Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 386 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 108 «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидаларын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 112 «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулылардың қабылдануына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Министрдің міндетін атқарушы                    М. Орынханов

Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 17 тамыздағы    
№ 386 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1.«Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5192 тіркелген және «Заң газетінде» 2008 жылғы 23 мамырдағы № 77 санында жарияланған).
      2. «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 139 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6195) күші жойылды деп танылсын.
      3. «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 169 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6242 тіркелген және «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) санында жарияланған).
      4. «Оқу процесін қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 169 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 133 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6898).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады