Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 124 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5192 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 386 бұйрығымен

      Ескерту Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.08.17 № 386 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  5-бабының 17) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

      3. "Білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысанында білім алушыларға академиялық демалыс берудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы  N 906 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3258) тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министр                                        Ж. Түймебаев

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрдің
      міндетін атқарушы
      _____________Қ. Омаров
      2008 ж. 27 наурыз

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің 
2008 жылғы 18 наурыздағы  
N 124 бұйрығымен     
бекітілген        

  Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық
демалыс беру ережелері 1. Жалпы талаптар

      1. Осы Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Академиялық демалыс - білім алушылардың (оқушылардың, тыңдаушылардың, студенттердің, курсанттардың, интерндердің, адьюнктердің, резиденттердің, магистранттар мен докторанттардың) денсаулығына байланысты, оның ішінде жүктілігі және бала тууына байланысты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақырылғандар өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.

      3. Білім беру ұйымы білім алушының академиялық демалысты рәсімдеуге берген өтінішін алдын-ала білім алушылардың аралық аттестаттауы басталуына дейін қарайды.

      4. Академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру (дәрігерлік-консультациялық комиссияның негізінде академиялық демалыстағы білім беру гранттарының иегерлеріне белгіленген тәртіппен стипендиялар төлеу үшін қарастырылатын шығыстарды қаржыландырудан басқа) берілген академиялық демалыс кезеңі бойында тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.

      5. Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс беру кезінде академиялық демалыс кезеңі бойында оқуына төлемақы төлеу тоқтатылады. 

       2. Академиялық демалыстар беру тәртібі мен мерзімдері

      6. Академиялық демалыс білім алушыға дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының (бұдан әрі қарай - ДКК) қорытындысы анықтамасы негізінде 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімде, ерекше, апатты жағдайларда 2 жылға дейін ғана беріледі.

      7. Дәрігерлердің медициналық көрсеткіштері бойынша академиялық демалыс беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығаруы үшін білім алушы білім беру ұйымына қызмет көрсететін емдеу-профилактикалық ұйымға өзі бақылауға алынған медициналық мекемеден алған сырқат тарихынан жан-жақты баяндалған көшірмесін тапсырады.

      8. ДКК сырқаттанушыға және жүктіге академиялық демалыс беру туралы немесе денсаулық жағдайы бойынша басқа факультетке (мамандыққа) ауыстыру туралы қорытынды шығарады.
      Сонымен қатар, академиялық демалыс бала күтіміне байланысты үш жылға дейін беріледі.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139 Бұйрығымен.

      9. Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына өтініш беріп, ДКК Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақыруын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарына шақырылуы жөніндегі анықтамасымен ұсынады.

      10. Мәселе оң шешілген жағдайда білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139 Бұйрығымен.

      11. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін білім саласындағы өкілетті органға үш жұмыс күнінің ішінде, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім беру саласындағы жергілікті атқару органдарына жолдайды.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139 Бұйрығымен.

      12. Бактериалы сары су туберкулезбен ауырған білім алушыларға академиялық демалыс емдеу нәтижесіне байланысты дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысы бойынша 1 жылдан 2 жылдық мерзімге дейін беріледі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139 Бұйрығымен.

      13. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын академиялық демалыстан оралған білім алушы кезекті академиялық кеңесінің басталуына дейін, білім беру ұйымының басшысы атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беріп, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтама (ДКК) ұсынады. Осы негізде білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.
      Бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімін түзету үшін, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы үш жұмыс күнінің ішінде білім саласындағы өкілетті органға, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы білім саласындағы жергілікті атқару органдарына бұл бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139 Бұйрығымен.

      14. Ақылы негізде білім алушы білім беру ұйымының басшысы атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беру, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы (ДКК) анықтама ұсынады. Осы негізде білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.
      Егер академиялық демалыстан шығу немесе академиялық демалысқа кету уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте бойынша рейтингке рұқсат алу үшін барлық оқу тапсырмаларын орындап, қажетті балдарды жинауы тиіс немесе пайда болған айырмашылықтар бойынша пәндерге жазғы семестрде жазылуы қажет.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.29 № 139 Бұйрығымен.

      15. Академиялық демалыстан оралған білім алушы жұмыс оқу жоспарларында пәндер айырмашылығы болған жағдайда, ол айырмашылықтарды жоюға тиіс.

      16. Оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығын жою үшін ағымдағы оқу сабақтарымен ұстаз білім алушы осы пәндерге жазылып академиялық кезең ішінде барлық сабақ түрлеріне қатысады, оқу жоспарында қарастырылған ағымдық бақылауларды тапсырып аралық аттестаттауға рұқсат алады.

      17. Академиялық демалыстан оралған білім алушылардың оқу жоспарларындағы пән айырмашылығы білім алушылардың аралық аттестаттауы кезеңінде немесе жазғы семестрде белгіленген тәртіппен тапсырылады.

Об утверждении Правил предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 18 марта 2008 года № 124. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 апреля 2008 года № 5192. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 августа 2012 года № 386

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки РК от 17.08.2012 № 386.

      В соответствии с подпунктом 17)  статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании"  ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования.

      2. Департаменту высшего и послевузовского образования (Омирбаев С.М.):

      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.

      3. Признать утратившим силу  приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 ноября 2004 года N 906 "Правила предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования очной формы обучения" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3258).

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Шамшидинову К.Н.

       Министр                                          Ж. Туймебаев

       "СОГЛАСОВАНО"
      И.о. Министра здравоохранения
      Республики Казахстан
      _____________ К. Омаров
      27 марта 2008 года

Утвержден           
приказом Министра образования и
науки Республики Казахстан  
18 марта 2008 года N 124   

  Об утверждении Правил предоставления академических
отпусков обучающимся в организациях образования

  1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления академических отпусков обучающимся в организациях образования разработаны в соответствии с подпунктом 17) статьи 5 Закона  Республики Казахстан "Об образовании".

      2. Академический отпуск - это период, на который обучающиеся в организациях образования (учащиеся, слушатели, студенты, курсанты, интерны, адъюнкты, резиденты, магистранты и докторанты) временно прерывают свое обучение по состоянию здоровья, в том числе по беременности и родам, призванным в ряды Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      3. Заявление обучающегося на оформление академического отпуска, рассматривается организацией образования заблаговременно, до начала промежуточной аттестации обучающихся.

      4. При предоставлении академического отпуска лицу, обучающемуся на основе государственного образовательного заказа, право на дальнейшее обучение на основе государственного образовательного заказа сохраняется за ним, и финансирование его обучения прерывается (за исключением финансирования расходов, предусматриваемых на выплату в установленном порядке стипендий обладателям грантов, находящимся в академическом отпуске на основании заключения врачебно-консультативной комиссии) на период предоставленного академического отпуска, которое возобновляется после его окончания.

      5. При предоставлении академического отпуска обучающемуся на платной основе, оплата за обучение приостанавливается на период академического отпуска.

  2. Порядок и сроки предоставления академических отпусков

      6. Академический отпуск предоставляется обучающемуся только на основании заключения врачебно-консультаитивой комиссии (далее - ВКК) продолжительностью от 6 до 12 месяцев, при стихийных бедствиях, землетрясениях наводнениях до 2 лет.

      7. Для вынесения врачами заключения о возможности предоставления академического отпуска по медицинским показаниям обучающийся представляет в лечебно-профилактическую организацию, обслуживающую организацию образования, подробную выписку из истории болезни от медицинского учреждения, под наблюдением которого он находился.

      8. ВКК выносит заключение о необходимости предоставления больным и беременной академического отпуска или рекомендации о переводе по состоянию здоровья на учебу на другой факультет (специальность).
      Академический отпуск также предоставляется по уходу за ребенком до трех лет.
      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки РК от 29.03.2010 № 139.

      9. Для оформления академического отпуска обучающийся подает заявление на имя руководителя организации образования и представляет справку ВКК, либо по призыву в ряды Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      10. При положительном решении вопроса руководитель организации образования в течение трех рабочих дней издает приказ о предоставлении обучающемуся академического отпуска с указанием его сроков начала и окончания.
      Сноска. Пункт 10 с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки РК от 29.03.2010 № 139. 

      11. Руководитель организации образования копию приказа о предоставлении академического отпуска обучающемуся по гранту, финансируемому из республиканского бюджета, направляет в уполномоченный орган в области образования в течение трех рабочих дней, а финансируемому из местного бюджета - в местные исполнительные органы в области образования, для корректировки соответствующей суммы и сроков финансирования данной программы.
      Сноска. Пункт 11 с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки РК от 29.03.2010 № 139.

      12. Обучающимся, больным туберкулезом с бактеривыделением, предоставляется академический отпуск, в зависимости от исхода лечения, сроком от 1 до 2 лет по заключению ВКК.
      Сноска. Пункт 12 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 29.03.2010 № 139. 

      13. Обучающийся финансируемые из республиканского бюджета, вернувшийся из академического отпуска до начала очередного академического периода, подает заявление на имя руководителя организации образования о выходе с академического отпуска и представляет справку ВКК о состоянии здоровья из лечебной организации, наблюдавшей больного. На основании этого руководитель организации образования в течение трех рабочих дней издает приказ о выходе обучающегося из академического отпуска с указанием специальности, курса и группы.

      Копию данного приказа организация образования, финансируемая из республиканского бюджета в течение трех рабочих дней, направляет в уполномоченный орган в области образования, а финансируемая из местного бюджета - направляет в местные исполнительные органы в области образования, для корректировки соответствующей суммы и сроков финансирования данной программы.
      Сноска. Пункт 13 с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки РК от 29.03.2010 № 139. 

      14. Обучающийся на платной основе вернувшийся из академического отпуска до начала очередного академического периода, подает заявление на имя руководителя организации образования о выходе с академического отпуска и представляет справку ВКК о состоянии здоровья из лечебной организации, наблюдавшей больного. На основании этого руководитель организации образования в течение трех рабочих дней издает приказ о выходе обучающегося из академического отпуска с указанием специальности, курса и группы.
      В случае, если дата выхода с академического отпуска или ухода в академический отпуск не совпадает с началом или окончанием академического периода, то обучающийся должен по индивидуальному графику выполнить все учебные задания и набрать баллы, необходимые для рейтинга допуска, либо записаться в летнем семестре на дисциплины, по которым образовалась разница.
      Сноска. Пункт 14 с изменениями, внесенными приказом Министра образования и науки РК от 29.03.2010 № 139.  

      15. Обучающийся, вернувшийся из академического отпуска, должен ликвидировать разницу в дисциплинах рабочих учебных планов, если таковое имеет место.

      16. Обучающийся параллельно с текущими учебными занятиями, для ликвидации разницы в дисциплинах рабочего учебного плана в течение академического периода посещает все виды учебных занятий, сдает все виды текущего контроля, предусмотренные рабочим учебным планом, получает допуск к промежуточной аттестации.

      17. Разницу в дисциплинах рабочих учебных планов обучающийся, вернувшийся из академического отпуска, сдает в установленном порядке в период промежуточной аттестации обучающихся или в летний семестр.