Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 02 сәуірдегі N 506 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2012 жылғы 04 мамырда N 5-1-185 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы N 6214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 28.03.2013 N 6214 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 1224 «Өскемен қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы» (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5-1-54 тiркелген, 2007 жылғы 23 қаңтардағы № 4 «Дидар», 2007 жылғы 25 қаңтардағы № 11-12 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының
      әкімі                              С. Тәукебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады