Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.04.02 N 506 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 419 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы" (тіркеу нөмірі 2411) қаулысын басшылыққа ала отырып, мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласының жұмыс берушілеріне мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орынының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Өскемен қаласының әкімі