Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңының
27 бабын басшылыққа
алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы
N 1044 "Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту
мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу
ережесін бекіту туралы"
қаулысын
іске асыру мақсатында облыс
әкімияты қаулы етеді
:
1. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 7 ақпандағы N 42 қаулысымен
бекітілген Атырау қаласы және Атырау облысының электр желілерін
перспективалық дамыту жоспары негізінде 2007-2010 жылдардағы
кезеңге арналған қосымша қосылатын электр қуатының бірлігі (1 кВт.)
үшін төлемнің мөлшері 70 528 (жетпіс мың бес жүз жиырма сегіз) теңге 56 (елу алты) тиын мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту: өзгерту енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 2007.12.24 N 293, 2009.01.05
N 1
қаулыларымен.
2. "Атырау-Жарық" акционерлік қоғамына (келісім бойынша)
электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен
кеңейту үшін шығындарды өтеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 8 қазандағы N 1044 "Электр энергетикасы қондырғылары
объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу
және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы"
қаулысына
сәйкес
жүзеге асыру ұсынылсын.
3. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 6 наурыздағы N 79 "Қосымша
қосылатын электр қуатының бірлігі үшін төлемнің мөлшері туралы"
қаулысы (Облыс әкімиятының 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 321 "Облыс
әкімиятының 2006 жылғы 6 наурыздағы N 79 "Қосымша қосылатын электр
қуатының бірлігі үшін төлемнің мөлшері туралы" қаулысына өзгеріс
енгізу туралы қаулысы) жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші
орынбасары С.Қ.Еңсегеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он
күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкімі