Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1974 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 1524 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 9 қазандағы N 13-1-134 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1825 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының»"Нормативтік құқықтық актілер туралы"» 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының  28-бабына сәйкес, қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің»"Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу"»мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1974   қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-105,»"Проспект СК"»газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5-6 сандарында,»"Қызылжар нұры"»газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      7 тармақтың 1) тармақшасындағы»жұмысшыларды»сөзі алынып тасталсын.
      16 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "16. Қызмет көрсетудің тәсілі - баланың ата-аналары (заңды өкілдері) немесе медициналық ұйымдардың қолдаухаты.
      Мемлекеттік қызмет көрсету (көрсетпеу) туралы хабарлама пошта арқылы жіберіледі немесе Казахстанская правда көшесі, 35, N 31, N 19 мекенжайдағы»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінен өзі барып алады."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қала әкімінің м.а.                  Т. Құлжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады