"Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі № 41/413-3с шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 46/331-5c шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 3100 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 58/449-5с шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 17.03.2016 № 58/449-5с шешiмiмен.
      "Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына сәйкес және өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі № 41/413-3с "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-59 тіркелген, 2007 жылғы 3 тамызда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
       1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды Шымкент қаласында өткізу орны мекен жай бойынша: Шымкент қаласы Абай саябағының "Даңқ" мемориалы алдындағы алаңша, "Асбестоцемент комбинаты" акционерлік қоғамының алдындағы алаңша және "Наурыз" алаңы болып белгіленсін."
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы, қалалық
      мәслихат хатшысы Н.Бекназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады