Электр энергиясының теңгерімдеуші Нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 269 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5044 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16 сәуірдегі № 124 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережесі бекітілсін.

      2. "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company ("KEGOC"))" акционерлік қоғамның жүйелік операторы Қазақстан Республикасындағы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының іске қосылуын және электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімденуін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік қызмет көрсетілуін қамтамасыз етсін.

      3. Электр энергиясы теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу жағдайында теңгерімдеуші нарық субъектілерінің тетігін пысықтау, Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімсіздіктерінің шынайы шамаларын айқындау, реттеуші қуаттардағы тұтынуды нақтылау, теңгерімдеуші электр энергиясына баға аралықтарын айқындау мақсатында 2008-2011 жылдары теңгерімдеуші нарықтың жұмысы имитациялық режимде теңгерімдеуші нарықта сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін өзара есеп айырысулар рәсімінсіз жүзеге асырылатыны белгіленсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008.03.19 N 70 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2008.12.23 N 314, 2009.12.14 № 337 Бұйрықтарымен.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергиясы мен көмір өнеркәсібі департаменті (Н.Б. Бертісбаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрық имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарықтың жұмыс кезеңі аяқталған кезінен бастап қолданысқа енгізілетін жоғарыда аталған Ереженің 12-тармағының 1), 2) тармақшаларын қоспағанда алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008.03.19 N 70 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасының міндетін атқарушы
      2007 жыл 3 желтоқсан

Қазақстан Республикасы   
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрінің    
2007 жылғы 30 қарашадағы   
N 269 бұйрығымен      
бекітілген         

Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс
істеу ережесі 1-тарау. Жалпы қағидаттар

      1. Осы Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік  құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      2. Ереже Қазақстан Республикасындағы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      3. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, осы Ережемен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

      4. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастырудың мақсаты жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесінде электр энергиясының көтерме сауда субъектілерінің электр энергиясын өндіру мен тұтынудың нақты және шарттық мәндері арасында Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі (бұдан әрі - Қазақстанның БЭЖ-і) электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін табиғи және кейіннен қаржылық реттеу болып табылады.

      5. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы Қазақстанның БЭЖ-інде электр энергиясы мен қуат теңгерімін ұстау үшін Жүйелік оператордың құралы болып табылады.

      6. Электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуді Жүйелік оператор көтерме сауда субъектілерімен жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырады.

      7. Теңгерімдеуші нарыққа қатысу және осы Ережеде көзделген тиісті қызметтерді көрсетуге арналған шарттарды жасасу Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілері үшін міндетті болып табылады.

2-тарау. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

      8. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
      1) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) - электр энергиясын өлшеу, жинау, өңдеу, сақтау және есепке алу деректерін беру үшін өлшеу құралдарының және аппараттық-бағдарламалық кешенінің жиынтығы;
      2) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт - Жүйелік оператор мен электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен немесе олардың теңгерім Провайдерлері арасында жасалатын шарт. Шарт теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша Жүйелік оператордың көрсететін қызметінің көлемі және оған ақы төлеу тәртібі, электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи және қаржылық реттеу шарттары мен тәртібін, шарт тараптарының құқығын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды;
      3) реттеуге қатысуға арналған өтінім - Қазақстанның БЭЖ-і бойынша электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеуге қатысу үшін жеткізушілердің/сатып алушылардың беретін теңгерімдеуші электр энергиясын Жүйелік операторға теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізуге/сатып алуға арналған жазбаша құжаты;
      4) теңгерімдеу аймағы - қуаттың біртұтас резервін пайдалануға, теңгерімдеуші электр энергиясының бірыңғай бағасын қолдануға кедергі келтіретін техникалық сипаттағы шектеу болмайтын Қазақстанның Бірыңғай энергия жүйесінің бір бөлігі;
      4-1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының имитациялық режимі (бұдан әрі - имитациялық режим) - электр энергиясы теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырмастан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі;
      5) теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізуші/сатып алушы - реттеуге қатысуға өтінім берілгеніне сәйкес электр энергиясының теңгерімсіздігін физикалық реттеуде қатысатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;
      6) теңгерім Провайдері - жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын өндіру/тұтынудың табиғи теңгерімсіздіктері секілді және электр энергиясы нарығының басқа субъектілерінің     теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін өзіне жауапкершілік қабылдаған электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектісі;
      7) жүктеме бейіні - Жүйелік оператормен келісілген (айқындалған) көтерме сауда тұтынушысының (энергиямен жабдықтаушы ұйым) электр энергиясын тұтынудың орташа статистикалық сағаттық тәуліктік кестесі (сальдо-ағыны). Жүктеме саласы коммерциялық есепке алудың сағаттық деректер жүйелері (аспаптары) болмаған жағдайда тұтынудың нақтылы сағаттық шамаларын есептеу үшін (сальдо-ағыны) пайдаланылады;
      8) есептеу кезеңі - Қазақстан Республикасының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында шарттар бойынша электр энергиясын сатып алу-сату көлемдерінің нәтижелері бойынша соңғы есептеулер жүргізілетін күнтізбелік ай;
      9) өсіруді реттеу - Қазақстанның БЭЖ-і бойынша электр энергиясының теңгерімсіздігін қарымталау мақсатында Жүйелік оператордың өндіруді арттыру немесе тұтынуды азайту жағын реттеуге қатысуға арналған өтінімдерді жандандыру жөніндегі іс-қимылы;
      10) азайтуды реттеу - Қазақстанның БЭЖ-і бойынша Жүйелік оператордың электр энергиясының теңгерімсіздігін қарымталау мақсатында өндіруді азайту немесе тұтынуды өсіру жағын реттеуге қатысуға арналған өтінімдерді жандандыру бойынша іс-қимылы;
      11) электр энергиясының сальдо-ағыны - электр жеткізу желісінің (қимасы) белгілі бір тобы арқылы немесе коммерциялық есепке алу нүктелері арқылы электр энергиясын қабылдау/беру мәнінің алгебралық сомасы;
      12) электр энергиясын коммерциялық есепке алу нүктелері - Жүйелік оператормен келісілген, ЭКЕАЖ субъектісінің ЭКЕАЖ құрамына кіретін және деректер бойынша ЭКЕАЖ-да қаржылық өзара есеп айырысуларды жүзеге асыратын электр энергиясын есепке алатын өлшеу кешендері;
      13) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі жүйелік оператор көрсететін қызмет;
      14) Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақтылы теңгерімі - Жүйелік оператор жасаған орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарықтарында, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында есеп беріліп отырған кезең ішінде (күнтізбелік ай) өндірілген, жеткізілген және тұтынылған электр энергиясының көлемдерін атауымен бөлуді белгілейтін құжат. Нақтылы теңгерім Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері арасында өзара есеп айырысуларды жүргізу үшін негіз болып табылады;
      15) Қаржылық орталық - Жүйелік оператордың теңгерімдеуші нарықта теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату операцияларын жүргізу үшін құрған ұйымы;
      16) электр энергиясының теңгерімсіздігі - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың нақты шамасының электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік кестесіндегі жүйелік оператор бекіткен шамадан ауытқуы;
      17) теңгерімдеуші электр энергиясы - электр энергиясын өндірудің-тұтынудың жүйелік оператор бекіткен сағат сайынғы тәуліктік кестесін іске асыру кезінде туындайтын теңгерімсіздіктерді жою үшін пайдаланылатын электр энергиясы.
      Осы Ережеде пайдаланылатын басқа ұғымдар мен анықтамалар Заңға, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 тамыздағы N 197 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3086 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 213 бұйрығымен бекітілген Жүйелік оператордың жүйелік және қосалқы қызмет нарығының жұмыс істеуі және қызмет көрсетуін ұйымдастыру ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3107 болып тіркелген) сәйкес қолданылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008.03.19 N 70 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), 2009.12.14  № 337Бұйрықтарымен.

3-тарау. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына
қатысушылардың өзара іс-қимылы

      9. Жүйелік оператормен электр энергиясының өндірілу-тұтынылуын теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге арналған шартты дербес жасасқан электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерім Провайдерлері болып табылады.

      10. Теңгерім Провайдерлері болмайтын электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері теңгерім Провайдерімен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасасады. Тек өңірлік деңгейдегі желілерге ғана қосылған электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері үшін Өңірлік электр желілік компания немесе энергия беруші ұйым теңгерім Провайдері болады.
      «Энергия өндіруші ұйымдардың шиналарына тікелей қосылған  және олардан электр энергиясын екі жақты келісімдер бойынша алатын бөлшек сауда нарығының субъектілері үшін теңгерім Провайдері ретінде Энергия өндіруші ұйым болып табылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

      11. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы, энергия өндіретін ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар электр энергиясының теңгерімсіздіктері үшін өз бетінше жауапты болғанына, не болмаса теңгерім үшін өзінің жауапкершілігін теңгерім Провайдеріне бергеніне қарамастан:
      1) теңгерімдік тиесілілік шекарасына келумен коммерциялық есепке алу нүктелерінің тізбесіне сәйкес электр энергиясын сағат бойынша есепке алуды және келісілген хаттамалар бойынша ЭКЕАЖ-дың деректер базасынан жүйелік оператордың ЭКЕАЖ-ына, теңгерім Провайдеріне, олардың желілеріне көтерме сауда нарығының субъектілері тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға сағат бойынша есепке алу деректерін беруді;
      2) көтерме сауда нарығының аралас субъектілері мен желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымдармен бірге электр энергиясының ағыны сағаттық есебінің он күндік актілерін жасауды және келісуді;
      3) тәуліктік кестені жасау үшін электр энергиясын өндіру/тұтынудың, сатып алу/сатудың жоспарланған көлемдері туралы деректерді уақытында беруді және түзету енгізуді (қажет болған жағдайда);
      4) теңгерім Провайдерлерімен немесе Жүйелік оператордың қаржылық орталығымен электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін сатып алу-сату бойынша уақытылы операцияларды;
      5) алынып тасталды
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008.12.23 N 314 Бұйрығымен.

      12. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде Жүйелік оператор:
      1) Қазақстан БЭЖ-нің тұрақты және сенімді жұмысына, тұтынушыларды энергиямен үздіксіз жабдықтауға қажетті қуат резервтерін дайындықта ұстау бойынша қызметтерді сатып алады;
      2) Қазақстанның БЭЖ-і бойынша электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу кезінде олардың диспетчерлеу дәйектілігін айқындайтын теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізуге/сатып алуға арналған өтінімдердің сұрыпталған тізімін жасайды;
      3) Қазақстанның БЭЖ-інде электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеуді жүзеге асырады;
      4) теңгерім Провайдерлерімен қаржылық міндеттерді реттеуді жүргізеді, оның ішінде теңгерім Провайдерлері электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерінің бағалары мен көлемдерін анықтауды жүзеге асырады;
      5) осы Ереженің 33-35-тармақтарына сәйкес іске қосылған теңгерімдеуші электр энергиясының бағалары мен көлемдерін айқындауды жүзеге асырады;
      6) электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінен меншік нысанына қарамастан, осы Ережелерде айқындалған міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алады;
      7) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысушылардың құпия ақпаратын заңдастырылмаған қолжетілімдіктен қорғауды қамтамасыз етеді;
      8) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында қаржы орталығы болатын және теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату бойынша операцияларды жүзеге асыратын ұйымды анықтайды.

      13. Жүйелік оператор оларға қызмет көрсету және осы Ережемен, басқа нормативтік құқықтық актілермен өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде:
      1) теңгерім Провайдерлерінің теңгерімдеуші нарықта жасасқан шарттардың талаптарын бұзған кезде көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын жеткізу-тұтынудың тәуліктік кестесі мен айлық көлемін сөзсіз орындау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
      2) Жүйелік оператормен не болмаса теңгерім Провайдерімен теңгерімдеу бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасқан көтерме сауда нарығы субъектілерін ғана тәулік кестесіне қосады.

      14. Теңгерім Провайдері бір теңгерімдеу аймағында орналасқан көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуге арналған шарттарды жасай алады.

      15. Теңгерім Провайдері шарттық негізде электр энергиясының теңгерімсіздіктері үшін Жүйелік оператордың алдындағы жауапкершілігін теңгерім Провайдеріне берген электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығының субъектілеріне теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу бойынша қызмет көрсетеді.

      16. Көтерме сауда нарығы субъектісінің басқа теңгерім Провайдеріне ауысуы қызметтен бас тарту және шарттың қолданысын тоқтату туралы кемінде бір ай ішінде теңгерім Провайдері мен Жүйелік операторды және Қаржылық орталықты алдын ала ескерткеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте теңгерім Провайдері ескертуді алғаннан кейін 3 тәуліктен кешіктірмей, электр энергиясының теңгерімі үшін өзіне жауапкершілік қабылдаған электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері құрамының алдағы болатын өзгерістері туралы Жүйелік операторды хабарландыруға міндетті. Электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісінің басқа теңгерім Правайдеріне ауысуы алдағы айдың бірінші күнінен бастап ғана мүмкін болады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

      17. Теңгерім Провайдері электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде:
      1) электр энергиясының теңгерімі үшін жауапкершілік қабылдаған және электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу жөнінде қызмет көрсетуге олармен шарттар жасасқан электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектілерінің құрамы мен коммерциялық есепке алу нүктелерін Жүйелік оператормен келіседі;
      2) электр энергиясын өндіру-тұтыну, беру-қабылдау, сатып алу-сатудың жоспарланған сағаттық мәндері туралы деректерді қалыптастырады және Жүйелік операторға береді;
      3) бекітілген тәуліктік кестесінің мүмкін болатын түзетулерін Жүйелік оператормен келіседі;
      4) келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын беру-қабылдаудың нақтылы сағаттық мәндерін қалыптастырады және Жүйелік операторға береді;
      5) жүктеме бейінін Жүйелік оператормен келіседі;
      6) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерінен, Жүйелік оператордан осы Ережелермен айқындалған міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алады;
      7) Жүйелік оператормен электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді, оның ішінде Жүйелік оператордың қаржылық орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі операцияларды жүзеге асырады;
      8) Жүйелік оператор алдындағы электр энергиясы теңгерімсіздігі үшін жауапкершілікті Теңгерім провайдеріне берген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

      18. Теңгерімдеуші нарықтағы теңгерімдеуші электр энергиясының жеткізушілері/сатып алушылары:
      1) Жүйелік оператор белгілеген регламентке сәйкес реттеуге қатысуға арналған өтінімдерді Жүйелік операторға беруді;
      2) берілген өтінімге сәйкес электр энергиясын өндіру немесе тұтыну режимін жедел өзгертуге арналған Жүйелік оператордың бұйрығын орындауды;
      3) Жүйелік оператордың қаржы орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі операцияларды;
      4) осы Ережемен айқындалған функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты Жүйелік операторға беруді;
      5) келісілген хаттама бойынша электр энергиясын берудің нақтылы сағаттық мәндерін жасау мен Жүйелік операторға беруді жүзеге асырады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

4-тарау. Электр энергиясының теңгерімсіздіктерін
табиғи реттеу

      19. Қазақстанның БЭЖ-і жұмысының режимдерін жедел-диспетчерлік басқару процесінде Жүйелік оператор Қазақстанның БЭЖ-і электр энергиясы сальдо-ағындарының нақты мәндері мен жиілік көрсеткіштерінің үзіліссіз мониторингісін жүзеге асырады. Электр энергиясының мемлекетаралық сальдо-ағындарының нақты мәндерінің тәуліктік кестесінде бекітілген (Қазақстанның БЭЖ-індегі электр энергиясының теңгерімсіздігі) мәндерінен туындайтын ауытқулары Жүйелік оператордың табиғи реттеуіне жатады.

      20. Электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу кезінде Жүйелік оператордың негізгі құралы теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізу-сатып алуға арналған операциялық тәуліктердің әрбір сағатына арналып жасалатын сұрыптау тізімі болып табылады.

      21. Сұрыптау тізімін Жүйелік оператор теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізуші/сатып алушы - көтерме сауда нарығының субъектілерінен түскен реттеуге қатысуға арналған өтінімдер негізінде жасайды.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

      22. Алдағы операциялық тәуліктердің әрбір сағаты үшін қатысуға арналған өтінімге мынадай ақпарат кіреді:
      1) энергия өндіруші ұйымның немесе электр энергиясын тұтынушының атауы;
      2) энергия өндіруші ұйым немесе электр энергиясын тұтынушы орналасқан өңір;
      3) қоса беріліп отырған реттеудің бағыты - энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын өсіруге немесе азайтуға сәйкестікті білдіретін өсіруге бағытталған немесе азайтуға бағытталған реттеу, сондай-ақ тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтынуды азайту немесе өсіру;
      4) операциялық тәуліктердің әрбір сағатына арналған реттеудің әрбір бағыты үшін қоса беріліп отырған реттеудің шамасы;
      5) өсіруге арналған реттеу кезінде теңгерімдеуші электр энергиясының бір кВтс бағасы;
      6) азайтуға арнап реттеу кезінде теңгерімдеуші электр энергиясының бір кВтс бағасы;
      7) қоса беріліп отырған толық көлемдегі шаманың жиналуы/лақтырымы уақыты (мин);
      8) операциялық тәуліктер ішінде реттеу үшін қоса беріліп отырған электр энергиясының теңгерімдеуші көлемі.

      23. Қоса беріліп отырған реттеудің шамасы 10 МВт есе болуы тиіс. Жүктеменің толық жиналуының/лақтырымының барынша көп уақыты 1 сағаттан аспауы тиіс.

      24. Жүйелік оператор реттеуге қатысуға түскен өтінімдерге техникалық сараптама жүргізеді. Өтінім теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізушінің келісімі бойынша түзету енгізілуі не болмаса себептерін көрсете отырып, кейінге қалдырылуы мүмкін.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

      25. Қуат резервтерін дайындықта ұстау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шарттардың негізінде Жүйелік оператор сатып алатын қуаттың резервтерін реттеуге қатысуға арналған өтінімдер шарттың талаптарына сәйкес автоматты түрде құрылады және сұрыптау тізіміне енгізіледі. Теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізуші арттыруға реттеу кезінде теңгерімдеуші электр энергиясының бағасын төмендетуге, не болмаса азайтуға реттеу кезінде теңгерімдеуші электр энергиясының бағасын арттыруға арналған өтінім бере алады.

      26. Реттеуге қатысуға арналып қабылданған өтінімдер былайша сұрыпталады:
      1) теңгерімдеуші электр энергиясының жария етілген бағасын біртіндеп өсіру тәртібімен, арттыруға;
      2) теңгерімдеуші электр энергиясының жария етілген бағасын төмендету тәртібімен, азайтуға.

      27. Сұрыптау тізіміне енгізілген реттеуге қатысуға арналған өтінімдер Жүйелік оператордың бұйрығы бойынша орындалуы үшін міндетті.

      28. Жүйелік оператор, қажет болған жағдайда, реттеуге қатысуға арналған қосымша өтінімдерді қабылдауды жария ете алады.

      29. Жүйелік оператор мына жағдайларда сұрыпталған тізімге сәйкес реттеуге қатысуға арналған өтінімдерді жандандырады:
      жиіліктердің Қазақстан БЖЭ-і жұмысының оқшауландырылған режимінде МСТ-мен белгіленген номиналдық мәндерінен ауытқулары;
      іргелес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге Қазақстанның БЭЖ-і мемлекетаралық электр энергиясының сальдо-ағындарының нақты мәндерінің келісілген тәуліктік кестедегі мәндерінен ауытқулары;
      қималардағы жүктемелер;
      технологиялық бұзылыстар мен авариялардың алдын алу, оқшауландыру және жою.

      30. Жүйелік оператор Қазақстанның БЭЖ-інде электр энергиясының сальдо-ағыны теңгерімсіздігінің мәні оң болған жағдайда, өсіруді реттеуге қатысуға өтінімдерді жандандырады. Қазақстанның БЭЖ-інде электр энергиясы теңгерімсіздігінің мәні теріс болған жағдайда, Жүйелік оператор азайтуды реттеуге қатысуға өтінімдерді жандандырады.

      31. Жүйелік оператор бірінші кезекте 15 минуттан аспайтындай етіп толық жария етілген жүктемені біртіндеп жинап/лақтыра отырып, реттеуге қатысуға арналған өтінімдерді жандандырады.

      32. Жүктемені жинау/лақтыру жылдамдығын есепке ала отырып, электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу үшін Жүйелік оператордың бұйрығы бойынша іске қосылған реттеу көлемі бекітілген тәуліктік кестенің түзетілімі ретінде тіркеуге алынады. Түзетілген тәуліктік кестеден ауытқулар электр энергиясының теңгерімсіздіктері ретінде қаралады және тиісті тәртіппен қаржылық реттеуге жатады.

      33. Теңгерімдеуші электр энергиясының көлемін есептеу реттеуге қатысуға арналған өтінімдерді жандандыру туралы Жүйелік оператордың деректері бойынша есеп айырысу кезеңінің операциялық тәуліктерінің әрбір сағаты үшін жүзеге асырылады.

      34. Есеп айырысу кезеңіндегі операциялық тәуліктердің әрбір сағаты осы сағатта Жүйелік оператор жүргізген реттеудің барынша көп көлемінің өлшемдері бойынша былайша анықталады:
      - арттыруға арналған реттеу сағаты;
      - азайтуға арналған реттеу сағаты;
      - реттеусіз сағат.

      35. Есеп айырысу кезеңінің операциялық тәуліктердің әрбір сағаты үшін теңгерімдеуші электр энергиясының бағасы сұрыптау тізімінен түскен осы сағатта соңғы іске қосылған ұсыныстардың бағасымен анықталады. Бір операциялық сағат шегіндегі барлық іске қосылған өтінімдерге бір бағамен төлем жасалады.

      36. Технологиялық бұзылыстар мен авариялардың алдын алу, оларды оқшауландыру және жою үшін Жүйелік оператордың оралымды жұмыскерлері Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 16 қыркүйектегі N 220 бұйрығымен бекітілген Қазақстан БЭЖ-де апаттық бұзылыстардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ережеге сәйкес іс-қимыл жасайды (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 3090 нормативтік құқықтық актілер).

      37. Ұлттық электр желісінде технологиялық бұзылыстар мен авариялардың алдын алу, оқшауландыру және жою жөнінде (қолмен немесе жүйелік аварияға қарсы автоматиканың іс-қимылымен) операция жүргізілген уақыт кезеңін Жүйелік оператор азайтуға не болмаса өсіруге арналған реттеу жүргізілгеніне қарамастан реттеусіз сағат ретінде анықтайды. Теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізушілермен барлық өзара есеп айырысуларды Жүйелік оператор реттеусіз сағат үшін (осы Ереженің 43-тармағы) белгіленетін электр энергиясы теңгерімінің бағасы бойынша жүргізеді.

      38. Электр желілері учаскелерінің қималарында жүктемелердің болуы жағдайларында реттеуге қатысуға арналған өтінімдерді жүйе-жүйесімен іске қосу қималардың асқын жүктемесіне байланысты теңгерімдеуші энергия жеткізушісінің орналасуына қарай анықталады:
      1) Жүйелік оператор қималардың асқын жүктемесін тіркеуге алады;
      2) теңгерімдеудің жекелеген аймағына Қазақстанның БЭЖ-нің бір бөлігін бөліп беру туралы шешім қабылдайды;
      3) сұрыпталған тізімді бөлінген аймақтарға сәйкес бөледі; әрбір аймақ бойынша жеке-жеке электр энергиясы теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу жөніндегі барлық операцияларды жүргізеді.

      39. Қазақстанның БЭЖ-і қималары мен бөліністерінің жүктемелері теңгерімдеудің әртүрлі аймағына берілген жағдайда, теңгерімдеуші электр энергиясының бағасы әрбір аймақ бойынша жеке-жеке анықталады.

      40. Қазақстанның БЭЖ-і жекелеген бөліктерінің жеке-жеке жұмысы кезінде, оның ішінде жоспарлы және авариялы жөндеулер кезінде қуаттардың резервтерін дайындықта ұстау жөніндегі барлық операциялар, теңгерімдеуші электр энергиясын жеткізуге/сатып алуға арналған өтінімдердің сұрыпталған тізімін жасау, электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи және содан кейін қаржылық реттеу әрбір аймақ бойынша жеке-жеке жүргізіледі.

5-тарау. Электр энергиясының теңгерімсіздіктерін
қаржылық реттеу

      41. Электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді теңгерім Провайдерлерімен теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша Жүйелік оператор жүзеге асырады, бұл ретте Қаржы орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату операцияларын теңгерім Провайдерлерімен теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату шарты бойынша жүзеге асырады.

      42. Жүйелік оператор электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін есептеуді былайша жүзеге асырады:
      1) электр энергиясын сағаттық коммерциялық есепке алудың осы жүйелерінің (аспаптардың) негізінде теңгерім Провайдері қабылдаған/берген электр энергиясының нақтылы көлемі анықталады. Бұл ретте, теңгерім Провайдерінің электр энергиясын қабылдауы "+" белгісімен анықталады, электр энергиясын босатуы "-" белгісімен анықталады;
      2) теңгерім Провайдері үшін электр энергиясының теңгерімсіздігі Жүйелік оператордың бекіткен тәуліктік кестесіндегі (келісілген түзетулерді есепке ала отырып) осы сағат үшін көрсетілген көлемнен бір сағат ішінде қабылданған/берілген электр энергиясының нақтылы көлемінің алгебралық айырмасы ретінде есептеледі;
      3) теңгерім Провайдерінің электр энергиясының оң теңгерімсіздігі Тәуліктік кестеде көрсетілген көлемнен артық электр энергиясын тұтынуды немесе электр энергиясының толығымен жеткіліксіз берілуін білдіреді. Теңгерім Провайдері электр энергиясының теріс теңгерімсіздігі шарттағыдан төмен электр энергиясының нақтылы тұтынылуын немесе электр энергиясының артық берілуін білдіреді;
      4) ЭКЕАЖ-ы жоқ электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері күн сайын Жүйелік операторға электронды поштамен келісілген хаттама бойынша уәкілетті тұлғаның электронды түрде қол қоюымен тұтыну/жеткізудің сағаттық есебінің, көтерме сауда нарығының аралас субъектілерімен және желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымдармен бірге электр энергиясы сальдо-ағынының деректерін жібереді. Келісілген актілер электр энергиясының теңгерімсіздіктерін алдын ала есептеу әрі бұл ретте туындайтын қаржылық міндеттемелер үшін негіз болып табылады;
      5) теңгерім Провайдерінің электр энергиясының сағаттық коммерциялық есепке алудың осындай жүйелері (аспаптары) жоқ болған жағдайда, электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздігі осы Ереженің 9-тарауына сәйкес есеп айырысу жолымен анықталады;
      6) есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ Орталық деректер базасында сақталған электр энергиясын есепке алудың деректерін растау актілері ресімделеді, соның негізінде теңгерім Провайдері немесе ЭҚС субъектісі қабылдаған/босатқан электр энергиясының нақтылы көлемі анықталады. ЭКЕАЖ-ы жоқ ЭҚС субъектілері коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіру актісін ресімдейді, сағат сайынғы мәндерге түзету және сағат сайынғы коммерциялық есепке алуға қайта есептеу жүргізіледі, соның негізінде теңгерім Провайдері қабылдаған/босатқан электр энергиясының нақтылы көлемі анықталады. Теңгерім Провайдері қабылдаған/босатқан электр энергиясы нақтылы көлемінің есеп айырысу кезеңіндегі сағаттық мәндердің сомасынан ауытқулары болған жағдайда, теңгерім Провайдері электр энергиясының сағаттық теңгерімсіздіктерін қайта есептеу жүргізіледі;
      7) Жүйелік операторға келісілген Актілерді ұсынбау электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің сөзсіз келісуін, Жүйелік оператордың теңгерім Провайдерін осы Ереженің 9-тарауына сәйкес есептеу әдісіне пайдалануын білдіреді.

      43. Жүйелік оператор әрбір теңгерім Провайдері үшін тәуліктің әрбір сағатына электр энергиясының теңгерімсіздігі үшін төлемдердің есеп айырысуларын жүзеге асырады:
      1) арттыруға арналған реттеу сағаты үшін теңгерім Провайдерлері оң теңгерімсіздіктер үшін дебеттеу жасайды және теріс теңгерімсіздіктерге өсіруге арналған сұрыптау тізімінде соңғы іске қосылған теңгерімдеуші электр энергиясының бағасымен кредит бөледі;
      2) азайтуға арналған реттеу сағаты үшін теңгерім Провайдерлері оң теңгерімсіздіктер үшін дебеттеу жасайды және теріс теңгерімсіздіктер үшін азайтуға арналған сұрыптау тізімінде соңғы іске қосылған теңгерімдеуші электр энергиясының бағасымен кредит бөледі;
      3) реттеусіз сағат үшін теңгерім Провайдерлері оң теңгерімсіздіктер үшін дебеттеу жасайды және теріс теңгерімсіздіктер үшін орталықтандырылған спот-саудаларындағы осы сағатта электр энергиясының клирингтік бағасымен анықталатын электр энергиясының бағасымен кредит бөледі. Есеп айырысу сағатында орталықтандырылған спот-саудасы болмаған жағдайда, электр энергиясы теңгерімсіздігінің бағасы орталықтандырылған саудаларда ұқсас кезеңдегі клирингтік баға ретінде анықталады;
      4) есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша шектес мемлекеттердің ұйымдарымен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен жасалған шарттар мен өзара қарым-қатынастардың өзге шарттарымен алдын ала келісілген есеп айырысу дебеті мен есеп айырысу кредитінің көлемдері сәйкес келмеген жағдайда, электр энергиясы оң теңгерімсіздігінің сағаттық бағалары дәлдеуші коэффициентті есепке ала отырып, қайта есептеледі. Дәлелдеуші коэффицент есеп айырысу дебетінің есеп айырысу кредитіне қатынасы ретінде анықталады.

      44. Электр энергиясының анықталған теңгерімсіздіктерін теңгерім Провайдерлерімен қаржылық реттеу:
      1) он күн сайын Жүйелік оператор әрбір теңгерім Провайдеріне теңгерімсіздіктер бойынша өзара есеп айырысулар ведомосын жасайды, онда әрбір сағат бойынша теңгерімсіздіктің көлемі мен белгісі, әрбір сағат бойынша теңгерімдеуші электр энергиясының бағасы, есеп айырысу он күндігі үшін дебет пен кредиттің жиынтық көлемі көрсетіледі;
      2) жасалған ведомость теңгерім Провайдері мен Жүйелік оператордың қаржы орталығы арасындағы өзара есеп айырысулар үшін негіз болып табылады;
      3) есеп айырысудың нәтижелері бойынша ҚР электр энергиясының көтерме сауда нарығындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақтылы теңгерімі мен теңгерімсіздіктер бойынша айлық өзара есеп айырысулар ведомостары негізінде Жүйелік оператордың қаржы орталығы мен теңгерім Провайдерлері арасында түпкілікті өзара есеп айырысулар жүзеге асырылады.

      45. Өзінің жауапкершілігін теңгерім Провайдерінің теңгерімі үшін берген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді теңгерім Провайдері теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу жөнінде қызмет көрсетуге жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырады.

      46. Электр энергиясының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарығында нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысулар келісілген түзетулерді есепке ала отырып, бекітілген тәуліктік кестеде көрсетілген электр энергиясының көлеміне жүзеге асырылады. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер үшін есеп айырысулар нақты тұтынылған электр энергиясының көлемімен жүзеге асырылады. Қаржылық өзара есеп айырысулар негізі болып Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақтылы теңгерімі болып табылады.

      47. Қазақстан Республикасының ұлттық электр желілерін пайдаланбастан, көтерме сауда нарығынан тыс жеткізілетін импортталатын/экспортталатын электр энергиясының көлеміне есеп айырысу мемлекетаралық желілер бойынша коммерциялық есепке алудың нақты деректеріне сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Жүйелік оператордың басқа мемлекеттердің ұйымдарымен
және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен өзара іс-қимылы

      48. Жүйелік оператор электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен бірге Қазақстан БЭЖ-і электр энергиясының нақты сальдо-ағындарының жасалған шарттарға сәйкес бекітілген тәуліктік кестеде келісілген шарттық сальдо-ағындарынан ауытқуларын табиғи және қаржылық реттеуді жүзеге асырады.

      49. Жүйелік оператор Қазақстанның БЭЖ-інде электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгеру, электр энергиясының шарттық сальдо- ағындарының сақталуы бойынша функцияларды жүзеге асыра отырып:
      1) басқа мемлекеттердің ұйымдарымен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен электр энергиясының теңгерімін ұстап тұруға бағытталған қызметтерді көрсетуге және/немесе алуға арналған шарттарды жасасады;
      2) есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша басқа мемлекеттердің ұйымдарымен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеуді жүзеге асырады.

      50. Шарттардың нысаны, сипаты мен талаптары үкіметаралық шарттарға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталады.

7-тарау. Қазақстанның БЭЖ-інде қуаттың резервтерін
дайындықта ұстау

      51. Қуат резервтерінің көлемін, құрылымын және орналасуын Жүйелік оператор нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына, Қазақстан Республикасының ұлттық электр желісі схемасының ерекшеліктеріне сәйкес анықтайды.

      52. Жүйелік оператор Қазақстанның БЭЖ-інде электр энергиясының шарттық сальдо-ағындарын сақтау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының көтерме сауда нарығының субъектілерінен, басқа мемлекеттердің энергия жүйелері мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінен қуаттың резервтерін дайындықта ұстау жөніндегі қосалқы қызметтерді сатып алады.

      53. Жүйелік оператор келесі жылға арналған қуат резервінің болжамды көлемін тоқсандар бойынша бөле отырып, есеп айырысу жылы басталғанға дейінгі 45 күн ішінде жария етеді.

      54. Қуаттың резервтерін дайындықта ұстау жөнінде қызмет көрсетуге арналған шартта арттыруға және азайтуға арналған реттеу кезінде оларды пайдалану тәртібі, теңгерімдеуші электр энергиясының құны келісіледі.

8-тарау. Электр энергиясын өлшеу және коммерциялық
есепке алу жүйесі .

      55. Электр энергиясын теңгерімдеуші нарықтың барлық қатысушыларында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 314 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1708 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Электр желілік ережелерінің талаптарына жауап беретін ЭКЕАЖ-ы болуы тиіс.

      56. Электр энергиясын есепке алудың өлшеу кешеніне ие немесе оны шарт негізінде пайдаланушы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының қатысушысы Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ-бен электр энергиясын коммерциялық есепке алу деректерімен алмасуды қамтамасыз етуге міндетті.

      57. Жасалатын ЭКЕАЖ деректері бойынша қаржылық есеп айырысу жүргізу мүмкіндігі үшін және оларды коммерциялық жүйелер ретінде пайдалану легитимділігі мақсатында электр энергиясын теңгерімдеуші нарығы қатысушыларының ЭКЕАЖ жобалауға арналған техникалық тапсырмалары, жобалары, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарының бағдарламалары ЭКЕАЖ-ды құрудың тиісті сатыларында Жүйелік оператормен келісілуі тиіс. ЭКЕАЖ-ды тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау комиссияда Жүйелік оператордың өкілдерінің қатысуымен жүргізілуі тиіс.

      58. ЭКЕАЖ ақпаратымен алмасу хаттамасының регламенті мен құрылымы Жүйелік оператордың қолданатындарымен сәйкестендірілген болуы тиіс. Жүйелік оператордың тараптармен келісілген коммерциялық ақпарат алмасу хаттамасын өзгертуге құқығы бар.

      59. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының коммерциялық есепке алу деректері Жүйелік оператордың коммерциялық есепке алу деректер базасында сақталады. Коммерциялық есеп деректері электр энергиясына өзара есеп айырысу үшін пайдаланылатын коммерциялық есептің барлық өлшенген және есептелген мәндерінен тұрады. Жүйелік оператор коммерциялық есепке алу деректер базасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және теңгерімдеуші нарықта жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінің деректерге кемсітілмей қол жеткізуін ұсынады.

      60. Жүйелік оператор теңгерім Провайдерлеріне коммерциялық есепке алудың деректер базасынан электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің деректерін келісілген мерзімде және келісілген хаттамалар бойынша теңгерім Провайдерлері электр энергиясының нақты теңгерімсіздіктерін есептеу үшін қажетті көлемде береді.

9-тарау. Жүктеме бейінін анықтау, жүктеме бейіні бойынша электр энергиясының теңгерімсіздіктеріне есеп
айырысу жүргізу

      61. Көтерме сауда нарығының әрбір субъектісі - электр энергиясын тұтынушы немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым үшін теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартта жүктеме бейіні - электр энергиясының орташа статистикалық сағат есебінен тәуліктік тұтыну кестесі (сальдо-ағыны) көрсетілуі тиіс.

      62. Жүктеме бейіні электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің тұтынуын сағат сайынғы өлшеу (сальдо-ағын) болмаған жағдайда, тұтынудың сағат сайынғы мәні анықтау үшін пайдаланылады.

      63. Жүктеме бейіні телеметрияның деректері негізінде қалыптасады. Телеметрияның деректері болмаған жағдайда, жүктеме бейіні маусымдық өткізілетін сағат сайынғы бақылау өлшеулер, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің жұмыс режимінің басқа өлшемдерінің статистикалық ақпараттарының негізінде қалыптасады және Жүйелік оператормен келісіледі. Келісілген бейіннің қолданылу мерзімі және оны өзгерту мен келісу талабы теңгерімді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартта келісіледі.

      64. Электр энергиясын тұтынушыда (энергиямен жабдықтаушы ұйымның) келісілген жүктеме бейіні болмаған жағдайда, Жүйелік оператор тұтынудың сағат сайынғы мәндерін анықтау үшін тұтынудың ұқсас құрылымымен немесе аталған тұтынушының жыл сайын жүргізілетін сағат сайынғы бақылау өлшемдерінің деректері бойынша тұтынушының жүктемесінің типтік бейінін анықтайды және пайдаланады.

      65. Бейіндік тұтынушы (энергиямен жабдықтаушы ұйымның) үшін электр энергиясының сағат сайынғы теңгерімсіздіктерін есептеу мынадай түрде жүргізіледі:
      1) келісілген (белгіленген) жүктеме бейіні негізінде жүктеме бейінін толтырудың сағат сайынғы коэффициенті - жүктеменің сағат сайынғы мәнінің тәуліктікке қатынасы анықталады. Жүктемені толтырудың сағат сайынғы коэффициенттерінің сомасы бірлікке тең;
      2) егер электр энергиясын нақты тұтынуды (сальдо-ағын) тәулігіне бір рет өлшеу жүргізілетін болса - тәуліктік тұтынудың (сальдо-ағын) нақты көлемі жүктеме бейінін толтырудың сағат сайынғы коэффициентіне көбейтіледі. Нақты тұтынудың (сальдо-ағын) алынған сағат сайынғы есептеу көлемі бекітілген тәуліктік кестеде көрсетілген сағат сайынғы шарттық мәндермен салыстырылады. Электр энергиясының анықталған сағат сайынғы теңгерімсіздігі теңгерім Провайдерінің Жүйелік оператормен өзара есеп айырысуды жүргізу үшін негіз болып табылады;
      3) Көтерме сауда нарығының субъектісі өңіраралық деңгейдегі электр желілеріне энергия беруші ұйымның немесе өңірлік электр желілік компанияның желісі арқылы қосылған болса, тәуліктік тұтынудың нақты көлемін анықтау (өлшеу) электр энергиясын коммерциялық есепке алу нүктелерінде орнатылған аспаптардың деректері бойынша, ЭКЕАЖ-дың деректер базасында сақталған деректер және тиісті энергия беруші ұйыммен немесе өңірлік электр желілік компаниямен келісілген формулалар бойынша жүргізіледі. Егер электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің және энергия беруші ұйымның немесе өңірлік электр желілік компанияның электр энергиясын тәуліктік тұтынуларының нақты көлемі туралы деректерде алшақтық болған жағдайда есептесуге Жүйелік операторға энергия беруші ұйым немесе өңірлік электр желілік компания берген деректер қабылданады. Өңіраралық деңгейдегі электр желілеріне энергия беруші ұйымның немесе өңірлік электр желілік компанияның желілері қосылған электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі үшін электр энергиясы теңгерімсіздігінің шамасын есептеуге түзету енгізу есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіру актісінің негізінде жүргізіледі;
      4) егер нақты тұтынуды (сальдо-ағын) өлшеу тәулігіне кемінде бір рет жүргізілетін болса, ең бірінші орташа тәуліктік нақты тұтыну (сальдо-ағын) есебі анықталады, содан кейін сағат сайынғы теңгерімсіздік есебі жүргізіледі (осы тармақтың 2-тармақшасына сәйкес);
      5) есеп айырысу кезеңінің нәтижелері бойынша бейіндік тұтынушының (энергиямен жабдықтаушы ұйым) коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін түсіру актісі ресімделеді, оның негізінде Провайдер қабылдаған/босатқан электр энергиясының теңгерімінің нақты көлемі анықталады. Егер электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері қабылдаған/босатқан нақты көлемнің есеп айырысу кезеңіндегі сағат сайынғы мәндердің сомасынан ауытқушылығы болған жағдайда, сағат сайынғы мәндерге түзету және теңгерім Провайдерінің электр энергиясының сағат сайынғы теңгерімсіздіктерін қайта есептеу жүргізіледі.

      66. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері - энергия өндіруші ұйымдар үшін жүктемені сағат сайынғы өлшеу болмаған жағдайда, жүктеме бейіні телеметрияның деректері бойынша, телеметрияның деректері болмаған жағдайда - тәулік ішіндегі орташа сағаттық шама ретінде анықталады.

10-тарау. Электр энергиясын теңгерімдеуші нарыққа арналған
шарттардың стандартты талаптары

      67. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысушылардың арасындағы өзара іс-қимыл регламенттері мен рәсімдері:
      - Жүйелік оператордың электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісімен немесе оның теңгерім Провайдерімен жасалатын Қазақстанның БЭЖ-індегі электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартпен;
      - Қазақстан Республикасының теңгерімдеуші электр энергиясы нарығындағы электр энергиясын сатып алу/сатуға арналған шартпен;
      - Жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісімен жасасатын қуат резервін дайындықта ұстау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шартпен;
      - алынып тасталды
      - теңгерім Провайдерінің электр энергиясы нарығының теңгерім Провайдері ретінде болып табылмайтын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісімен жасасатын электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартпен анықталады.
      Ескерту. 67-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

      68. Қазақстан БЭЖ-гі электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарттың стандартты талаптары болып мыналар табылады:
      1) Қазақстанның БЭЖ-гі электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету талаптары;
      2) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісінің - электр энергиясын тұтынушының немесе энергиямен жабдықтаушы ұйымның жүктеме профилі;
      3) электр энергиясын есепке алу;
      4) электр энергиясының теңгерімсіздіктерін есептеу тәртібі;
      5) төлем жүргізу тәртібі.

      69. Қуат резервін әзірлікте ұстау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шарттың стандартты талаптары болып мыналар табылады:
      1) ұсталатын қуат резервінің шамасы мен құны;
      2) қуат резервін пайдалану тәртібі, жүктеменің жиналуы/тасталу жылдамдығы, Жүйелік оператор электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу кезінде іске қосқан теңгерімдеуші электр энергиясын арттыруға және төмендетуге арналған реттеу кезіндегі шекті бағалар;
      3) Жүйелік оператордың командаларын орындайтын қызметтер жеткізушінің міндеттемелері;
      4) теңгерімсіздіктерді табиғи реттеу кезінде іске қосылған теңгерімдеуші электр энергиясын коммерциялық есепке алу тәртібі;
      5) Жүйелік оператор мен қызметтерді жеткізушінің қаржылық міндеттемелерін белгілеу тәртібі.

      70. <*>
      Ескерту. 70-тармақ алынып тасталды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2009.12.14 № 337 бұйрығымен.

      71. Қаржы орталығы теңгерім Провайдерімен жасасатын Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы электр энергиясын сатып алу/сатуға арналған үлгі шарттың стандартты талаптары мыналар болып табылады:
      1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы электр энергиясын сатып алу/сату шарттары;
      2) электр энергиясын есепке алу;
      3) ақы төлеу тәртібі.

      72. Теңгерім провайдерінің теңгерім Провайдерлері емес электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен жасасатын электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттардың стандартты талаптары мыналар болып табылады:
      1) электр энергиясының теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу бойынша теңгерім Провайдерінің міндеттемелері;
      2) қаржылық міндеттемелерді есептеу тәртібі;
      3) төлемдер жүргізу тәртібі;
      4) электр энергиясының есепке алынған теңгерімсіздіктеріне ақы төлеуге кепілдік.

11-тарау. Дауларды шешу

      73. Қазақстан Республикасында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысушылардың арасындағы, олардың қызметтерінің нәтижесінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

12-тарау. Теңгермелі электр энергиясы нарығы жұмысының
имитациялық режимі

      Ескерту. 12-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008.03.19 N 70 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      74. Имитациялық режимде Жүйелік оператор теңгерімсіздіктерді табиғи реттеуді жүзеге асыру мақсатында электр энергиясын сатып алу-сату, сондай-ақ қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуды жүзеге асырады. Қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға арналған шарттарда қызмет көрсетулер көлемі мен оларды пайдалану тәртібі келтіріледі.
      Ескерту. 74-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.08.13 N 232 Бұйрығымен.

      75. Имитациялық режим кезеңінде электр энергиясының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарығында нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысулар тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін жүзеге асырылады.

      76. Нарық субъектісінің электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемінің тәуліктік кестемен берілгеннен ауытқытуына Жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуге арналған шарт болған жағдайда жол беріледі.

      77. Имитациялық режимде теңгерімсіздіктерді табиғи реттеуді жүзеге асыру тәртібі:
      1) Жүйелік оператор баланс үйлесімсіздігін физикалық реттеуді жүзеге асыру мақсатында сатып алынатын-сатылатын электр энергиясының көлемдерін, сондай-ақ Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру мен тұтынудың болжамдық теңгерімдерінің негізінде қуатты реттеу бойынша сатып алынатын қызметтердің көлемдері мен құрылымын айқындайды және электр энергиясын сатып алу-сатуды және қуатты реттеу бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
      2) Жүйелік оператор қуатты реттеу бойынша қызметтерді және электр энергиясын сатып алу-сатуға сатып алуға жасасқан шарттарды:
      жиіліктің Қазақстан БЭЖ-нің оқшауланған жұмыс режиміндегі тұрақты мәнінен ауытқыған;
      Қазақстан БЭЖ электр энергиясының шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен мемлекетаралық сальдо-ағындарының нақты мән бекітілген тәуліктік кестеде келісілген мәнінен ауытқыған;
      қималардағы асқын жүктемелер;
      технологиялық бұзылыстар мен апаттардың алдын алу, өршітпеу және жою жағдайда іске қосады;
      3) Жүйелік оператор мен нарық субъектісі арасындағы келісім бойынша электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуге арналған шартта осы нарық субъектісінің болуы мүмкін теңгерімсіздіктерінің ауқымы белгіленеді;
      4) теңгерімсіздіктерге тек электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулерге арналған шарттарда қарастырылған мүмкін болар теңгерімсіздіктер аралығының шегінде ғана жол беріледі. Бұл ретте тәулік және есептік мезгіл ішіндегі теңгерімсіздіктердің алгебралық сомасы (сальдо) нөлге тең болуы тиіс;
      5) Жүйелік оператор нарық субъектілерінің мүмкін болар теңгерімсіздіктер аралықтарын және теңгерімсіздіктердің нөлдік сальдосына бақылау жүргізеді әрі нарық субъектісі осы шарттарды бұзған кезде электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулерге шектеулер енгізеді.
      Ескерту. 77-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.08.13 N 232 Бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады