Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.07.03 № 4/63-V шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі N 24/388-ІІІ шешіміне (N 2452 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген 2007 жылғы 7 тамыздағы N 94-95 "Дидар", 2007 жылғы 7 тамыздағы N 118 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармағындағы төртінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға";
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2007 жылғы 01 шілдеден бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады.";
3) аталған шешіммен бекітілген Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқаулықтағы:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4)-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
5) 1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латыш ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар;
6) басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер;
7) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары";
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы нұсқаулықтың 1 тармақтың 1)-3) тармақшасында аталған азаматтарға материалдық көмек 5000 теңге мөлшерінде ұсынылады.
Осы нұсқаулықтың 1 тармақтың 4)-7) тармақшасында аталған азаматтарға материалдық көмек 2000 теңге мөлшерінде ұсынылады.".
2. Осы шешім оның ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 01 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға таралады.
Сессия төрағасы
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы