Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 (3-тармақты қараңыз) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Ұшулар тұрақтылығын есепке алуды жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН :
1. "Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 588 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4706 нөмірімен тіркелген "Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 588 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 87 бұйрығымен енгізілген өзгеріспен және толықтырумен бірге Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2673 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 6 шілдедегі N 102 (1305) "Юридическая газета" газетінде, 2007 жылғы 13 қазандағы N 41 (355) "Официальная газета" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 139)-151) анықтамалармен толықтырылсын:
"139) авиакомпанияның коды - ақпаратты қалыптастыру, беру және сақтау жүйелерінде авиа тасымалдаушыны сәйкестендіру үшін рейсті белгілеудің құрамдас бөлігі ретінде қолданылатын белгілердің тіркесі (әріп-әріп, цифр-әріп, әріп-цифр);
140) рейстің бағдары - жөнелту және жету пункттерінің арасында жасалатын тасымалдар тізбектестігіндегі бір немесе бірнеше учаскелер;
141) рейс бағдарының учаскесі - бағдар бойынша жөнелту пунктінен келесі қону пунктіне дейін тасымалдау;
142) әуе кемесін жөнелту - әуе кемесінен тежегіш қалыптарды алу уақыты;
143) есепті самғау уақыты - кестемен белгіленген ӘК жөнелту уақыты және сүйреу мен рульдеуге берілген уақыт;
144) нақты самғау уақыты - самғау уақытының нақтылығы;
145) есепті келу уақыты - нақты самғау уақыты және ұшу сапарының ұзақтық уақыты және қонғаннан кейін рульдеу мен сүйреуге берілген уақыт;
146) сүйреу, рульдеу уақыты - тежегіш қалыптарды алудан бастап әуе кемесі самғағанға дейінгі нақты уақыт;
147) нақты келу уақыты - әуе кемесі қонғаннан кейін рульдеуге және сүйреуге берілген уақытты ескере отырып, тежегіш қалыптарды орнату уақыты;
148) әуе кемесін жөнелтуді кешіктіру - әуе кемесін әуежайдан кестеде (ұшу жоспарында) белгіленген уақыттан кеш жөнелту;
149) рейсті орындауды кешіктіру - әуе кемесінің соңғы әуежайға кестеде (ұшу жоспарында) белгіленген уақыттан кеш келуі;
150) тәуліктік ұшу жоспары - авиакомпанияларда, әуежайларда және аэронавигациялық ұйымдарда тұрақты рейстер қозғалысының кестесі мен ұшу жоспарларының (өтінімдерінің) негізінде жасалатын бір тәулікке жоспарланатын барлық ұшулар (тұрақты, чартерлік, қосымша, техникалық мақсаттағы ұшулар) жоспары;
151) әуе кемесін жөнелтуді кешіктіру актісі - ұшулар тұрақтылығын бұзуға айыптыларға талаптар қою үшін негіз болып табылатын белгіленген нысандағы құжат.";
мынадай мазмұндағы 5-бөліммен толықтырылсын:
"5-бөлім. Азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшу тұрақтылығын есепке алуды қамтамасыз ету
1. Жалпы ережелер
374. Осы бөлім Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ұшулар тұрақтылығының негізгі қағидаттарын белгілейді.
375. Осы бөлімнің талаптары тұрақты ұшуларды дайындауға, қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация субъектілеріне таралады.
2. Ұшулар тұрақтылығын қамтамасыз ету
376. Тікелей орындаушы ӘК жөнелтуге дайындауды қамтамасыз етудің технологиялық кестесіне сәйкес технологиялық операциялардың орындалу уақтылығын және сапасын қамтамасыз етеді.
377. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарының жедел ауысымдарының диспетчері (аға диспетчері) технологиялық операцияларды орындау жөніндегі барлық өндірістік буындардың қызметіне басшылық ету мен үйлестіруді ӘК жөнелтуге дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес қамтамасыз етеді.
378. ӘК командирі алынған тапсырмаға сәйкес экипаж дайындығының және ұшуды орындаудың уақтылығын қамтамасыз етеді.
379. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдары қызметінің (ауысымының) жетекшісі технологиялық операцияларды орындау қызметін (ауысымның) ұйымдастыруды ӘК жөнелтуге дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес қамтамасыз етеді
380. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарының жедел ауысымының жетекшісі ӘК жөнелтуге дайындау, ұшуды жер бетінде қамтамасыз ету кешенін жұмысқа дайындау кезінде барлық қызметтердің жедел ауысымдарының жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді, кешіктірудің алдын алу бойынша шаралар қабылдауды, кешіктіру уақытын барынша қысқарту және ӘК жөнелтуді кешіктірудің жолаушылар, әуежай және авиакомпания үшін теріс салдарын барынша азайту бойынша шаралар қабылдау, кешіктіру себептерін объективті айқындауды, оларды дұрыс ресімдеуді және есепке алуды, жедел ауысымда ұшу тұрақтылығы жөнінде есептемелер шынайылығы мен уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.
381. Авиакомпанияның өкілі ӘК дайындаудың технологиялық кестесімен көзделген операциялардың уақтылы орындалуын, ӘК қозғалысы туралы хабарлар табеліне сәйкес ұсынылатын ақпараттың уақтылығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.
382. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарының диспетчерлік қызметінің жетекшісі ұшу тұрақтылығын, ұшу тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердің өзара әрекеттесуін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеудің сапалылығын, кешіктіру себептерін объективті айқындауды, ұшу тұрақтылығын есепке алудың және есептемелер дұрыстылығын қамтамасыз етеді.
383. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын әуежайлардың және авиакомпаниялардың жетекшісі және жетекшінің орынбасары осы Ереженің 5-бөлімінің орындалуын қамтамасыз етеді.
384. Ұшу тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі функциялар тиісті ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарда бекітілген болуға тиіс.
3. Ұшулар тұрақтылығын бағалау
385. Қазақстан Республикасында азаматтық авиация ӘК ұшу тұрақтылығы:
1) авиакомпанияларда - рейстерді орындау тұрақтылығы бойынша;
2) әуежайларда - кестеде көзделген, азаматтық авиация ӘК жөнелту тұрақтылығы бойынша бағаланады.
386. Егер ӘК самғауды кестеде көрсетілген қосымша рульдеуге және әуе қозғалысының қамтамасыз етуге белгіленген уақытынан кешікпей орындаса, рейстерді орындау тұрақты деп есептеледі.
Егер ӘК тежегіш қалыптарды алу кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген жөнелту уақытынан кешіктірмей жүргізілсе, жөнелту тұрақты деп есептеледі.
387. Рульдеуге және әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белгіленген уақыт:
1) жөнелту кезінде барлық ӘК үлгілері үшін - 20 минут;
2) келу кезінде барлық ӘК үлгілері үшін - 20 минут.
388. Рейстің кестесінде көрсетілген жөнелту уақыты Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарының жолаушы және диспетчерлік қызметтері үшін бірыңғай болып табылады.
389. Рейстерді орындау тұрақтылығы тұрақты орындалған рейстердің кестеде көзделген ӘК жөнелтуге, рейстердің жалпы санына қатынасы ретінде пайызбен белгіленеді.
4. Ұшулар тұрақтылығын есепке алу қағидаттары
390. ӘК жөнелту тұрақтылығы мен рейстерді орындау тұрақтылығы уәкілетті орган белгіленген тәртіпте бекіткен кесте бойынша орындалатын рейстер бойынша есепке алынады.
391. ӘК кестеде көзделмеген әуежайларға қонған кезде, оларды осындай әуежайлардан жөнелту тұрақтылығы есепке алынбайды.
392. ӘК жөнелтуді кешіктіру "Кешіктіру себептерінің сыныптауышына (кодификаторына) (осы Ережеге 55-қосымша) сәйкес, әуежайға, авиакомпанияға және ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын басқа кәсіпорындарға жатқызылады.
393. Рейс мынадай жағдайларда:
1) коммерциялық жүктеменің жоқтығынан рейс болмаған кезде;
2) коммерциялық жүктеменің жоқтығынан немесе метеожағдайлардың минимумнан төмен болуы себебінен ӘК аралық әуежайдан ұшып өткен кезде жоспардағылардың қатарынан шығарып тасталады.
394. ӘК алмастырылған кезде жөнелту тұрақтылығы кесте (ұшу жоспары) бойынша есепке алынады.
395. ӘК жолаушылар сыйымдылығы кем екі немесе бірнеше ӘК алмастырылған кезде бірінші ӘК жөнелту кестесіне (ұшу жоспарына) сәйкес, келесілерін жөнелту - алдын ала ұшу жоспарлары (АҰЖ) немесе файл-жоспарлар бойынша есепке алынады.
396. Екі ӘК сыйымдылығы артық біреуімен алмастырылған кезде жөнелту тұрақтылығы бірінші ӘК жөнелту кестесі бойынша есепке алынады, екіншісін жөнелту коммерциялық жүктеме болмағандықтан жоспардан шығарып тасталады.
397. ӘК ұшып шығуы келесі тәулікке ауыстырылған кезде, оның жөнелту тұрақтылығы бастапқыда ӘК кесте (ұшу жоспары) бойынша жөнелту көзделген тәуліктегі кестеге (ұшу жоспарына) сай есепке алынады. Оны кешіктірудің ұзақтығы кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген келесі тәулікте бірінші тағайындалған жөнелту мерзімге дейін көрсетілген уақыттан бастап есепке алынады және нақты жөнелту уақыты бойынша нақтыланады.
398. ӘК аралық (айналымдық) әуежайда тұрақтағы уақыты тежегіш қалыптарды орнату уақытынан бастап алынып тасталатын уақытқа дейін:
1) есепті (кесте бойынша) уақыттан ерте келген кезде - есепті (кесте бойынша) уақыттан бастап;
2) есепті (кесте бойынша) уақыттан кеш келген кезде - нақты (кесте бойынша) уақыттан бастап саналады.
399. Басталуы кестеде (ұшу жоспарында) бір күнтізбелік тәулікте, ал аяқталуы - келесі тәулікте көзделген рейсті орындау тұрақтылығы рейсті кесте (ұшу жоспары) бойынша аяқтау көзделген тәулікте есепке алынады.
400. ӘК жөнелтуді әрбір кешіктіру бойынша ұшу тұрақтылығының бұзылу себептерін айқындау кезінде негізгі құжат болып табылатын белгіленген нысанда акт (осы Ережеге 56 - қосымша) жасалады.
401. Авиакомпанияның айыбынан кешіктіру актілеріне авиакомпанияның өкілі (экипаж мүшесі) қол қояды, актінің көшірмесі авиакомпанияның талабы бойынша беріледі.
402. Ауа-райы жағдайларына байланысты кешіктіру актілері нақты себептерін көрсетіп жасалады. Метеожағдайлар бойынша жаппай кешіктіру кезінде барлық кешіктіруге бір акт жасауға жол беріледі.
403. ӘК кеш келгендіктен кешіктіру актісі жасалмайды, кешіктірулер журналда есепке алынады. ӘК кеш келу себептері ұшып шығу туралы алынған хабарлар немесе экипаждың баяндамасы бойынша анықталады. Әуе кемесінің кестеде (ұшу жоспарында) белгіленген уақыттан кеш келуі кеш келу болып есептеледі.
404. ӘК жөнелтуді кешіктіруге актілерді әуежайдың диспетчерлік қызметі (кәсіпорынның өндірістік-диспетчерлік қызметі (КӨДҚ), кәсіпорынның әуеайлақтық-диспетчерлік қызметі (КӘДҚ)) оқиға орын алғанда жасайды.
Әуежай қызметінің (ауысымының) жетекшісі тартылған қызметтер мен ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп кешіктіру себептерін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді.
405. ӘК жөнелтуді кешіктіру актілері 2 данада жасалады, оларға қатысушы тараптардың өкілдері қолдарын қоюы тиіс. Кешіктіру актісі талаптар ұсыну үшін құжатты негіз болып табылады.
406. Кешіктіру себептері және айыпты тарап "Кешіктіру себептерінің сыныптауышына" (осы Ережеге 55-қосымша) сәйкес анықталады.
407. Егер жөнелтуді кешіктіру бірнеше себептен орын алса, онда актіде әрбір кешіктіру себебі бойынша нақты уақыт көрсетіледі.
408. ӘК жөнелтуді және рейстерді орындауды кешіктіруді есепке алу ұшулардың тәуліктік жоспарында, ұшу тұрақтылығын бұзушылықтарды күнделікті есепке алу журналында немесе электронды түрде жүргізіледі.
5. Ұшулар тұрақтылығы жөнінде есептемелер жасау
409. Ұшу тұрақтылығы жөнінде есептеме жүргізу:
1) авиакомпанияларда ұшулардың орындалуын бақылау қызметіне немесе басқа қызметке (авиакомпанияның өзінің шешімі бойынша);
2) әуежайларда әуежайдың өндірістік-диспетчерлік қызметіне жүктеледі және ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдық пен жыл үшін жүргізіледі (осы Ережеге 57-қосымша).
410. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бекіткен есептемелер нысандары ұшу тұрақтылығы бойынша ресми есептік құжаттар болып табылады.
Авиакомпанияның (Қазақстан Республикасында тіркелген) меншік паркіндегі кестені орындау туралы есептемесі және оған түсіндірме жазба.
Қазақстан Республикасы әуежайының ӘК тиесілігіне қарамастан, жөнелту тұрақтылығы туралы есептемесі.
411. Есептемелердің негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайлары бойынша ұшу тұрақтылығының жай-күйіне талдау жасайды.
6. Ұшу тұрақтылығы бойынша жасалатын құжаттама
412. Азаматтық авиация кәсіпорындарында (авиакомпания, әуежай, жер бетінде қызмет көрсететін компания) ұшу тұрақтылығы бойынша мынадай құжаттар жүргізіледі:
1) тәуліктік ұшу жоспары;
2) рейсті жөнелтуді кешіктіру актісі.
413. "Тәуліктік ұшу жоспарын" жүргізу (толтыру) нысандары мен тәртібін азаматтық авиация кәсіпорындары ішкі регламенттер мен нормативтерді ескере отырып, деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің техникалық мүмкіндіктерін негізге алып, дербес әзірлейді.";
осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 55, 56, 57-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
N 227 бұйрығына
1-қосымша
"Әуе кемесін ұшуға дайындау
ережесіне 55-қосымша
ӘК ҰШУ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СЫНЫПТАУЫШЫ
2 санды |
Кешіктіру себептерінің сипаттамасы |
КЕШІКТІРУ СЕБЕПТЕРІНІҢ СТАНДАРТТЫ КОДТАРЫ |
|
АВИАКОМПАНИЯНЫҢ ІШКІ КОДТАРЫ |
|
00-05 |
Бұл кодтар таза (бос) қалдырылған, себебі әрбір |
СЕБЕПТЕРДІҢ БАСҚА КОДТАРЫ |
|
06 |
"өз авиакомпаниясы қызметінің нәтижесінде |
09 |
"кесте бойынша жер бетіндегі уақыт" қызмет көрсету |
ЖОЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ БАГАЖДЫ ӨҢДЕУ |
|
11 |
тіркеу аймағында шекті мерзімнен кейін жүзеге |
12 |
тіркеу ауданында жолаушылар шоғырландықтан "кеш |
13 |
"тіркеудегі қателік", жолаушылар, багаж |
14 |
"қайта сату", авиабилеттер сатудағы қателік |
15 |
"жолаушыларды отырғызу" жолаушылар тізіміндегі |
16 |
"коммерциялық жариялылық - жолаушының әзірлігі, VIP |
17 |
"бортта тамақтандыруға тапсырыс", жеткізушіге |
18 |
"багажды өңдеу", сұрыптау. |
19* |
Жолаушыларды қосымша отырғызу, жүктерді қосымша тиеу |
ЖҮК ЖӘНЕ ПОЧТА |
|
21 |
"құжаттама", жасаудағы қателік |
22 |
"жүкті ӘК бортында кеш орналастыру" |
23 |
"жүкті кеш қабылдау" |
24 |
"бума талаптарға сай келмейді" |
25 |
"қайта сату", жүк сыйымдығын сатудағы қателік |
26 |
"жүкті қоймада кеш дайындау" |
1.5 |
тек қана ПОЧТА |
27 |
"құжаттама, бума және" |
28 |
"кеш орналастыру" |
29 |
"кеш қабылдау" |
ӘУЕ КЕМЕСІ ЖӘНЕ ПЕРРОНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ |
|
31 |
"құжаттама әуе кемесіне кеш жеткізілді, дұрыс |
32 |
габаритты емес/ауыр салмақты, арнайы жүкті |
32а |
жолаушылар салонының жүгін "тиеу/түсіру" |
33 |
"тиеу құралдары", мысалы, паллеталар мен |
34 |
"қызмет көрсету құралдары", жетіспеушілік немесе |
35 |
"әуе кемесін жинау" |
36 |
"жанармай құю/ағызу", авиаотын жеткізу |
37 |
"бортта тамақтандыру", кеш жеткізу немесе тиеу |
38 |
"ЖТҚ" (жүктерді тиеу құралдары), жетіспеушілік |
39 |
"техникалық құралдар", жетіспеушілік немесе сыну, |
ӘК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ЖАБДЫҒЫ |
|
41 |
"ӘК ақаулықтары" |
42 |
"жоспарлы техникалық қызмет көрсету", ӘК кеш беру |
43 |
"жоспардан тыс қызмет көрсету", арнайы "чектер" |
44 |
"қосалқы бөлшектер және техникалық қызмет көрсету |
45 |
басқа әуежайға тасымалдануға тиіс "ӘК жер бетінде |
46 |
техникалық себептер бойынша "ӘК алмастыру" |
47 |
"резервтік ӘК", техникалық себептер бойынша |
48 |
"жолаушылар салонының конфигурациясын/нұсқасын |
ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ |
|
51 |
"ұшу сапарын орындау барысында зақымдалу", құспен |
52 |
"жер бетінде қызмет көрсету уақытында зақымдалу", |
ДЕРЕКТЕРДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӨҢДЕУ/АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРАЛДАРДЫҢ |
|
55 |
"жөнелтуді бақылау" |
56 |
"жүктерді/құжаттаманы дайындау" |
57 |
"Флайт-жоспарлар" |
ҰШУЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ЭКИПАЖДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ |
|
61 |
"флайт-жоспар", оны кеш жасау (тапсыру) немесе |
62 |
"ұшуды орындау шарттары", авиаотын, шекті |
63 |
ауысымдық немесе резервтікті қоспағанда (ұшатын |
64 |
"ұшатын экипаждың құрамы толық емес", ауруы, |
65 |
ұшуды орындау талаптарына кірмейтін "ұшатын |
66 |
ауысымдық немесе резервтікті қоспағанда, |
67 |
"бортсеріктердің құрамы толық емес", ауруы, |
68 |
ұшуды орындау талаптарына кірмейтін "бортсеріктер- |
69 |
"ӘКК қауіпсіздікке тексеру жүргізу туралы |
АУА-РАЙЫ ШАРТТАРЫ |
|
71 |
"жөнелту пунктінде" |
72 |
"жеткізу пунктінде" |
73 |
"бағдар бойынша немесе қосалқы әуеайлақта" |
74 |
"ӘК мұздануға қарсы өңдеу", мұзды және/немесе қарды |
75 |
"әуежай нысандарында қардан, мұздан, судан және |
76 |
"жер бетінде қызмет көрсету қолайсыз ауа-райы |
ӘҚБ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТАРАПЫНАН ШЕКТЕУЛЕР |
|
81 |
"ӘҚБ тарапынан ресми тыйым салудың/бағдар бойынша |
82 |
"ӘҚБ қызметі персонал/бағдардағы жабдыққа |
83 |
"ӘҚБ тарапынан жету әуежайындағы себептер бойынша, |
84 |
"ӘҚБ тарапынан жету әуежайындағы ауа-райы |
ӘУЕЖАЙ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАР |
|
85 |
"міндетті қауіпсіздік шаралары" |
86 |
"көші-қону (төлқұжаттық бақылау), кеден, |
87 |
"әуежайдың шектеулі мүмкіншіліктері", ӘК |
88 |
"жеткізу әуежайындағы шектеулер", әуежай |
89 |
түрлі кедергілердің, ауа-райының (тек шектеулер |
БАСҚА СЕБЕПТЕРДІҢ ТЕРІС САЛДАРЫ |
|
91 |
"тиеуді түйістіру", басқа рейстен тиеуді күту |
92 |
жолаушылар мен багажды "тіркеудегі қателіктің |
93 |
"ӘК ауыстыру", ӘК басқа рейстен немесе рейстің |
94 |
"бортсеріктерді ауыстыру", басқа рейстен |
95 |
"экипажды ауыстыру", басқа рейстен экипажды (ұшатын |
96 |
"ұшудың орындалуын бақылау", бағдарды өзгерту, |
ТҮРЛІ СЕБЕПТЕР |
|
97 |
"өз авиакомпаниясындағы ереуіл қимылы" |
98 |
ӘҚБ қызметтерін қоспағанда, "өз авиакомпаниясынан |
99 |
Бұл код тек ол азат болғанда және кешіктіру себебі |
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
N 227 бұйрығына
2-қосымша
"Әуе кемесін ұшуға дайындау
ережесіне 56-қосымша
ӘУЕ КЕМЕСІН ЖӨНЕЛТУДІ КЕШІКТІРУ АКТІСІ
THE REPORT FOR DELAY ON DEPARTURE OF AIRCRAFT
ӘУЕЖАЙ КҮНІ
AIRPORT __________________________________ DATE ____________________
РЕЙС НӨМІРІ ӘК НӨМІРІ АВИАКОМПАНИЯ
FLIGHT NUMBER __________ AIRCRAFTE_______AIRLINE ___________________
КЕСТЕ БОЙЫНША ЖӨНЕЛТУ УАҚЫТЫ
SCHEDULED TIME OF DEPARTURE ____________________________ (UTC)
НАҚТЫ ЖӨНЕЛТУ УАҚЫТЫ
ACTUAL TIME OF DEPARTURE ________________________________ (UTC)
КЕШІКТІРУДІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ КЕШІКТІРУ СЕБЕБІНІҢ КОДЫ
DURATION OF DELAY ____________________ REASONS CODE FOR DELAY______
КЕШІКТІРУ СЕБЕБІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
DESCRIPTION REASONS OF DELAY________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
КЕШІКТІРУГЕ ЖОЛ БЕРГЕН ҚЫЗМЕТ
DEPARTAMENT COMMITS A DELAY
____________________________________________________________________
(ЛАУАЗЫМЫ, ҚОЛЫ) (POSITION,SIGNATURE)
АВИАКОМПАНИЯНЫҢ (ЭКИПАЖДЫҢ) ӨКІЛІ
REPRESENTATIVE OF AIRLINE (CREW)
____________________________________________________________________
(ЛАУАЗЫМЫ, ҚОЛЫ) (POSITION,SIGNATURE)
ӘУЕЖАЙДЫҢ ӨКІЛІ
REPRESENTATIVE OF AIRPORT
____________________________________________________________________
(ЛАУАЗЫМЫ, ҚОЛЫ) (POSITION,SIGNATURE)
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2008 жылғы 20 мамырдағы
N 227 бұйрығына 3-қосымша
"Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесіне 57-қосымша
____ жылғы»"_____________" (ай, тоқсан, жарты жылдық, жыл)
әуежайдан ӘК қозғалысының тұрақтылығын ТАЛДАУ
N 1-кесте ӘК жалпы жөнелту саны және қозғалысының тұрақтылығы
өткен жыл |
ағымдағы жыл |
+ |
өсуі |
|||||
нақты |
тірк. |
тірк.% |
нақты |
тірк. |
тірк.% |
- |
төмен- |
|
халықаралық |
||||||||
ҚР |
||||||||
Жиыны: |
||||||||
Барлығы |
Кестеге түсініктеме
N 2-кесте ҚР бойынша рейстерді кешіктіру
барлығы |
жеке құрамның кінәсі бойынша |
|||
өткен жыл |
ағымдағы жыл |
өткен жыл |
ағымдағы жыл |
|
әуежай қызметтері |
||||
Қозғалыс қызметі |
||||
авиакомпаниялар |
||||
өзгелер |
||||
барлығы |
Кестеге түсініктеме
N 3-кесте Халықаралық кесте бойынша рейстерді кешіктіру
барлығы |
барлығы |
жеке құрамның кінәсі бойынша |
||
өткен жыл |
ағымдағы жыл |
өткен жыл |
ағымдағы жыл |
|
Қозғалыс қызметі |
||||
Әуежай қызметтері |
||||
Өзгелері, |
||||
ШКБ |
||||
шетелдік ә/ж |
||||
авиакомпаниялар |
Кестеге түсініктеме
4-кесте Қызметтерге байланысты емес кешіктіру
Барлығы |
халықаралық |
ҚР |
||||
өткен жыл |
ағымдағы жыл |
өткен жыл |
ағымдағы жыл |
өткен жыл |
ағымдағы жыл |
|
метео |
||||||
ұкк |
||||||
м\ж ұкк |
Кестеге түсініктеме
ҚОРЫТЫНДЫЛАР: ____
РЕЙСТЕРДІ КЕШІКТІРУДІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ: ____ БОЛЫП ТАБЫЛҒАН.