Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты күші жойылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2009.03.05 № Ин-5/166 хатымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылға Өскемен қаласы тұрғындарының келесі мақсатты топтары анықталсын:
1) жасы жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
2) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
3) кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеуші, көп балалы, жалғыз басты ата-аналар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен, үнемі күтімді, көмекті және қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды күтіп ұстайтын азаматтар;
5) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл бұрын);
6) мүгедектер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
8) бас бостандығынан айыру орындарынан және (немесе) лажсыз емделуден босатылған адамдар;
9) оралмандар;
10) аз қамтылғандар;
11) ағымдағы жылы оқуды аяқтаған оқу орындарының жиырма сегіз жасқа дейінгі түлектері.
2. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдансын;
2) халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі |