"Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 588 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 227 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 23 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5244 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 28 маусымдағы № 403 (3-тармақты қараңыз) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      Ұшулар тұрақтылығын есепке алуды жетілдіру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 588  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4706 нөмірімен тіркелген "Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 588 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 87 бұйрығымен енгізілген өзгеріспен және толықтырумен бірге Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2673 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 6 шілдедегі N 102 (1305) "Юридическая газета" газетінде, 2007 жылғы 13 қазандағы N 41 (355) "Официальная газета" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесінде:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 139)-151) анықтамалармен толықтырылсын:
      "139) авиакомпанияның коды - ақпаратты қалыптастыру, беру және сақтау жүйелерінде авиа тасымалдаушыны сәйкестендіру үшін рейсті белгілеудің құрамдас бөлігі ретінде қолданылатын белгілердің тіркесі (әріп-әріп, цифр-әріп, әріп-цифр);
      140) рейстің бағдары - жөнелту және жету пункттерінің арасында жасалатын тасымалдар тізбектестігіндегі бір немесе бірнеше учаскелер;
      141) рейс бағдарының учаскесі - бағдар бойынша жөнелту пунктінен келесі қону пунктіне дейін тасымалдау;
      142) әуе кемесін жөнелту - әуе кемесінен тежегіш қалыптарды алу уақыты;
      143) есепті самғау уақыты - кестемен белгіленген ӘК жөнелту уақыты және сүйреу мен рульдеуге берілген уақыт;
      144) нақты самғау уақыты - самғау уақытының нақтылығы;
      145) есепті келу уақыты - нақты самғау уақыты және ұшу сапарының ұзақтық уақыты және қонғаннан кейін рульдеу мен сүйреуге берілген уақыт;
      146) сүйреу, рульдеу уақыты - тежегіш қалыптарды алудан бастап әуе кемесі самғағанға дейінгі нақты уақыт;
      147) нақты келу уақыты - әуе кемесі қонғаннан кейін рульдеуге және сүйреуге берілген уақытты ескере отырып, тежегіш қалыптарды орнату уақыты;
      148) әуе кемесін жөнелтуді кешіктіру - әуе кемесін әуежайдан кестеде (ұшу жоспарында) белгіленген уақыттан кеш жөнелту;
      149) рейсті орындауды кешіктіру - әуе кемесінің соңғы әуежайға кестеде (ұшу жоспарында) белгіленген уақыттан кеш келуі;
      150) тәуліктік ұшу жоспары - авиакомпанияларда, әуежайларда және аэронавигациялық ұйымдарда тұрақты рейстер қозғалысының кестесі мен ұшу жоспарларының (өтінімдерінің) негізінде жасалатын бір тәулікке жоспарланатын барлық ұшулар (тұрақты, чартерлік, қосымша, техникалық мақсаттағы ұшулар) жоспары;
      151) әуе кемесін жөнелтуді кешіктіру актісі - ұшулар тұрақтылығын бұзуға айыптыларға талаптар қою үшін негіз болып табылатын белгіленген нысандағы құжат.";

      мынадай мазмұндағы 5-бөліммен толықтырылсын:
       "5-бөлім. Азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшу тұрақтылығын есепке алуды қамтамасыз ету

  1. Жалпы ережелер

      374. Осы бөлім Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы ұшулар тұрақтылығының негізгі қағидаттарын белгілейді.
      375. Осы бөлімнің талаптары тұрақты ұшуларды дайындауға, қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтық авиация субъектілеріне таралады.

  2. Ұшулар тұрақтылығын қамтамасыз ету

      376. Тікелей орындаушы ӘК жөнелтуге дайындауды қамтамасыз етудің технологиялық кестесіне сәйкес технологиялық операциялардың орындалу уақтылығын және сапасын қамтамасыз етеді.
      377. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарының жедел ауысымдарының диспетчері (аға диспетчері) технологиялық операцияларды орындау жөніндегі барлық өндірістік буындардың қызметіне басшылық ету мен үйлестіруді ӘК жөнелтуге дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес қамтамасыз етеді.
      378. ӘК командирі алынған тапсырмаға сәйкес экипаж дайындығының және ұшуды орындаудың уақтылығын қамтамасыз етеді.
      379. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдары қызметінің (ауысымының) жетекшісі технологиялық операцияларды орындау қызметін (ауысымның) ұйымдастыруды ӘК жөнелтуге дайындаудың технологиялық кестесіне сәйкес қамтамасыз етеді
      380. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарының жедел ауысымының жетекшісі ӘК жөнелтуге дайындау, ұшуды жер бетінде қамтамасыз ету кешенін жұмысқа дайындау кезінде барлық қызметтердің жедел ауысымдарының жұмысын ұйымдастыруды және үйлестіруді, кешіктірудің алдын алу бойынша шаралар қабылдауды, кешіктіру уақытын барынша қысқарту және ӘК жөнелтуді кешіктірудің жолаушылар, әуежай және авиакомпания үшін теріс салдарын барынша азайту бойынша шаралар қабылдау, кешіктіру себептерін объективті айқындауды, оларды дұрыс ресімдеуді және есепке алуды, жедел ауысымда ұшу тұрақтылығы жөнінде есептемелер шынайылығы мен уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.
      381. Авиакомпанияның өкілі ӘК дайындаудың технологиялық кестесімен көзделген операциялардың уақтылы орындалуын, ӘК қозғалысы туралы хабарлар табеліне сәйкес ұсынылатын ақпараттың уақтылығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.
      382. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын азаматтық авиация ұйымдарының диспетчерлік қызметінің жетекшісі ұшу тұрақтылығын, ұшу тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтердің өзара әрекеттесуін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеудің сапалылығын, кешіктіру себептерін объективті айқындауды, ұшу тұрақтылығын есепке алудың және есептемелер дұрыстылығын қамтамасыз етеді.
      383. ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын әуежайлардың және авиакомпаниялардың жетекшісі және жетекшінің орынбасары осы Ереженің 5-бөлімінің орындалуын қамтамасыз етеді.
      384. Ұшу тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі функциялар тиісті ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарда бекітілген болуға тиіс.

  3. Ұшулар тұрақтылығын бағалау

      385. Қазақстан Республикасында азаматтық авиация ӘК ұшу тұрақтылығы:
      1) авиакомпанияларда - рейстерді орындау тұрақтылығы бойынша;
      2) әуежайларда - кестеде көзделген, азаматтық авиация ӘК жөнелту тұрақтылығы бойынша бағаланады.
      386. Егер ӘК самғауды кестеде көрсетілген қосымша рульдеуге және әуе қозғалысының қамтамасыз етуге белгіленген уақытынан кешікпей орындаса, рейстерді орындау тұрақты деп есептеледі.
      Егер ӘК тежегіш қалыптарды алу кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген жөнелту уақытынан кешіктірмей жүргізілсе, жөнелту тұрақты деп есептеледі.
      387. Рульдеуге және әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белгіленген уақыт:
      1) жөнелту кезінде барлық ӘК үлгілері үшін - 20 минут;
      2) келу кезінде барлық ӘК үлгілері үшін - 20 минут.
      388. Рейстің кестесінде көрсетілген жөнелту уақыты Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарының жолаушы және диспетчерлік қызметтері үшін бірыңғай болып табылады.
      389. Рейстерді орындау тұрақтылығы тұрақты орындалған рейстердің кестеде көзделген ӘК жөнелтуге, рейстердің жалпы санына қатынасы ретінде пайызбен белгіленеді.

  4. Ұшулар тұрақтылығын есепке алу қағидаттары

      390. ӘК жөнелту тұрақтылығы мен рейстерді орындау тұрақтылығы уәкілетті орган белгіленген тәртіпте бекіткен кесте бойынша орындалатын рейстер бойынша есепке алынады.
      391. ӘК кестеде көзделмеген әуежайларға қонған кезде, оларды осындай әуежайлардан жөнелту тұрақтылығы есепке алынбайды.
      392. ӘК жөнелтуді кешіктіру "Кешіктіру себептерінің сыныптауышына (кодификаторына) (осы Ережеге 55-қосымша) сәйкес, әуежайға, авиакомпанияға және ӘК жөнелтуге дайындауға қатысатын басқа кәсіпорындарға жатқызылады.
      393. Рейс мынадай жағдайларда:
      1) коммерциялық жүктеменің жоқтығынан рейс болмаған кезде;
      2) коммерциялық жүктеменің жоқтығынан немесе метеожағдайлардың минимумнан төмен болуы себебінен ӘК аралық әуежайдан ұшып өткен кезде жоспардағылардың қатарынан шығарып тасталады.
      394. ӘК алмастырылған кезде жөнелту тұрақтылығы кесте (ұшу жоспары) бойынша есепке алынады.
      395. ӘК жолаушылар сыйымдылығы кем екі немесе бірнеше ӘК алмастырылған кезде бірінші ӘК жөнелту кестесіне (ұшу жоспарына) сәйкес, келесілерін жөнелту - алдын ала ұшу жоспарлары (АҰЖ) немесе файл-жоспарлар бойынша есепке алынады.
      396. Екі ӘК сыйымдылығы артық біреуімен алмастырылған кезде жөнелту тұрақтылығы бірінші ӘК жөнелту кестесі бойынша есепке алынады, екіншісін жөнелту коммерциялық жүктеме болмағандықтан жоспардан шығарып тасталады.
      397. ӘК ұшып шығуы келесі тәулікке ауыстырылған кезде, оның жөнелту тұрақтылығы бастапқыда ӘК кесте (ұшу жоспары) бойынша жөнелту көзделген тәуліктегі кестеге (ұшу жоспарына) сай есепке алынады. Оны кешіктірудің ұзақтығы кестеде (ұшу жоспарында) көрсетілген келесі тәулікте бірінші тағайындалған жөнелту мерзімге дейін көрсетілген уақыттан бастап есепке алынады және нақты жөнелту уақыты бойынша нақтыланады.
      398. ӘК аралық (айналымдық) әуежайда тұрақтағы уақыты тежегіш қалыптарды орнату уақытынан бастап алынып тасталатын уақытқа дейін:
      1) есепті (кесте бойынша) уақыттан ерте келген кезде - есепті (кесте бойынша) уақыттан бастап;
      2) есепті (кесте бойынша) уақыттан кеш келген кезде - нақты (кесте бойынша) уақыттан бастап саналады.
      399. Басталуы кестеде (ұшу жоспарында) бір күнтізбелік тәулікте, ал аяқталуы - келесі тәулікте көзделген рейсті орындау тұрақтылығы рейсті кесте (ұшу жоспары) бойынша аяқтау көзделген тәулікте есепке алынады.
      400. ӘК жөнелтуді әрбір кешіктіру бойынша ұшу тұрақтылығының бұзылу себептерін айқындау кезінде негізгі құжат болып табылатын белгіленген нысанда акт (осы Ережеге 56 - қосымша) жасалады.
      401. Авиакомпанияның айыбынан кешіктіру актілеріне авиакомпанияның өкілі (экипаж мүшесі) қол қояды, актінің көшірмесі авиакомпанияның талабы бойынша беріледі.
      402. Ауа-райы жағдайларына байланысты кешіктіру актілері нақты себептерін көрсетіп жасалады. Метеожағдайлар бойынша жаппай кешіктіру кезінде барлық кешіктіруге бір акт жасауға жол беріледі.
      403. ӘК кеш келгендіктен кешіктіру актісі жасалмайды, кешіктірулер журналда есепке алынады. ӘК кеш келу себептері ұшып шығу туралы алынған хабарлар немесе экипаждың баяндамасы бойынша анықталады. Әуе кемесінің кестеде (ұшу жоспарында) белгіленген уақыттан кеш келуі кеш келу болып есептеледі.
      404. ӘК жөнелтуді кешіктіруге актілерді әуежайдың диспетчерлік қызметі (кәсіпорынның өндірістік-диспетчерлік қызметі (КӨДҚ), кәсіпорынның әуеайлақтық-диспетчерлік қызметі (КӘДҚ)) оқиға орын алғанда жасайды.
      Әуежай қызметінің (ауысымының) жетекшісі тартылған қызметтер мен ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп кешіктіру себептерін тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді.
      405. ӘК жөнелтуді кешіктіру актілері 2 данада жасалады, оларға қатысушы тараптардың өкілдері қолдарын қоюы тиіс. Кешіктіру актісі талаптар ұсыну үшін құжатты негіз болып табылады.
      406. Кешіктіру себептері және айыпты тарап "Кешіктіру себептерінің сыныптауышына" (осы Ережеге 55-қосымша) сәйкес анықталады.
      407. Егер жөнелтуді кешіктіру бірнеше себептен орын алса, онда актіде әрбір кешіктіру себебі бойынша нақты уақыт көрсетіледі.
      408. ӘК жөнелтуді және рейстерді орындауды кешіктіруді есепке алу ұшулардың тәуліктік жоспарында, ұшу тұрақтылығын бұзушылықтарды күнделікті есепке алу журналында немесе электронды түрде жүргізіледі.

  5. Ұшулар тұрақтылығы жөнінде есептемелер жасау

      409. Ұшу тұрақтылығы жөнінде есептеме жүргізу:
      1) авиакомпанияларда ұшулардың орындалуын бақылау қызметіне немесе басқа қызметке (авиакомпанияның өзінің шешімі бойынша);
      2) әуежайларда әуежайдың өндірістік-диспетчерлік қызметіне жүктеледі және ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдық пен жыл үшін жүргізіледі (осы Ережеге 57-қосымша).
      410. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті бекіткен есептемелер нысандары ұшу тұрақтылығы бойынша ресми есептік құжаттар болып табылады.
      Авиакомпанияның (Қазақстан Республикасында тіркелген) меншік паркіндегі кестені орындау туралы есептемесі және оған түсіндірме жазба.
      Қазақстан Республикасы әуежайының ӘК тиесілігіне қарамастан, жөнелту тұрақтылығы туралы есептемесі.
      411. Есептемелердің негізінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайлары бойынша ұшу тұрақтылығының жай-күйіне талдау жасайды.

  6. Ұшу тұрақтылығы бойынша жасалатын құжаттама

      412. Азаматтық авиация кәсіпорындарында (авиакомпания, әуежай, жер бетінде қызмет көрсететін компания) ұшу тұрақтылығы бойынша мынадай құжаттар жүргізіледі:
      1) тәуліктік ұшу жоспары;
      2) рейсті жөнелтуді кешіктіру актісі.
      413. "Тәуліктік ұшу жоспарын" жүргізу (толтыру) нысандары мен тәртібін азаматтық авиация кәсіпорындары ішкі регламенттер мен нормативтерді ескере отырып, деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің техникалық мүмкіндіктерін негізге алып, дербес әзірлейді.";

      осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 55, 56, 57-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                            С. Ахметов

                                      Қазақстан Республикасы Көлік
                                      және коммуникация министрінің
                                         2008 жылғы 20 мамырдағы
                                             N 227 бұйрығына
                                                1-қосымша

                 "Әуе кемесін ұшуға дайындау
                    ережесіне 55-қосымша

         ӘК ҰШУ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СЫНЫПТАУЫШЫ

2 санды
кодтар
Two-digit
codes

Кешіктіру себептерінің сипаттамасы
Reason description for delay

КЕШІКТІРУ СЕБЕПТЕРІНІҢ СТАНДАРТТЫ КОДТАРЫ
STSNDARD CODES OF REASONS FOR DELAY

АВИАКОМПАНИЯНЫҢ ІШКІ КОДТАРЫ
AIRLINE INTERNAL CODES

00-05

Бұл кодтар таза (бос) қалдырылған, себебі әрбір
авиакомпания дербес талаптарына сәйкес арнайы
кодтар әзірлеуі мүмкін
These codes are left blank so that each airline may
develop codes specifically to meet their own
individual requirements

СЕБЕПТЕРДІҢ БАСҚА КОДТАРЫ
OTHERS CODES FOR DELAY

06

"өз авиакомпаниясы қызметінің нәтижесінде
гейттердің, тұрақ орындарының болмауы"
"no gate\ stand availability due to own airline
activity"

09

"кесте бойынша жер бетіндегі уақыт" қызмет көрсету
технологиясымен көзделген уақыттан кем"
"scheduled Ground Time" less than"Declared Minimum
Ground Time"

ЖОЛАУШЫЛАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ БАГАЖДЫ ӨҢДЕУ
PASSENGER AND BAGGAGE

11     

тіркеу аймағында шекті мерзімнен кейін жүзеге
асырылған "кеш тіркеу"
"late check-in", acceptance after deadline

12

тіркеу ауданында жолаушылар шоғырландықтан "кеш
тіркеу"
"late check-in", congestion in check-in area

13

"тіркеудегі қателік", жолаушылар, багаж
"Check-in error", passenger and baggage

14

"қайта сату", авиабилеттер сатудағы қателік
"oversales", booking errors

15

"жолаушыларды отырғызу" жолаушылар тізіміндегі
алшақтық, салыстыру/нақтылау және тіркелген
жолаушының келмеуі
"boarding", discrepancies and paging, missing
checked-in passenger

16

"коммерциялық жариялылық - жолаушының әзірлігі, VIP
тұлғаны күту, баспасөз, ұмыт қалған жеке заттарды
жеткізу"
"commercial publicity/ passenger convenience, VIP,
press, ground meals and missing personal items"

17

"бортта тамақтандыруға тапсырыс", жеткізушіге
табысталған кеш немесе бұрыс тапсырыс
"catering order", late or incorrect order given to
supplier

18

"багажды өңдеу", сұрыптау.
"baggage processing", sorting.

19*

Жолаушыларды қосымша отырғызу, жүктерді қосымша тиеу
Boarding passenger, loading cargo

ЖҮК ЖӘНЕ ПОЧТА
CARGO AND MAIL

21

"құжаттама", жасаудағы қателік 
"documentation", errors.

22

"жүкті ӘК бортында кеш орналастыру"
"late positioning"

23

"жүкті кеш қабылдау"
"late acceptance"

24

"бума талаптарға сай келмейді"
"inadequate packing"

25

"қайта сату", жүк сыйымдығын сатудағы қателік
"oversales", booking errors

26

"жүкті қоймада кеш дайындау"
"late preparation in warehouse"

      1.5

тек қана ПОЧТА
MAIL only

27

"құжаттама, бума және"
"documentation, packing".

28

"кеш орналастыру"
"late positioning"

29

"кеш қабылдау"
"late acceptance"

ӘУЕ КЕМЕСІ ЖӘНЕ ПЕРРОНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
AIRCRAFR AND RAMP HANDLING

31

"құжаттама әуе кемесіне кеш жеткізілді, дұрыс
емес", салмақ және центрлеу, бас декларация,
жолаушы манифесті.
"aircraft documentation late/ inaccurate", weight
and balance, general declaration, passenger
manifest, etc

32

габаритты емес/ауыр салмақты, арнайы жүкті
"тиеу/түсіру", персоналдың, жүктиеушілердің
жетіспеушілігі
"loading/ unloading", bulky, special load, lack of
loading staff

32а

жолаушылар салонының жүгін "тиеу/түсіру" 
"loading/ unloading" cabin load

33

"тиеу құралдары", мысалы, паллеталар мен
контейнерлерді тиеуіштің жетіспеушілігі немесе
сынуы, персоналдың жетіспеушілігі
"loading equipment", lack of or breakdown, e.g.
container pallet loader, lack of staff

34

"қызмет көрсету құралдары", жетіспеушілік немесе
сыну, персоналдың жетіспеушілігі, мысалы, траптар
"servicing equipment", lack of or breakdown, lack
of staff, e/g/ steps

35

"әуе кемесін жинау"
"aircraft cleaning"

36

"жанармай құю/ағызу", авиаотын жеткізу
"fuelling/ defuelling", fuel supplier

37

"бортта тамақтандыру", кеш жеткізу немесе тиеу
"catering", late delivery or loading

38

"ЖТҚ" (жүктерді тиеу құралдары), жетіспеушілік
немесе іске пайдалануға жарамсыздық
"ULD", lack of or serviceability

39

"техникалық құралдар", жетіспеушілік немесе сыну,
персоналдың жетіспеушілігі, мысалы, сүйреу кезінде
"technical equipment", lack of or breakdown, lack
of staff, e.g. push-back

ӘК ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ЖАБДЫҒЫ
TECHNICAL AND AIRCRAFT EQUIPMENT

41

"ӘК ақаулықтары"
"aircraft defects"

42

"жоспарлы техникалық қызмет көрсету", ӘК кеш беру
"scheduled maintenance", late release

43

"жоспардан тыс қызмет көрсету", арнайы "чектер"
және/немесе қалыпты жоспардағы техникалық қызмет
көрсетуден тыс қосымша жұмыстар
"non-scheduled maintenance", special checks and/or
additional works beyond normal maintenance schedule

44

"қосалқы бөлшектер және техникалық қызмет көрсету
құралдары", жетіспеушілік немесе сыну
"spares and maintenance equipment", lack of or
breakdown

45

басқа әуежайға тасымалдануға тиіс "ӘК жер бетінде
қажетті қосалқы агрегаттар"
"AOG spares", to be carried to another station

46

техникалық себептер бойынша "ӘК алмастыру"
"aircraft change", for technical reasons

47

"резервтік ӘК", техникалық себептер бойынша
жоспардағы резервтік ӘК жетіспеушілігі,
"standby aircraft", lack of planned standby
aircraft for technical reasons

48

"жолаушылар салонының конфигурациясын/нұсқасын
жоспардағы түзету"
"scheduled cabin configuration/ version adjustments"

ӘУЕ КЕМЕСІНІҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ
DAMAGE TO AIRCRAFT

51

"ұшу сапарын орындау барысында зақымдалу", құспен
және ҰҚЖ оттарымен соқтығысу, турбулентті ортаға
тап болу, қатты қону немесе асқын жүктемемен қону,
рульдеу уақытында соқтығысу
"damage during flight operations", bird or lighting
strike, turbulence heavy or overweight landing,
collision during taxing

52

"жер бетінде қызмет көрсету уақытында зақымдалу",
тиеу/түсіру уақытында соқтығысу, зақымдану (рульдеу
уақытындағы жағдайлардан басқа), ластану, сүйреу,
төтенше ауа-райы жағдайлары
"damage during ground operations", collisions
(other than during taxing), loading/ off-loading
damage, contaminations, towing, extreme weather
conditions

ДЕРЕКТЕРДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ӨҢДЕУ/АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ҚҰРАЛДАРДЫҢ
ІСТЕН ШЫҒУЫ
EPD/ AUTOMATED EQUIPMENT FAILURE

55

"жөнелтуді бақылау"
"departure control system"

56

"жүктерді/құжаттаманы дайындау"
"cargo preparation/ documentation"

57

"Флайт-жоспарлар"
"flight plans"

ҰШУЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ЭКИПАЖДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
FLIGHT OPERATIONS AND CREWING

61

"флайт-жоспар", оны кеш жасау (тапсыру) немесе
өзгерту, ұшу құжаттамасы
"flight plan", late completion or change of, 
flight documentation

62

"ұшуды орындау шарттары", авиаотын, шекті
жүктемелерді өзгерту/ауыстыру
"operational requirements", fuel, load alternation

63

ауысымдық немесе резервтікті қоспағанда (ұшатын
немесе толық экипаж), "экипаждың бортқа кеш келуі
немесе жөнелту рәсімдерінен кеш өтуі"
"late crew boarding or departure procedures", other
than connection and standby (flight deck or entire
crew)

64

"ұшатын экипаждың құрамы толық емес", ауруы,
резервтік экипажды күту, рейске шектеулі уақыт,
экипаждың тамақтануы, мерзімі өткен виза, экипаждың
денсаулығы туралы құжаттар.
"flight deck crew shortage", sickness, awaiting
standby, flight time limitations, crew meals, valid
visa, health documents.

65

ұшуды орындау талаптарына кірмейтін "ұшатын
экипаждың ерекше талаптары"
"flight deck crew special request", not within
operational requirements

66

ауысымдық немесе резервтікті қоспағанда,
"бортсеріктердің бортқа кеш келуі немесе жөнелту
рәсімдерінен кеш өтуі"
"late cabin crew boarding or departure procedures",
other than connection and standby

67

"бортсеріктердің құрамы толық емес", ауруы,
резервтік экипажды күту, рейске шектеулі уақыт,
экипаждың тамақтануы, мерзімі өткен виза, денсаулық
туралы құжаттар.
"cabin crew shortage", sickness, awaiting standby,
flight time limitations, crew meals, valid visa,
health documents.

68

ұшуды орындау талаптарына кірмейтін "бортсеріктер-
дің қателігі немесе бортсеріктердің ерекше талаптары"
"cabin crew error or special request", not within
operational requirements

69

"ӘКК қауіпсіздікке тексеру жүргізу туралы
талаптары", айрықша жағдайларда
"captain request for security check", extraordinary

АУА-РАЙЫ ШАРТТАРЫ
WEATHER

71

"жөнелту пунктінде"
"departure station"

72

"жеткізу пунктінде"
"destination station"

73

"бағдар бойынша немесе қосалқы әуеайлақта"
"en-route or alternate"

74

"ӘК мұздануға қарсы өңдеу", мұзды және/немесе қарды
аршу, техникалық өңдеу құралдарының жарамсыздығын
қоспағанда, қырау түзілуінің алдын алу
"de-icing of aircraft", removal of ice and/ or
snow, frost prevention excluding unserviceability
of equipment

75

"әуежай нысандарында қардан, мұздан, судан және
құмнан тазарту"
"removal of snow, ice, water and sand from airport"

76

"жер бетінде қызмет көрсету қолайсыз ауа-райы
жағдайларына байланысты кешіктірілген"
"ground handling impaired by adverse weather
conditions"

ӘҚБ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТАРАПЫНАН ШЕКТЕУЛЕР
AIR TRAFFIC FLOW MANAGEMENT (ATFM) RESTRICTIONS

81

"ӘҚБ тарапынан ресми тыйым салудың/бағдар бойынша
әуе қозғалысын бақылау қызметтерінің аса
жүктелуінің негізінде", стандартты тыйым салу/асқын
жүктеу проблемалары
"ATFM due to ATC in rout demand/ capacity",
standard demand/ capacity problems

82

"ӘҚБ қызметі персонал/бағдардағы жабдыққа
байланысты", ереуіл қозғалысына байланысты
көлемдерді қысқарту, персоналдың немесе кем
жабдықтың жетіспеушілігі, көршілес аймақтарда
көлемдерді төмендетуге айрықша талаптар
"ATFM do to ATC staff/ equipment in route", reduced
capacity by industrial action or staff shortage or
equipment failure, extraordinary demand due to
capacity reduction in neighboring area

83

"ӘҚБ тарапынан жету әуежайындағы себептер бойынша,
әуежай және/немесе ҰҚЖ түрлі кедергілердің, ереуіл
қозғалысының, персонал жетіспеушілігінің, саяси
толқулардың, шу бойынша шектемелердің, түнгі
коменданттық сағаттың, арнайы рейстердің салдарынан
жабық
"ATFM due to restriction at destination airport",
airport and/ or runway closed due to obstruction,
industrial action, staff shortage, political
unrest, noise abatement, night curfew, special
flights

84

"ӘҚБ тарапынан жету әуежайындағы ауа-райы
жағдайлары бойынша"
"ATFM due to weather at destination airport"

ӘУЕЖАЙ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК УӘКІЛЕТТІ ОРГАНДАР
AIRPORT AND GOVERMENTAL AUTHORITIES

85

"міндетті қауіпсіздік шаралары"
"mandatory security"

86

"көші-қону (төлқұжаттық бақылау), кеден,
санитариялық карантин қызметтері"
"immigration, customs, health"

87

"әуежайдың шектеулі мүмкіншіліктері", ӘК
тұрақтайтын орындар ӘК перронда шоғырлануы,
жарықтандыру, қону пункттерінің жетіспеушілігі.
"airport facilities", parking stands, ramp
congestion, lighting, buildings, gate limitation.

88

"жеткізу әуежайындағы шектеулер", әуежай
және/немесе ҰҚЖ түрлі кедергілердің, ереуіл
қозғалысының, персонал жетіспеушілігінің, саяси
толқулардың, шу бойынша шектемелердің, түнгі
коменданттық сағаттың, арнайы рейстердің салдарынан
жабық
"restrictions at airport of destination", airport
and/ or runway closed due to obstruction, industrial
action, staff shortage, political unrest, noise
abatement, night curfew, special flights

89

түрлі кедергілердің, ауа-райының (тек шектеулер
енгізу ӘҚБ тарапынан реттелетін жағдайларда, басқа
жағдайларда 71 (WO) кодқа сілтеме), ереуіл
қозғалысының, персонал жетіспеушілігінің, саяси
толқулардың, шу бойынша шектемелердің, түнгі
коменданттық сағаттың, арнайы рейстердің салдарынан
аэронавигация қызметтерін, іске қосуды, сүйреуді,
әуежайды және/немесе ҰҚЖ жабуды қоса алғандағы "ӘҚБ
тарапынан шектемелер енгізумен/енгізусіз жөнелту
әуежайындағы шектеулер"
"restrictions at airport departure with or without
ATFM restrictions", including Air Traffic Services,
start-up and pushback, airport and runway closed
due to obstruction or weather (restriction due to
weather in case of ATFM regulation only, else refer
to code 71 WO)), industrial action, staff shortage,
political unrest, noise abatement, night curfew,
special flights"

БАСҚА СЕБЕПТЕРДІҢ ТЕРІС САЛДАРЫ
REACTIONARY

91

"тиеуді түйістіру", басқа рейстен тиеуді күту
"load connection", awaiting load from another flight

92

жолаушылар мен багажды "тіркеудегі қателіктің
себебінен"
"through check-in error", passenger and baggage

93

"ӘК ауыстыру", ӘК басқа рейстен немесе рейстің
басқа секторынан кеш келуі
"aircraft rotation", late arrival of aircraft from
another flight or previous sector

94

"бортсеріктерді ауыстыру", басқа рейстен
бортсеріктерді күту
"cabin crew rotation", awaiting cabin crew from
another flight

95

"экипажды ауыстыру", басқа рейстен экипажды (ұшатын
немесе бүкіл экипажды) күту
"crew rotation", awaiting crew from another flight
(flight deck or entire crew)

96

"ұшудың орындалуын бақылау", бағдарды өзгерту,
күшін жою, рейстерді біріктіру, техникалық
себептерге жатпайтын себептер бойынша ӘК ауыстыру
"operations control", rerouting, diversion,
consolidation/ aircraft change for reasons other
than technical

ТҮРЛІ СЕБЕПТЕР
MISCELLANEOUS

97

"өз авиакомпаниясындағы ереуіл қимылы"
"industrial action with own airline"

98

ӘҚБ қызметтерін қоспағанда, "өз авиакомпаниясынан
тыс ереуіл қимылы"
"industrial action outside own airline", excluding
A.T.C.

99

Бұл код тек ол азат болғанда және кешіктіру себебі
жоғарыда аталған кодтарға жатқызыла алмайтын кезде
қолданыла алады.
This code shall be used only when it is clear that
a reason cannot be matched to a code above.

                                        Қазақстан Республикасы Көлік
                                      және коммуникация министрінің
                                         2008 жылғы 20 мамырдағы
                                              N 227 бұйрығына
                                                 2-қосымша

                  "Әуе кемесін ұшуға дайындау
                      ережесіне 56-қосымша

              ӘУЕ КЕМЕСІН ЖӨНЕЛТУДІ КЕШІКТІРУ АКТІСІ
        THE REPORT FOR DELAY ON DEPARTURE OF AIRCRAFT

ӘУЕЖАЙ                                     КҮНІ
AIRPORT __________________________________ DATE ____________________
РЕЙС НӨМІРІ              ӘК НӨМІРІ        АВИАКОМПАНИЯ
FLIGHT NUMBER __________ AIRCRAFTE_______AIRLINE ___________________
КЕСТЕ БОЙЫНША ЖӨНЕЛТУ УАҚЫТЫ
SCHEDULED TIME OF DEPARTURE ____________________________ (UTC)
НАҚТЫ ЖӨНЕЛТУ УАҚЫТЫ
ACTUAL TIME OF DEPARTURE ________________________________ (UTC)
КЕШІКТІРУДІҢ ҰЗАҚТЫҒЫ                    КЕШІКТІРУ СЕБЕБІНІҢ КОДЫ
DURATION OF DELAY ____________________  REASONS CODE FOR DELAY______
КЕШІКТІРУ СЕБЕБІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
DESCRIPTION REASONS OF DELAY________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
КЕШІКТІРУГЕ ЖОЛ БЕРГЕН ҚЫЗМЕТ
DEPARTAMENT COMMITS A DELAY
____________________________________________________________________
(ЛАУАЗЫМЫ, ҚОЛЫ)                                (POSITION,SIGNATURE)
АВИАКОМПАНИЯНЫҢ (ЭКИПАЖДЫҢ) ӨКІЛІ
REPRESENTATIVE OF AIRLINE (CREW)
____________________________________________________________________
(ЛАУАЗЫМЫ, ҚОЛЫ)                                (POSITION,SIGNATURE)
ӘУЕЖАЙДЫҢ ӨКІЛІ
REPRESENTATIVE OF AIRPORT
____________________________________________________________________
(ЛАУАЗЫМЫ, ҚОЛЫ)                                (POSITION,SIGNATURE)

                                      Қазақстан Республикасы Көлік
                                      және коммуникация министрінің
                                         2008 жылғы 20 мамырдағы
                                        N 227 бұйрығына 3-қосымша

         "Әуе кемесін ұшуға дайындау ережесіне 57-қосымша

      ____ жылғы»"_____________" (ай, тоқсан, жарты жылдық, жыл)
             әуежайдан ӘК қозғалысының тұрақтылығын ТАЛДАУ

      N 1-кесте ӘК жалпы жөнелту саны және қозғалысының тұрақтылығы


өткен жыл

ағымдағы жыл

+

өсуі

нақты

тірк.

тірк.%

нақты

тірк.

тірк.%

-

төмен-
деу

халықаралық









ҚР









Жиыны:









Барлығы









           Кестеге түсініктеме
N 2-кесте ҚР бойынша рейстерді кешіктіру


барлығы

жеке құрамның кінәсі бойынша

өткен жыл

ағымдағы жыл

өткен жыл

ағымдағы жыл

әуежай қызметтері





Қозғалыс қызметі





авиакомпаниялар





өзгелер





барлығы





         Кестеге түсініктеме
N 3-кесте Халықаралық кесте бойынша рейстерді кешіктіру


барлығы

барлығы

жеке құрамның кінәсі бойынша

өткен жыл

ағымдағы жыл

өткен жыл

ағымдағы жыл

Қозғалыс қызметі





Әуежай  қызметтері





Өзгелері,
соның ішінде:





ШКБ 





шетелдік ә/ж





авиакомпаниялар





         Кестеге түсініктеме
4-кесте Қызметтерге байланысты емес кешіктіру


Барлығы

халықаралық

ҚР

өткен жыл

ағымдағы жыл

өткен жыл

ағымдағы жыл

өткен жыл

ағымдағы жыл

метео







ұкк







м\ж ұкк 







         Кестеге түсініктеме

      ҚОРЫТЫНДЫЛАР: ____
      РЕЙСТЕРДІ КЕШІКТІРУДІҢ НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕРІ: ____ БОЛЫП ТАБЫЛҒАН.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады