйде оқыту қажеттігі туралы қорытынды (түп нұсқа);
6) бала тууы туралы куәлік (түп нұсқа мен көшірмесі);
Өтінішке қамқоршы (қорғаншы) куәлігі немесе қамқоршы (қорғаншы) белгілеу туралы қамқоршы (қорғаншы) органдары шешімінің көшірмесі қоса беріледі.
Құжаттар салыстыру үшін көшірмесімен қоса түп нұсқасы қоса ұсынылады, содан кейін түп нұсқасы өтініш иесіне қайтарылып беріледі.
Құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасы көшірмесімен бірге ұсынылады, одан кейін түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет сайтқа сілтемені не бланк берілетін орынды (өтініш нысандарды және т.с.с) көрсету.
Бланктер "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде беріледі; мекен-жайы:
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 31, N 32 кабинеттер.
14. Қажетті толық құжаттар топтамасымен өтініш "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беріледі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 31, N 32 кабинеттер, телефон 34-00-55.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат өтініш талоны беріледі.
16. Қызмет көрсетудің тәсілі - баланың ата-аналары (заңды өкілдері) немесе медициналық ұйымдардың қолдаухаты.
Мемлекеттік қызмет көрсету (көрсетпеу) туралы хабарлама пошта арқылы жіберіледі немесе Казахстанская правда көшесі, 35, N 31, N 19 мекенжайдағы "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінен өзі барып алады.
Ескерту. 16 тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1524 қаулысымен
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздерінің толық тізбесі:
1) өтініш беруші мәліметтерінің жалғандығы;
2) ұсынылған құжаттардың сәйкессіздігі.
18. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінген азаматтар:
1) Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы толық және жан-жақты ақпарат алуға;
2) бөлім мамандарының әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне;
3) белгіленген үлгіде тегін өтініш алуға;
4) банк шотына тағайындалған төлемдерді тоқсан сайын аударуға сенім білдіреді.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Үлгі стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Лауазымдық тұлғаның іс-әрекетіне шағымдану "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшыларына тікелей жүгіну арқылы жүргізіледі.
Мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 31, N 32 кабинеттер, телефон 34-00-55.
22. Шағым беріледі:
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысына немесе орынбасарына беріледі, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 27 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 31-11-35;
"Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжат - кесілген талон.
24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, электрондық почтаның адресі: gu pavl@mail.online.kz.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18 электрондық почтаның адресі: gu pavl@mail.online.kz.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарлары, N 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, N 27 кабинет, телефоны 31-11-35.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бөлімінің бастығы телефоны 34-00-55, N 32 кабинет.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бөлімі N 19, N 31, N 32 кабинеттер.
"Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Абай көшесі, телефон 46-56-48, N 213 кабинет.