Өскемен қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қаңтардағы N 1224 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2007 жылғы 12 қаңтарда N 5-1-54 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 02 сәуірдегі N 506 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2012.04.02 N 506 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының  31-бабының 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының  31-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының  7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 7 желтоқсандағы N 419 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы" (тіркеу нөмірі 2411) қаулысын басшылыққа ала отырып, мүгедектерді жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласының жұмыс берушілеріне мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орынының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін. 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді. 

      Өскемен қаласының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады