Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес және теңгермелі электр энергиясы нарығының имитациялық режимін ұйымдастыру мен реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 269 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5044 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 4 (1404) Заң газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
3-тармақта "2008 жылдың 1 тоқсанында теңгерімдеуші нарықтың жұмысы имитациялық режимде, теңгерімдеуші нарықта сатып алынған-сатылған электр энергиясының өзара есептесу рәсімінсіз жүзеге асырылатын болады, теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу тетігі 2008 жылғы 2 тоқсаннан бастап жүзеге асырылатын болады." деген сөздер "2008 жылы теңгерімдеуші нарықтың жұмысы имитациялық режимде теңгерімдеуші нарықта сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін өзара есеп айырысулар рәсімінсіз жүзеге асырылатын болады." деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы сөздермен: "имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарықтың жұмыс кезеңі аяқталған кезінен бастап қолданысқа енгізілетін жоғарыда аталған Ереженің 12-тармағының 1), 2) тармақшаларын қоспағанда." толықтырылсын:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерінде:
8-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) имитациялық режим - теңгермелі электр энергиясы нарығының жұмыс режимі, бұл ретте теңгермелі нарықта сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін өзара есеп айырысулар жүзеге асырылмайды.".
мынадай мазмұндағы 12-тараумен толықтырылсын:
"12-тарау. Теңгермелі электр энергиясы нарығы жұмысының имитациялық режимі.
74. Имитациялық режимде Жүйелік оператор теңгерімсіздіктерді табиғи реттеуді жүзеге асыру мақсатында қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуды жүзеге асырады. Қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға арналған шарттарда қызмет көрсетулер көлемі мен оларды пайдалану тәртібі келтіріледі.
75. Имитациялық режим кезеңінде электр энергиясының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарығында нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысулар тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін жүзеге асырылады.
76. Нарық субъектісінің электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемінің тәуліктік кестемен берілгеннен ауытқытуына Жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуге арналған шарт болған жағдайда жол беріледі.
77. Имитациялық режимде теңгерімсіздіктерді табиғи реттеуді жүзеге асыру тәртібі:
1) Жүйелік оператор қуатты реттеу бойынша сатып алынатын қызметтердің көлемдері мен құрылымын Қазақстан БЭЖ-дегі электр энергиясын өндіру мен тұтынудың болжамдық теңгерімдерінің негізінде айқындайды және оларды сатып алуды жүзеге асырады;
2) Жүйелік оператор қуатты реттеу бойынша қызметтерді сатып алуға жасасқан шарттарды:
жиіліктің Қазақстан БЭЖ-нің оқшауланған жұмыс режиміндегі тұрақты мәнінен ауытқыған;
Қазақстан БЭЖ электр энергиясының шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен мемлекетаралық сальдо-ағындарының нақты мән бекітілген тәуліктік кестеде келісілген мәнінен ауытқыған;
қималардағы асқын жүктемелер;
технологиялық бұзылыстар мен апаттардың алдын алу, өршітпеу және жою жағдайда іске қосады;
3) Жүйелік оператор мен нарық субъектісі арасындағы келісім бойынша электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуге арналған шартта осы нарық субъектісінің болуы мүмкін теңгерімсіздіктерінің ауқымы белгіленеді;
4) теңгерімсіздіктерге тек электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулерге арналған шарттарда қарастырылған мүмкін болар теңгерімсіздіктер аралығының шегінде ғана жол беріледі. Бұл ретте тәулік және есептік мезгіл ішіндегі теңгерімсіздіктердің алгебралық сомасы (сальдо) нөлге тең болуы тиіс.
5) Жүйелік оператор нарық субъектілерінің мүмкін болар теңгерімсіздіктер аралықтарын және теңгерімсіздіктердің нөлдік сальдосына бақылау жүргізеді әрі нарық субъектісі осы шарттарды бұзған кезде электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулерге шектеулер енгізеді.".
2. Жүйелік оператор - "КЕGОС" АҚ Ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сай 2008 жылы теңгермелі электр энергиясы нарығының Қазақстан Республикасында имитациялық режимдегі жұмысын және электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Бертісбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ары қарай ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Мыңбаев
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
жөніндегі агенттігінің төрағасы
________________ Н. Алдабергенов
2008 жылғы "__"_________________