Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2009.10.22 N 4/23-4c Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15-маусымдағы N 553 "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшада ұсынылған Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы бекітілсін.
2. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 29 қарашадағы N 12/114-3с "Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық және байланыс қызметтерін көрсетуге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелері туралы көмегін беру Қағидасы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде N 1600 тіркелген, "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде 2004 жылдың 24 сәуірдегі N 51-52 жарияланған) шешімі, қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 16/161-3с "Қалалық мәслихаттың 2004 жылдың 29-қарашадағы N 12/114-3с "Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық және байланыс қызметтерін көрсетуге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру Ережелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде N 14-1-3 тіркелген, "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде 2005 жылдың 20 мамырдағы N 20 жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
3. Бұл шешім "Шымкент келбеті" және "Панорама Шымкента" газеттерінде алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік мерзімнен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қалалық мәслихат
хатшысы
Шымкент қалалық мәслихатының
2007 жылғы 29 наурыздағы
N 37/356-3с шешімімен бекітілген
Шымкент қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген
азаматтарға тұрғын үй көмегін беру
Қ А Ғ И Д А С Ы
Осы Қағида "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулысына сәйкес әзірленді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналдық, байланыс қызметтеріне ақы төлеу және кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтем жүргізу үшін беріледі.
2. Тұрғын үй көмегі Шымкент қаласында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары (тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде) және байланыс қызметтерін тұтыну түбіртектері отбасының жиынтық табысының 25 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде төленеді. Бекітілген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер үшін ақы төлеуді азаматтар жалпы негіздерде жүргізеді.
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды.
2-тарау. Тұрғын үй көмегі тағайындау шарты
4. Тұрғын үй көмегі қалада тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан ( жекешелеген тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы ( жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі ( пәтерлер, тұрғын үйі) бар немесе тұрғын жайды жалдаушы немесе жалға берушілер, сондай-ақ, жалға алушы тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған І, ІІ топтары мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтіп бағып отырған немесе 8 жасқа дейінгі ( бір және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа, жұмыс істемейтін, күндізгі оқыту бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.
6. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде атаулы тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтер тұтыну үшін төлемақыны тұрғын үйді жалдаушыға (меншік иесіне) есептелген сомамен салыстырғанда азайту ретінде беріледі.
7. Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу жөнінде жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі.
8. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға жүргізілген өтем кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарналарды) үнемі төлеп отырған жағдайда толық көлемде қайтарылып отырады.
9. Кондоминиум қатысушысы ретінде өткен тоқсандардың төлемдері (жарналары) бойынша төлем ақы жүргізілмесе немесе төлем ақы жартылай жүргізілген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
10. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін ( 31 желтоқсанға дейін) тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу рәсімдеудің алғашқы процедурасы секілді жүргізіледі.
Отбасының тұрғын үйді ұстау тұрғын үй коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеуге жұмсалынуына жол беруге болатын шекті шығындар үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтері өзгерген кезде тұрғын үй көмегі бөлімі бұрын тағайындаған көмекке қайта есептеулер жүргізеді.
11. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанына, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмек дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы тұрғын үй көмегі бөлімін 15 күн ішінде хабардар етуге тиіс.Тұрғын үй көмегі бөліміне жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін жалға алушы( меншік иесі) бір жыл бойы тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңды тәртіппен қайтарылуға жатады.
12. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бойынша рәсімделген құжаттардың дұрыс еместігі үшін қызметкерлер жіберген қателігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
3-тарау. Тұрғын үй көмегін есептеу
13. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында құрылған комиссия тұрғын үйді жалға алушының( меншік иесі), өтінішінің және оған қоса берілетін отбасы құрамы, табысы туралы анықтаманы( зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, алимент, еңбекақы.) жұмыссыз ретінде тіркелу жөніндегі анықтама (отбасында жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін еңбекке жарамды адамдары бар), жекешелендіру туралы келісім шарты немесе ордері ( пәтердің немесе үйдің жоспары) қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненттері болып табылу фактісін растайтын шарт, көмек тағайындалатын мезгілге барлық коммуналдық қызмет түрлеріне және байланыс қызметіне төлеген шығындарының түбіртектері ( квитанция) сияқты құжаттар негізінде қабылдайды.
14. Ақпараттың растығына күдік туған жағдайда тұрғын үй көмегін көрсету бөлімі сұрау салуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғаның табысы туралы ақпарат беруге міндетті.
15. Көмек мөлшері тұрғын үй алаңы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері негізінде және осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі. Тұрғын үй көмегінің абоненттік ақы тарифінің арттырылу бөлігіндегі мөлшері телефон үшін абоненттік ақының көбеюі айырмасынан асырылмайды.
Отбасының жиынтық табысына өткен тоқсандағы табыстың барлық түрлері (тұрғын үй көмегі мен атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмектен және өлі туылған баланы жерлеуге берілетін бір реттік төлем ақыдан басқа) кіреді.
4-тарау. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
16. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру қалалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.(байланыс қызметін тұтынудан басқа) Байланыс қызметін тұтынуға төленетін қаржы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
17. Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалатын есептік нормативтік шығындарды анықтау Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы ұсынған деректер негізінде жүргізіледі. Байланыс қызметін тұтыну бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының телекоммуникация дирекциясының деректері негізінде жүргізіледі.
18. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссия шешімі негізінде берілетін көмектің сомасын көрсете отырып, көмек алушылардың тізімін жасайды және ай сайын Шымкент қаласының қаржы бөлімінің бюджет орнын толтыруға көмек сомасына қажеттілікті тапсырады, байланыс қызметі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы негізінде жүргізіледі. Қалалық қаржы бөлімі, облыстық уәкілетті орган аталған қаржыны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының арнайы есеп-шоттарына жібереді, ол өз кезегінде көмек алушылардың екінші деңгейдегі банктер бөлімшелеріндегі есеп-шоттарына атаулы түрде аударады.