Облыс әкімиятының 2007 жылғы 16 наурыздағы N 76 "Қосымша қосылатын электр қуатының бірлігі үшін төлемнің мөлшері туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2009 жылғы 13 ақпанда N 2542 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 62 қаулысымен.

       Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексі 268 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімиятының 2007 жылғы 16 наурыздағы N 76 қосымша қосылатын электр қуатының бірлігі үшін төлемнің мөлшері туралы" қаулысына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2485 тіркелген, 2007 жылғы 19 сәуірдегі "Атырау" газетінің N 44 жарияланған, облыс әкімиятының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 293 "Облыс әкімиятының 2007 жылғы 16 наурыздағы N 76 "Қосымша қосылатын электр қуатының бірлігі үшін төлемнің мөлшері  туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысымен өзгеріс енгізілген, Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2502 тіркелген, 2008 жылғы 24 қаңтардағы "Атырау" газетінің N 9 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтағы "71 158 (жетпіс бір мың жүз елу сегіз) теңге 28 (жиырма сегіз) тиын" деген сөздер "70 528 (жетпіс мың бес жүз жиырма сегіз) теңге 56 (елу алты) тиын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары  Б.А.Дәукеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2009 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Облыс әкімі                   Б. Рысқалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады