Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Төрағасының 07.09.2013 № 430 бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ»"Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережелерін және осы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы N 528 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы лицензиялау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы ақпараттық қызметіне жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Комитет Төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 28 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік
органдарында жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге
арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы
лицензиялау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге, ақпараттың тарылып кететін техникалық арналарын іздеуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, шығару, жөндеу және тарату үшін лицензия алудың құжаттарын қарау (бұдан әрі - лицензия), арнайы техникалық құралдарды импорттауға, экспорттауға арналған бір жолғы лицензияларды алу үшін өтініштерді келісу (бұдан әрі - АТҚ-ны импорттауға, экспорттауға арналған лицензия), импортталатын, экспортталатын тауарды арнайы техникалық құралдар қатарына жатқызу үшін техникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер пайдаланылады:
жедел іздестіру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар (бұдан әрi - АТҚ) - ақпарат алу үшін арнайы функциялары бар арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар, сондай-ақ ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын iздестіру құралдары.
АТҚ мынадай санаттарға бөлінеді:
ақпаратты жасырын және ашық алуға арналған АТҚ, - ақпаратты жасырын алу үшін арнайы функциялары бар арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар. Аталған АТҚ саласындағы қызмет тек жедел іздестіру қызметінің субъектілері үшін жүзеге асырылады;
ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіруге арналған АТҚ - ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын анықтау үшін арнайы әзірленген, бейімделген және бағдарламаландырылған техникалық құралдар. АТҚ-ны іздестіру саласындағы қызмет жедел іздестіру қызметінің субъектілері, сондай-ақ жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған АТҚ-ны жөндеу және іске асыру жөніндегі қызметті, ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіруді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар үшін жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер):
құжаттардың толықтығына және ондағы көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды алғашқы қарауды;
біліктілік сынағын өткізуді;
АТҚ-мен жұмыс істеуге өтініш берген адамдарға арнайы тексеріс өткізу, олардың біліктілік деңгейін және қызметтің мәлімделген түріне қойылатын талаптарға өтініш берушінің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларының сәйкестіктерін тексеруді;
импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізуді;
лицензияларды ресімдеуді және беруді;
АТҚ импортына, экспортына арналған лицензияларды алу үшін өтініштерді келісуді жүзеге асырады.
2. Лицензиялар алу үшін құжаттарды қарау және
біліктілік сынағын өткізу
4. Аумақтық бөлімшелерге лицензиялар алу үшін мынадай құжаттар жолданады:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорттау және импорттау операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жеке кәсіпкер үшін - өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
5) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы N 528 қаулысымен бекітілген Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау және осы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары ережелерінің (бұдан әрі - Ережелер) 1-қосымшасымен белгіленген үлгідегі сауалнамасы
6) штаттық кесте (заңды тұлғалар үшін);
7) АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген мамандардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын:
білімі жөнінде;
ғылыми-техникалық және инженерлік-техникалық қызметкердің мәлімделген қызмет саласындағы (кемінде үш жыл) жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген құрылтайшылардың, басшылардың және мамандардың Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары белгілеген тәртіппен оларға қатысты арнайы тексеру іс-шараларын жүргізуге жазбаша келісімі;
Егер құжаттардың көшірмелерін нотариус куәландырмаған болса, олар нотариусқа түпнұсқаларымен бірге ұсынылады.
5. Аумақтық бөлімшелер осы Нұсқаулықтың 4-тармағында аталған қажетті құжаттардың барлығын алысымен өтінішті лицензия алу үшін берілген өтініштерді тіркейтін журналға тіркейді (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының 1 нысаны ).
Лицензия алу үшін берілген барлық құжаттар лицензиаттардың істерін тіркейтін журналда тіркелетін өтініш берушінің ісіне жинақталады (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының 2-нысаны ).
6. АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген адамдардың білім деңгейлерін анықтау үшін аумақтық бөлімше жазбаша түрде біліктілік сынағын өткізеді.
Егер тестіден өтуші қойылған сұрақтардың 60 немесе одан да көп пайызына жауап берген жағдайда, біліктілік сынағы бойынша оң қорытынды жасалады.
Біліктілік сынағын алуға бөлінген уақыт 80 минутты құрайды.
7. Өтініш берушінің құжаттарын қарау және оның біліктілік талаптарына сәйкестігін зерделеу жөніндегі нәтижелерді аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппаратына жолдайды.
8. Лицензияны беру немесе бермеу туралы шешім өтінішті қоса берілген құжаттармен бірге алған күнінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
Лицензияға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы немесе ол тағайындаған адам қол қояды.
9. Лицензия қызметтің әр түріне оны жүзеге асырудың ерекше шарттарын көрсету арқылы бөлек беріледі және елтаңбалық мөрмен расталады.
10. Лицензия арнайы қорғалған бланкте ресімделеді. Лицензия бланкісі қатаң есепке алынатын құжат болып табылады, есептеу сериясы мен нөмірі бар.
11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты берілген лицензиялар Тізбесін жүргізеді (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының 3-нысаны ).
3. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензияны алу
үшін өтінішті келісу және техникалық зерттеу жүргізу
12. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу үшін өтініштер аумақтық бөлімшеге жолданады.
13. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу үшін өтініштер АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу үшін өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі (бұдан әрі - Журнал) (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының 4-нысаны ).
Аумақтық бөлімше сақтау үшін өтініштердің көшірмесін түсіреді.
14. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін өтініштер келісілген кезде мынадай негізгі мәселелер қаралады:
1) жедел іздестіру іс-қимылының субъектісін пайдаланушы соңғысы болып табылады ма;
2) АТҚ "ақпараттардың таралып кету арналарын іздеуге арналған" санатқа жатады ма.
15. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін өтініштерді келісу өтініштерге аумақтық бөлімше басшыларының немесе оның міндетін атқарушы адамның қолын және елтаңбалық мөр қойғызу жолымен ресімделеді.
16. Тауарларды АТҚ затына жатқызуды техникалық зерттеу:
1) бұйымның құрылымдық ерекшеліктері туралы мәліметтерді көрсете отырып, Ережелердің 2-қосымшасымен белгіленген нысанына сәйкес тауарды техникалық зерттеу үшін өтініштер;
2) қаралуы тиіс техникалық құжаттама немесе тауар үлгісі, жеткізіп беруге арналған келісім-шарттар (шарттар) көшірмелерінің негізінде жүргізіледі.
17. Импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді қабылдау азаматтар қабылдаудың белгілі бір сағаттарында емін-еркін кіріп-шыға алатын арнайы бөлінген орын-жайларда өткізіледі.
18. Осы Нұсқаулық 15-тармағының 2)-тармақшасында аталған құжаттармен қоса беріліп отырған импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді аумақтық бөлімше оларды алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды.
19. Техникалық зерттеу жүргізу барысында тауарлар осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында аталған АТҚ затына жатқызылу үшін зерттеледі.
Егер тауар АТҚ-ға жатқызылса, онда өтініштерге оны АТҚ-ға жатқызу/жатқызбау туралы мөртабан қойылады (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес).
20. Техникалық зерттеудің аяқталу нысаны мөртабан қойылған импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді беру болып табылады.
21. АТҚ импорты, экспорты үшін және импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді қарау нәтижелері Журналға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік органдарында жедел
іздестіру іс-шараларын өткізуге
арналған арнайы техникалық құралдар
саласындағы лицензиялау жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
1-нысан
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге, ақпараттың тарылып кететін
техникалық арналарын іздеуге арналған арнайы техникалық құралдарды
әзірлеу, шығару, жөндеу және тарату үшін лицензияларды алуға
жазылған өтініштерді тіркейтін журнал
Реттік тіркеу нөмірі |
Ұйымның атауы |
Лицензия қызметтің қай түріне талап етіледі |
Өтінішті қабыл- |
Алғандығы туралы орындаушының қолхаты, күні |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2-нысан
Лицензиаттардың істерін тіркеу журналы
Рет- |
Ұйымның атауы |
Лицензияның |
Істің нөмірі |
Қайда сақталады, кімге берілді |
Сақтауға |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
3-нысан
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге, ақпараттың тарылып
кететін техникалық арналарын іздеуге арналған арнайы техникалық
құралдарды әзірлеу, шығару, жөндеу және тарату үшін берілген
лицензиялардың тізілімі
Рет- |
Лицен- |
Лицен- |
Лицен- |
Жеке тұлғаның |
Заңды |
Қыз- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Лицензия- ның қол- |
Салық |
Төлем тапсыр- |
Лицензия- |
Лицензия- |
Лицензия- |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
4-нысан
Арнайы техникалық құралдар импортына, экспортына арналған
лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды арнайы
техникалық құралдар затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу
үшін өтініштерін тіркеу журналы
Рет-тік тір-кеу N |
Құжат-тың |
Өтінішті |
Құжат |
Өтініш |
Дана- |
Лицен- |
Өтініш |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік органдарында жедел
іздестіру іс-шараларын өткізуге
арналған арнайы техникалық құралдар
саласындағы лицензиялау жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған
арнайы техникалық құралдарға жататын тауарлар
Тауардың атауы |
СЭҚ ТН коды |
1. Акустикалық, бейне ақпараттарды алуға, |
8301700000 нан |
Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік органдарында жедел
іздестіру іс-шараларын өткізуге
арналған арнайы техникалық құралдар
саласындағы лицензиялау жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Мөртабандар баспа таңбаларының үлгілері
______________________________ ______________________________
| Жедел іздестіру іс-шараларын | | Жедел іздестіру іс-шараларын |
|жүргізу үшін арнайы техникалық| |жүргізу үшін арнайы техникалық|
| құралдарына ЖАТАДЫ | | құралдарына ЖАТПАЙДЫ |
| | | |
|Тегі_______________________ | | Тегі_______________________ |
| | | | |Қолы_______________________ | | Қолы_______________________ |
|___ | |____ |
| * | 200_ж."___" _____ | | * | 200_ж."___" _____ |
|___|__________________________| |____|_________________________|
Ескерту: * - мөрдің реттік нөмірі.