Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Күші жойылды – Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 17.03.2016 № 58/449-5с шешiмiмен.
Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн қосымша реттеу туралы ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзудiң тәртiбi туралы" Заңының 10 бабын басшылыққа алып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, көлiктiң, инфрақұрылым объектiлерiнiң толассыз жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды Шымкент қаласында өткізу орны мекен жай бойынша: Шымкент қаласы Абай саябағының "Даңқ" мемориалы алдындағы алаңша, "Асбестоцемент комбинаты" акционерлік қоғамының алдындағы алаңша және "Наурыз" алаңы болып белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 46/331-5с шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2. Бұл шешiм "Шымкент келбетi" және "Панорама Шымкента" газеттерiнде ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк мерзiмнен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Н. Бекназаров |
Қалалық мәслихат хатшысы | К. Халметов |