Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" № 41/413-3с шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 58/449-5с шешiмi

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабының 2-тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі № 41/413-3с "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-59 тіркелген, 2007 жылғы 3 тамызда № 31 "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) және Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 46/331-5с "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі № 41/413-3с шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3100 тіркелген, "Шымкент келбеті" газетінде 2015 жылғы 3 сәуір № 14 жарияланған шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б.Салимов
      Қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады