2008 жылға Өскемен қаласы тұрғындарының мақсатты топтарын анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 4218 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 16 қаңтарда N 5-1-76 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2009.03.05 № Ин-5/166 хатымен

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2009.03.05 № Ин-5/166 хатымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2008 жылға Өскемен қаласы тұрғындарының келесі мақсатты топтары анықталсын:
      1) жасы жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      2) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      3) кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуші, көп балалы, жалғыз басты ата-аналар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен, үнемі күтімді, көмекті және қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды күтіп ұстайтын азаматтар;
      5) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл бұрын);
      6) мүгедектер;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
      8) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) лажсыз емделуден босатылған адамдар;
      9) оралмандар;
      10) аз қамтылғандар;
      11) ағымдағы жылы оқуды аяқтаған оқу орындарының жиырма сегіз жасқа дейінгі түлектері.
      2. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын;
      2) халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

Өскемен қаласының әкімі



   

Об определении целевых групп населения города Усть-Каменогорска на 2008 год

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанского области от 13 декабря 2007 года N 4218. Зарегистрировано управлением юстиции города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области 16 января 2008 года за N 5-1-76. Утратило силу - в связи с истечением срока, на который оно было принято, на основании письма аппарата акима города Усть-Каменогорска от 05.03.2009 № Ин-5/166

       Сноска. Утратило силу - в связи с истечением срока, на который оно было принято, на основании письма аппарата акима города Усть-Каменогорска от 05.03.2009 № Ин-5/166.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", статьей 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

       1. Определить следующие целевые группы населения города Усть-Каменогорску на 2008 год:
      1) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      2) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      3) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      4) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      5)  лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      6) инвалиды;
      7) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      8) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      9) оралманы;
      10) малообеспеченные;
      11) выпускники учебных заведений в возрасте до двадцати восьми лет, завершившие обучение в текущем году.

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Усть-Каменогорска":
      1) принять меры по обеспечению временной занятости лиц, относящихся к целевым группам населения;
      2) обеспечить содействие в трудоустройстве лиц, относящихся к целевым группам населения.

      3. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Усть-Каменогорска