Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы лицензиялау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Төрағасының 2008 жылғы 15 ақпандағы N 28 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 12 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5166 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Төрағасының 2013 жылғы 7 қыркүйектегі № 430 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Төрағасының 07.09.2013 № 430 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ»"Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережелерін және осы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы N 528  қаулысын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы лицензиялау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылауды Қазақстан Республикасы  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы ақпараттық қызметіне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Комитет Төрағасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық 
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2008 жылғы 15 ақпандағы   
N 28 бұйрығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік
органдарында жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге
арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы
лицензиялау жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге, ақпараттың тарылып кететін техникалық арналарын іздеуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, шығару, жөндеу және тарату үшін лицензия алудың құжаттарын қарау (бұдан әрі - лицензия), арнайы техникалық құралдарды импорттауға, экспорттауға арналған бір жолғы лицензияларды алу үшін өтініштерді келісу (бұдан әрі - АТҚ-ны импорттауға, экспорттауға арналған лицензия), импортталатын, экспортталатын тауарды арнайы техникалық құралдар қатарына жатқызу үшін техникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты нақтылайды.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер пайдаланылады:
      жедел іздестіру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар (бұдан әрi - АТҚ) - ақпарат алу үшін арнайы функциялары бар арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар, сондай-ақ ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын iздестіру құралдары.

      АТҚ мынадай санаттарға бөлінеді:
      ақпаратты жасырын және ашық алуға арналған АТҚ, - ақпаратты жасырын алу үшін арнайы функциялары бар арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар. Аталған АТҚ саласындағы қызмет тек жедел іздестіру қызметінің субъектілері үшін жүзеге асырылады;
      ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіруге арналған АТҚ - ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын анықтау үшін арнайы әзірленген, бейімделген және бағдарламаландырылған техникалық құралдар. АТҚ-ны іздестіру саласындағы қызмет жедел іздестіру қызметінің субъектілері, сондай-ақ жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған АТҚ-ны жөндеу және іске асыру жөніндегі қызметті, ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіруді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар үшін жүзеге асырылады.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер):
      құжаттардың толықтығына және ондағы көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды алғашқы қарауды;
      біліктілік сынағын өткізуді;
      АТҚ-мен жұмыс істеуге өтініш берген адамдарға арнайы тексеріс өткізу, олардың біліктілік деңгейін және қызметтің мәлімделген түріне қойылатын талаптарға өтініш берушінің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларының сәйкестіктерін тексеруді;
      импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізуді;
      лицензияларды ресімдеуді және беруді;
      АТҚ импортына, экспортына арналған лицензияларды алу үшін өтініштерді келісуді жүзеге асырады.

  2. Лицензиялар алу үшін құжаттарды қарау және
біліктілік сынағын өткізу

      4. Аумақтық бөлімшелерге лицензиялар алу үшін мынадай құжаттар жолданады:

      1) өтініш;

      2) заңды тұлға үшін - Жарғының (экспорттау және импорттау операцияларын қоспағанда) және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      жеке кәсіпкер үшін - өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      4) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

      5) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы N 528  қаулысымен бекітілген Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау және осы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары ережелерінің (бұдан әрі - Ережелер) 1-қосымшасымен белгіленген үлгідегі сауалнамасы

      6) штаттық кесте (заңды тұлғалар үшін);

      7) АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген мамандардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      8) жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген мамандардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын:
      білімі жөнінде;
      ғылыми-техникалық және инженерлік-техникалық қызметкердің мәлімделген қызмет саласындағы (кемінде үш жыл) жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      9) жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген құрылтайшылардың, басшылардың және мамандардың Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары белгілеген тәртіппен оларға қатысты арнайы тексеру іс-шараларын жүргізуге жазбаша келісімі;
      Егер құжаттардың көшірмелерін нотариус куәландырмаған болса, олар нотариусқа түпнұсқаларымен бірге ұсынылады.

      5. Аумақтық бөлімшелер осы Нұсқаулықтың 4-тармағында аталған қажетті құжаттардың барлығын алысымен өтінішті лицензия алу үшін берілген өтініштерді тіркейтін журналға тіркейді (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының  1 нысаны ).
      Лицензия алу үшін берілген барлық құжаттар лицензиаттардың істерін тіркейтін журналда тіркелетін өтініш берушінің ісіне жинақталады (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының  2-нысаны ).

      6. АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген адамдардың білім деңгейлерін анықтау үшін аумақтық бөлімше жазбаша түрде біліктілік сынағын өткізеді.
      Егер тестіден өтуші қойылған сұрақтардың 60 немесе одан да көп пайызына жауап берген жағдайда, біліктілік сынағы бойынша оң қорытынды жасалады.
      Біліктілік сынағын алуға бөлінген уақыт 80 минутты құрайды.

      7. Өтініш берушінің құжаттарын қарау және оның біліктілік талаптарына сәйкестігін зерделеу жөніндегі нәтижелерді аумақтық бөлімше Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппаратына жолдайды.
      8. Лицензияны беру немесе бермеу туралы шешім өтінішті қоса берілген құжаттармен бірге алған күнінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
      Лицензияға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы немесе ол тағайындаған адам қол қояды.

      9. Лицензия қызметтің әр түріне оны жүзеге асырудың ерекше шарттарын көрсету арқылы бөлек беріледі және елтаңбалық мөрмен расталады.

      10. Лицензия арнайы қорғалған бланкте ресімделеді. Лицензия бланкісі қатаң есепке алынатын құжат болып табылады, есептеу сериясы мен нөмірі бар.
      11. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты берілген лицензиялар Тізбесін жүргізеді (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының  3-нысаны ).

  3. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензияны алу
үшін өтінішті келісу және техникалық зерттеу жүргізу

      12. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу үшін өтініштер аумақтық бөлімшеге жолданады.

      13. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу үшін өтініштер АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды АТҚ затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу үшін өтініштерін тіркеу журналында тіркеледі (бұдан әрі - Журнал) (осы Нұсқаулық 1-қосымшасының  4-нысаны ).
      Аумақтық бөлімше сақтау үшін өтініштердің көшірмесін түсіреді.

      14. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін өтініштер келісілген кезде мынадай негізгі мәселелер қаралады:

      1) жедел іздестіру іс-қимылының субъектісін пайдаланушы соңғысы болып табылады ма;

      2) АТҚ "ақпараттардың таралып кету арналарын іздеуге арналған" санатқа жатады ма.

      15. АТҚ импортына, экспортына арналған лицензия үшін өтініштерді келісу өтініштерге аумақтық бөлімше басшыларының немесе оның міндетін атқарушы адамның қолын және елтаңбалық мөр қойғызу жолымен ресімделеді.

      16. Тауарларды АТҚ затына жатқызуды техникалық зерттеу:

      1) бұйымның құрылымдық ерекшеліктері туралы мәліметтерді көрсете отырып, Ережелердің  2-қосымшасымен белгіленген нысанына сәйкес тауарды техникалық зерттеу үшін өтініштер;

      2) қаралуы тиіс техникалық құжаттама немесе тауар үлгісі, жеткізіп беруге арналған келісім-шарттар (шарттар) көшірмелерінің негізінде жүргізіледі.

      17. Импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді қабылдау азаматтар қабылдаудың белгілі бір сағаттарында емін-еркін кіріп-шыға алатын арнайы бөлінген орын-жайларда өткізіледі.

      18. Осы Нұсқаулық 15-тармағының 2)-тармақшасында аталған құжаттармен қоса беріліп отырған импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді аумақтық бөлімше оларды алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарайды.

      19. Техникалық зерттеу жүргізу барысында тауарлар осы Нұсқаулықтың  2-қосымшасында аталған АТҚ затына жатқызылу үшін зерттеледі.
      Егер тауар АТҚ-ға жатқызылса, онда өтініштерге оны АТҚ-ға жатқызу/жатқызбау туралы мөртабан қойылады (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес).

      20. Техникалық зерттеудің аяқталу нысаны мөртабан қойылған импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді беру болып табылады.

      21. АТҚ импорты, экспорты үшін және импортталатын, экспортталатын тауарларды АТҚ затына жатқызу үшін техникалық зерттеу жүргізу туралы өтініштерді қарау нәтижелері Журналға енгізіледі.

Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік органдарында жедел 
іздестіру іс-шараларын өткізуге 
арналған арнайы техникалық құралдар
саласындағы лицензиялау жұмысын 
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша            

1-нысан  

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге, ақпараттың тарылып кететін
техникалық арналарын іздеуге арналған арнайы техникалық құралдарды 
    әзірлеу, шығару, жөндеу және тарату үшін лицензияларды алуға
                 жазылған өтініштерді тіркейтін журнал

Реттік тіркеу нөмірі

Ұйымның атауы

Лицензия қызметтің қай түріне талап етіледі

Өтінішті қабыл-
даған күні

Алғандығы туралы орындаушының қолхаты, күні

Ескерту

1

2

3

4

5

6

2-нысан  

            Лицензиаттардың істерін тіркеу журналы

Рет-
тік
тір-
кеу N

Ұйымның атауы

Лицензияның
берілген күні
және нөмірі

Істің нөмірі
(іріктеп
алынғандары)

Қайда сақталады, кімге берілді

Сақтауға
жауапты
адамның
қолы

1

2

3

4

5

6

3-нысан  

    Жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге, ақпараттың тарылып
  кететін техникалық арналарын іздеуге арналған арнайы техникалық
    құралдарды әзірлеу, шығару, жөндеу және тарату үшін берілген
                     лицензиялардың тізілімі

Рет-
тік
тір-
кеу
N

Лицен-
зиарататауы

Лицен-
зия беру
күні

Лицен-
зия
нөмірі

Жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесіні
аты, тұрғылықты
жері, жеке басын
куәландыратын
құжаттың нөмірі
және оның берілген
күні/жеке кәсіпкер
ретіндегі куәлігі

Заңды
тұлғаның
атауы
мен
ұйымдық-
құқықтық
нысаны,
орналас-
қан жері

Қыз-
мет
түрі

1

2

3

4

5

6

7

кестенің жалғасы

Лицензия- ның қол-
данылу
мерзімі

Салық
төлеуші-
нің тір-
кеу нөмірі

Төлем тапсыр-
масының нөмірі
және лицензия-
лық алым
төленген күн

Лицензия-
ны қайта
ресімдеу
негіздері
және күні

Лицензия-
ның қолда-
нылуын
тоқтата
тұру, қайта
бастау
негіздері
және күні

Лицензия-
ның қол-
данылуын
тоқтату
негіздері
және күні

8

9

10

11

12

13

4-нысан  

     Арнайы техникалық құралдар импортына, экспортына арналған
  лицензия үшін және импортталатын, экспортталатын тауарды арнайы
  техникалық құралдар затына жатқызуға техникалық зерттеу жүргізу
                 үшін өтініштерін тіркеу журналы

Рет-тік тір-кеу N

Құжат-тың
түрі

Өтінішті
қабылда-
ған қыз-
меткер-
дің аты-
жөні мен
қолы

Құжат
қайдан
келді

Өтініш
берушінің
тегі және
тапсыр-
ғандығы
туралы
қолы мен
күні

Дана-
лардың
саны

Лицен-
зиялық
орган-
ның қа-
раған-
дығы
туралы
белгісі

Өтініш
берушінің
аты-жөні мен
өтінішті
алғандығы
туралы қолы,
күні,
мөр таңбасы

1

2

3

4

5

6

7

8

Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік органдарында жедел 
іздестіру іс-шараларын өткізуге 
арналған арнайы техникалық құралдар
саласындағы лицензиялау жұмысын 
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша          

        Жедел іздестіру іс-шараларын өткізуге арналған
         арнайы техникалық құралдарға жататын тауарлар

Тауардың атауы

СЭҚ ТН коды

1. Акустикалық, бейне ақпараттарды алуға,
тіркеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз
ету мен техникалық бұйымдар.
2. Көзбен көріп бақылауға арналған техникалық
бұйымдар, құжаттау:
қарашық диаметрі 2 миллиметрден аспайтын объективі алынбайтын бейнекамералар;
тұрмыстық заттар астында жасырылған фотокамералар, бейнекамералар;
шығатын қарашық диаметрі 2 миллиметрден аспайтын
алмалы объективтер.
3. Тыңдауға, телефонмен және өзге де сөйлесулерді
тіркеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар;
4. Техникалық байланыс арналарынан ақпараттарды
ұстап қалуға және тіркеуге арналған бағдарламалық
қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар.
5. Техникалық құралдардан ақпаратты алуға (өзгертуге, жоюға), оларды сақтауға, өңдеуге
және беруге арналған бағдарламалық қамтамасыз
ету мен техникалық бұйымдар;
6. Пошта хабарламалары мен жөнелтілімдерін
бақылауға арналған техникалық бұйымдар;
7. Заттар мен құжаттарды зерттеуге арналған
техникалық бұйымдар;
8. Орын-жайларға, көлік құралдары мен басқа да
объектілерге енуге және тексеруге арналған
бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық
бұйымдар:
   құлып салынған құрылғыларды ашуға арналған құралдар;
   күзет жүйелерін бейтараптандыру құралдары.
9. Көлік құралдар мен басқа да объектердің
қозғалысын бақылауға арналған бағдарламалық
қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар;
10. Жеке тұлғаны ұқсастыруға арналған бағдарлама-
лық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар, адам-
ның психофизиологиялық реакцияларын тіркеушілер;
11. Ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын табуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар;
12. Радиобақылауды және пеленгілеудің бағдарла-
малық қамтамасыз етуі мен техникалық бұйымдары.

8301700000 нан
8471300000 нан
8471419000 нан
8471499000 нан
8471509000 нан
847330100 нан
851750 ден
8517809000 нан
8517908800 нан
8518102000 нан
8518108000 нан
8518403000 нан
8518409100 нан
8518409900 нан
8518509000 нан
8519400000 нан
8519999000 нан
8520100000 нан
852032 ден
852033 ден
 
  8521 ден
8522905900 нан
8522909300 нан
8522909800 нан
8525 тен
8526 дан
8527 ден
 
  8528 ден
 
  8529907205 тен
8529907209 дан
853110 нан
853180 нен
8543200000 нан
8543400000 нан
8543899500 ден
9019109009 дан
902219000 нан
902229000 нан

Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздік органдарында жедел 
іздестіру іс-шараларын өткізуге 
арналған арнайы техникалық құралдар
саласындағы лицензиялау жұмысын 
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша           

Мөртабандар баспа таңбаларының үлгілері

______________________________     ______________________________
| Жедел іздестіру іс-шараларын |   | Жедел іздестіру іс-шараларын |
|жүргізу үшін арнайы техникалық|   |жүргізу үшін арнайы техникалық|
|     құралдарына ЖАТАДЫ       |   |     құралдарына ЖАТПАЙДЫ     |
|                              |   |                              |
|Тегі_______________________   |   | Тегі_______________________  |
|                              |   |                              |  |Қолы_______________________   |   | Қолы_______________________  |
|___                           |   |____                          |
| * |      200_ж."___" _____   |   |  * |       200_ж."___" _____ | 
|___|__________________________|   |____|_________________________|
 

  Ескерту: * - мөрдің реттік нөмірі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады