Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қалалық мәслихатының 2010.03.31 N 33/307-4с Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңының 97-бабының 2-тармағына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15-маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшада тiркелген Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй көмегiн беру Қағидасы бекiтiлсiн.
2. Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылдың 29 наурыздағы N 37/356-3с "Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй көмегiн беру Қағидасы туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу Тiзiмiнде N 14-1-53 тiркелген, "Шымкент келбетi", "Панорама Шымкента" газеттерiнде 2007 жылдың 18 мамырдағы N 20 жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Бұл шешiм "Шымкент келбетi" "Панорама Шымкента" газеттерiнде алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк мерзiмнен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрайымы
Қалалық мәслихат
хатшысы
Шымкент қалалық мәслихатының
22 қазан 2007 жылғы N 4/23-4с
шешiмiмен бекiтiлген
Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етiлген азаматтарға
тұрғын үй көмегiн беру
Қ А Ғ И Д А С Ы
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" N 553 қаулысына сәйкес жасалды.
1. Тұрғын үй көмегi халықты әлеуметтiк қорғау түрiнiң бiрi болып табылады. Тұрғын үй көмегi аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау, коммуналды қызмет, байланыс қызметтерiне ақы төлеу және кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу шығындарына өтемақы жүргiзу үшiн берiледi.
2. Тұрғын үй көмегi аз қамтамасыз етiлген отбасыларға егер, тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтерiне төлем шығындары (тұрғын үй алаңының әлеуметтiк нормасы мен коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi шегiнде) және тұтыну түбiртектерi отбасының жиынтық табысының 20 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрiнде төленедi. Бекiтiлген нормадан жоғары тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер үшiн төлемдi азаматтар жалпы негiздерде жүргiзедi.
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгiленген отбасының әрбiр мүшесiне тұрғын үй беру нормасымен баламды. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу шығынына өтемақыға тұрғын үй көмегiн тағайындауда, есеп кондоминиум объектiсi мүшесiнiң тiркелген үлесiне сәйкес жүргiзiледi. Тұрғын үй көмегiне өтемақы оның көлемiне қарамастан бiр жолғы төлемақы түрiнде жүргiзiледi.
2-Тарау. Тұрғын үй көмегiн тағайындау шарты
4. Тұрғын үй көмегi қалада тұрақты тұратын және меншiк нысанына қарамастан ( жекешелеген тұрғын үйдi ұстаудан басқа) тұрғын үйдiң меншiк иесi немесе пайдаланушы ( жалға алушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады. Тұрғын үй көмегi:
1) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерiн, байланыс қызметтерiн пайдалануға;
2) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге, жобалық-сметалық құжаттарын жасауға және мемлекеттiк экспертизалық жұмыстардың шығындарына кондоминиум мүшелерiнiң үлестерiне сәйкес өтемақы жүргiзу үшiн берiледi.
5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын үйi ( пәтерлер, тұрғын үйi) бар немесе тұрғын жайды жалдаушы немесе жалға берушiлер, сондай-ақ, жалға алушы тұлғалар тұрғын үй көмегiн алу құқығын жоғалтады.
Отбасында күтудi қажет етедi деп танылған І, ІІ топтары мүгедектердi, 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларды, 80-жастан асқан егде адамдарды күтiп бағып отырған немесе 7 жасқа дейiнгi ( бiр және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа, жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқыту бөлiмiнде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтiн және жұмыспен қамту орталығында тiркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй көмегiн алуға құқы болмайды.
6. Тұрғын үй көмегi ақшалай төлем түрiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтерiн, байланыс қызметтерiн тұтыну үшiн төлемақы тұрғын үйдi жалдаушыға (меншiк иесiне) есептелген сомамен салыстырғанда берiледi.
Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргiзуге тұрғын үй көмегi ақшалай түрде тұтынушының Халық банкiсiнiң филиалындағы есеп шотына жiберiледi немесе жиналыс шешiмiне сәйкес алушылар тiзiмi бойынша кондоминиум объектiсiн басқарушы органның жинақ есебiне немесе үш жақты келiсiм-шарты бойынша құрылыс жүргiзушi мердiгер мекеменiң есеп шотына жiберiледi.
7. Тұрғын үй және коммуналдық қызметтерiн, байланыс қызметтерiн тұтынуға жеңiлдiктерi бар және осымен бiр мезгiлде тұрғын үй көмегiн алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтiк қорғау нысандарының бiрiн таңдау мүмкiндiгi берiледi. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргiзуге тұрғын үй көмегi пайдаланылатын жеңiлдiктерiне қарамастан үлестерiне сәйкес берiледi.
8. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу бойынша шығынға жүргiзiлген өтемақы кондоминиум қатысушысы ретiнде төлемдердi (жарналарды) үнемi төлеп отырған жағдайда толық көлемде қайтарылып отырады.
9. Тұрғын үй көмегiне қажеттi құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
10. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берiлген айдан бастап ағымдағы жылдың соңына дейiн ( 31 желтоқсанға дейiн) тағайындалады. Тұрғын үй көмегiн алушыларды қайта тiркеу рәсiмдеудiң алғашқы процедурасы секiлдi жүргiзiледi.
Отбасының тұрғын үйдi ұстау, коммуналдық қызметтердi және байланыс қызметтерiн тұтынуға төлемнiң жұмсалуына жол беруге болатын шектi шығындар үлесi, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтерi өзгерген кезде тұрғын үй көмегiн тағайындау бөлiмi бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеулер жүргiзедi.
11. Тұрғын үй көмегiн алушылар өз тұрғын үйiнiң меншiк нысанына, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерiстер туралы, сондай-ақ көмек дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы тұрғын үй көмегi бөлiмiн 15 күн iшiнде хабардар етуге тиiс.
Тұрғын үй көмегiн тағайындау бөлiмiне жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәлiметтердi әдейi бергенi үшiн жалға алушы ( меншiк иесi) бiр жыл бойы тұрғын үй көмегiн алу құқығынан айырылады. Тұрғын үй көмегi ретiнде заңсыз алынған сомалар заңды тәртiппен қайтарылуға жатады, меншiк иесi бас тартқан жағдайда төленген соманы қайтару сот тәртiбiмен шешiледi.
12. Тағайындалған тұрғын үй көмегi бойынша рәсiмделген құжаттардың дұрыс еместiгi үшiн қызметкерлер жiберген қателiгiне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгiленген тәртiп бойынша жауапкершiлiкке тартылады.
3-Тарау. Тұрғын үй көмегiн есептеу
13. Тұрғын үй көмегiн тағайындау туралы шешiмдi Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi жанында құрылған комиссия тұрғын үйдi ұстауға және коммуналды қызметтердi, байланыс қызметтерiн пайдаланатын жеке тұлғалардың төмендегi құжаттарының негiзiнде қабылдайды:
1) тұрғын үй меншiк иесiнiң (жалға алушының) өтiнiшi;
2) Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнен жылжымайтын мүлкiнiң жоқтығы туралы (барлығы) ақпаратты анықтама;
3) отбасы құрамы туралы анықтама немесе жаңа үлгiдегi азаматтарды тiркеу кiтабы;
4) тұрғын жайға құқылығын растайтын құжат (жекешелендiру шарты, сыйға тарту шарты, сату-сатып алу шарты, пәтер планы ж.б.);
5) табысы туралы анықтама (зейнетақы, жәрдемақы, шәкiртақы алимент, еңбекақы, күндiзгi бөлiмде оқитындығы туралы анықтама), жұмыссыз ретiнде тiркелгендiгi туралы анықтама отбасында жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтiн еңбекке жарамды адамдары бар);
6) қалалық телекоммуникациялар желiсiнiң абоненттерi екендiгiн растайтын шарт;
7) көмек тағайындалатын мезгiлге барлық коммуналдық қызмет түрлерiне және байланыс қызметiне төлеген шығындарының түбiртектерi (квитанция);
8) балалардың туу туралы, неке туралы, немесе бұзылғандығы туралы, 4 үлгi, әкелiгiн анықтайтын куәлiктерi, еңбек кiтапшасы - көшiрмелерi;
9) жекеменшiк иесiмен бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң жеке бастарын растайтын құжаттары:
10) СТК (түпнұсқа, көшiрме);
11) ӘЖК (түпнұсқа, көшiрме);
12) жинақ кiтапшасы-көшiрмесi.
14. Кондоминиум объектiсiнiң жалпы мүлкiн күрделi жөндеу бойынша шығындарға өтемақы төлеу үшiн тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға қажеттi құжаттар:
1) Кондоминиум объектiсiнiң мүшесi ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi туралы куәлiгi;
2) сараптамадан өткен, жобалау және сараптамадан өткiзетiн мекемелердiң мөрлерiмен куәландырылған, әрбiр жөндеу жұмыстарының түрiне есептiк-сметалық құжат;
3) жекеменшiк иесi мен күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзетiн мекеменiң өзара жасасқан шартының көшiрмесi;
4) кондоминиум мүшесiнiң мәртебесiн растайтын құжат - кондоминиум мүшесiнiң үлес мөлшерi көрсетiлген техникалық паспорты;
5) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн жөндеуден өткiзгеннен кейiнгi қабылдау-тапсыру актiсiнiң көшiрмесi;
6) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу бойынша шығынға жүргiзiлген өтемақы кондоминиум қатысушысы ретiнде төлемдердi (жарналарды) төленгендiгi туралы анықтама-өтiнiш.
15. Ақпараттардың нақты еместiгiне (жалғандығына) күмән туындаған жағдайда, тұрғын үй көмегiн тағайындау бөлiмi тұрғын үй көмегiн алуға үмiткерлердiң кiрiсi туралы ақпаратты заңды және жеке тұлғалардан сұратуға құқылы.
16. Тұрғын үй көмегi:
1) тұрғын үй алаңы мен коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi және осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының өтемi жол беруге болатын шектi деңгейi бойынша нақты түбiртектер негiзiнде көрсетiледi;
2) абоненттiк ақы тарифiнiң арттырылу бөлiгiндегi мөлшерi телефон үшiн абоненттiк ақының көбеюi айырмасынан асырылмайды;
3) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге өтемақы, жобалық-сметалық және мемлекеттiк сараптамалық жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар есебiмен толық көлемде өтеледi.
Отбасының жиынтық табысына өткен тоқсандағы табыстың барлық түрлерi (тұрғын үй көмегi мен атаулы мемлекеттiк әлеуметтiк көмектен, 18 жасқа дейiнгi балалы отбасыларға жәрдем ақы, туылған балаларға және жерлеуге берiлетiн бiр реттiк төлем ақыдан басқа) кiредi.
4-Тарау. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру көздерi
17. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру қалалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады.(байланыс қызметiн тұтынудан басқа) Байланыс қызметiн тұтынуға төленетiн қаржы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
18. Тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған есептiк-нормативтiк шығындар Қазақстан Республикасы Агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу басқармасының ұсынған деректерiмен, ал байланыс қызметi бойынша Оңтүстiк Қазақстан облысының телекоммуникация дирекциясының ұсынған деректерi негiзiнде жүргiзiледi.
19. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi комиссия шешiмi негiзiнде берiлетiн көмектiң сомасын көрсете отырып, көмек алушылардың тiзiмiн жасайды және ай сайын Шымкент қаласының қаржы бөлiмiнiң бюджет орнын толтыруға көмек сомасына қажеттiлiктi тапсырады, байланыс қызметi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы негiзiнде жүргiзiледi. Қалалық қаржы бөлiмi, облыстық уәкiлеттi орган аталған қаржыны еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының арнайы есеп-шоттарына жiбередi, ол өз кезегiнде көмек алушылардың екiншi деңгейдегi банктердiң бөлiмшелерiндегi есеп-шоттарына атаулы түрде, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу бойынша шығындарын қоспағанда, аударады.