Ескерту Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.08.17 № 386 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5192 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 23 мамырдағы № 77 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесінде:
8-тармақта:
«сырқаттанушы (жүкті) адамға» деген сөздер «сырқаттанушыға және жүктіге» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұнда екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сонымен қатар, академиялық демалыс бала күтіміне байланысты үш жылға дейін беріледі.»;
10-тармақта:
«білім беру ұйымының басшысы» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақта:
«білім саласындағы өкілетті органға» деген сөздерден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«12. Бактериалы сары су туберкулезбен ауырған білім алушыларға академиялық демалыс емдеу нәтижесіне байланысты дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысы бойынша 1 жылдан 2 жылдық мерзімге дейін беріледі.»;
13-тармақта:
«Осы негізде білім беру ұйымының басшысы» деген сөзден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтың екінші абзацында:
«республикалық бюджеттен қаржыландыратын білім беру ұйымы» деген сөзден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақта:
«Осы негізде білім беру ұйымының басшысы» деген сөзден кейін «үш жұмыс күнінің ішінде» деген сөздермен толықтырылсын.
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер академиялық демалыстан шығу немесе академиялық демалысқа кету уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте бойынша рейтингке рұқсат алу үшін барлық оқу тапсырмаларын орындап, қажетті балдарды жинауы тиіс немесе пайда болған айырмашылықтар бойынша пәндерге жазғы семестрде жазылуы қажет.».
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Б. Жақыповқа жүктелсін.
Министр Ж. Түймебаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
_____________ Ж. Досқалиев
2010 жыл 19 сәуір