Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.03.30 № 178 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесі бекітілсін.
2. "Дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2004 жылғы 9 маусымдағы N 30 бұйрығының күші жойылды деп танылсын, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 12 шілдеде N 2943 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б.Жәмішев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының м.а.
_______________ Қ. Смағұлов
2008 жыл 14 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
_____________ А.Шабдарбаев
2008 жыл 14 тамыз
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 401 бұйрығымен
бекітілген
Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін
қолдануды келісу ережесі
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «Комитетті, оның аумақтық бөлімшесін», «Комитет, оның аумақтық бөлімшесі» және «Комитетпен, оның аумақтық бөлімшесімен» деген сөздер «Комитеттің аумақтық бөлімшесін», «Комитеттің аумақтық бөлімшесі» және «Комитеттің аумақтық бөлімшесімен» деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.06.17 N 292 Бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу тәртібін реттейді.
2. Оңалту рәсімін қолдану туралы қолдаухат беру
2. Дәрменсіз борышкер сотқа оны банкрот деп тану туралы өтініш бергенге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшесі) немесе өзінің орналасқан жері бойынша оның филиалы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы қолдаухат (бұдан әрі - Қолдаухат) беруге құқылы. Осыған ұқсас Қолдаухатпен банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін сондай-ақ кредит берушілер немесе үшінші тұлғалар жүгіне алады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.06.17 N 292 Бұйрығымен.
3. Қолдаухатта дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану орындылығының негіздемесі және кредит берушілер комитетінің құрамы бойынша ұсыныс көрсетіледі, оған Заңның 43-бабаына сәйкес мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік және оңалту жоспарын жасау сәтіне борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер;
2) дәрменсіз борышкерді оңалту жоспары (бұдан әрі - Жоспар);
3) кепілмен қамтамасыз етілген талаптардың жалпы сомасының 50 пайызынан астамын беретін кепілді кредит берушілерді, сондай-ақ олардың үлесіне осы кредит берушілер талаптарының жалпы сомасының 50 пайызынан астамы келетін конкурстық кредит берушілерге оңалту рәсімін жүргізуге жазбаша келісім;
4) дәрменсіз борышкерге қатысты сыртқы байқау рәсімі енгізілген жағдайда сыртқы байқау әкімшісінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қорытындысы.
4. Қолдаухатқа қоса берілген Жоспар борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі нақты іс-шараларды (оңалту шаралары) және Заңның 47-бабының 2-тармағына сәйкес кредит берушілердің алдындағы берешекті өтеу мерзімін қамтиді.
5. Егер Жоспар оңалту шарасы ретінде оны санациялауды қамтыса, Жоспарға санацияға қатысушының аудару сомасы мен мерзімін көрсете отырып, Жоспарға сәйкес ақшаны дәрменсіз борышкерге және (немесе) кредит берушілерге аударуға жазбаша міндеттемесі, сондай-ақ олардың осы міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (банктің анықтамасы, шарттар, есептеулер және т.б.) қоса беріледі.
Егер санацияда барлық кредит берушілердің олармен келісілген мерзімде талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету міндеттемесін алған екі және одан да көп тұлғалар қатысса, кредит берушілер алдында басталғаннан кейін олар санацияға қатысудан бас тартқан жағдайда бір немесе бірнеше санацияға қатысушылардың жауапкершілігін бөлуді көздейтін санацияға қатысушылардың келісімі, борышкердің мүлкін басқаруға қатысу тәртібі қоса беріледі. Сондай-ақ шаруашылық серіктестіктеріне қатысушылардың, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі беріледі, оған сәйкес санацияға қатысушы оңалту рәсімін табысты аяқтаған жағдайда олар инвестициялаған қаражат сомасында шаруашылық серіктестігіне қатысушының, акционерлік қоғам акционерінің құқықтарын алады.
6. Кредит берушілер комитетінің және Комитеттің аумақтық бөлімшесін мен олардың филиалдарының келісімен Жоспарға өзгерістер енгізуге жол беріледі.
7. Табиғи монополиялардың субъектілері немесе тауар нарығында үстемдік (монопольдік) жағдайы бар немесе азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды оңалту жоспары және оған өзгерістер тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала құрылысы кәсіпорындары бойынша - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті әкімімен келіскеннен кейін уәкілетті органға жіберіледі.
3. Оңалту рәсімін қолдану туралы қолдаухатты және оған қоса
берілген құжаттарды қарау
8. Осы Ереженің 3-тармағына сәйкес берілген қолдаухат және құжаттарды оларды тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы қарайды.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.06.17 N 292 Бұйрығымен.
9. Құжаттар мынадай:
осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттардың толық дестесін бермеген;
егер табиғи монополиялардың субъектілері немесе тауар нарығында үстемдік (монопольдік) жағдайы бар немесе азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды оңалту жоспары Заңда және осы Ереженің 7-тармағында анықталған мүдделі органдармен келісілмеген жағдайларда үш жұмыс күнінің ішінде қараусыз қайтарылады.
Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы құжаттарды қайтарған жағдайда Оңалтуды қолдану туралы қолдаухат берген тұлға кемшіліктерді жойғаннан кейін тиісінше ресімделген құжаттарды келісуге қайта бере алады.
4. Оңалту рәсімін қолдануды келісу
10. Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарастыру қорытындысы бойынша, Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануда келісім береді немесе осы келісімді беруден бас тартады.
Дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім берген жағдайда Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен оңалту рәсімін қолдану мақсаттылығы туралы негізгі тұжырымы айқындалатын қорытынды жасалады.
Дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім беруден бас тартқан жағдайда Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен өтініш берушіге осы Ереженің 11-тармағында көзделген бас тартудың себептері көрсетілген жауап жіберіледі
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.06.17 N 292 Бұйрығымен.
11. Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы мынадай:
1) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру перспективаларының болмауына байланысты оңалту рәсімдерін қолдану орынсыз болған;
2) оңалту рәсімін қолданбай толық көлемде кредит берушілердің талаптарын қанағаттандыру мүмкіндігі болған;
3) ұсынылған құжаттарды қарау кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі, оның мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтердің немесе мүлік, мүлікті өзге иелікке беру, мүлікті иеліктен айыру немесе жою туралы мәліметтердің дұрыс еместігі, сондай-ақ экономикалық қызметті көрсететін бухгалтерлік және өзге есеп құжаттардың жасырылғандығы, жойылғаны, бұрмаланғаны анықталған;
4) дәрменсіз борышкерді банкрот деп тану туралы жойылмаған сот шешімі болған жағдайларда борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім беруден бас тартады.
12. Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануға өз келісімін берген жағдайда кредит берушілердің комитетін қалыптастырады және Заңның 11 және 12-баптарының талаптарына сәйкес оның бірінші отырысын шақырады, онда Жоспар қаралады.
13. Шешімдер қабылдау тәртібін сақтай отырып кредит берушілердің комитеті мақұлдаған жоспарды кредит берушілер комитетінің келісімін растайтын құжаттарды және Комитеттің аумақтық бөлімшесінің немесе оның филиалының қорытындысын қоса бере отырып, Қолдаухат берген тұлға сотқа жібереді.
14. Сот Жоспарды бекіту және дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым шығарған кезде Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы Заңнамада белгіленген мерзімде оңалтуды басқарушыны тағайындайды.
15. Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Жоспарға өзгерістер енгізу туралы өтінішті оңалтуды басқарушы кредит берушілер комитетімен келіскеннен кейін мынадай құжаттарды:
Жоспарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар келісілген кредит берушілер комитеті отырысының хаттамасын;
Жоспарға өзгерістер енгізу орындылығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, келісуге Комитетке, оның аумақтық бөлімшесіне немесе оның филиалына келісуге жібереді.
Жоспарға өзгертулер енгізу туралы өтініш түскен кезден бастап Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен он жұмыс күн ішінде қаралады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.06.17 N 292 Бұйрығымен.
16. Кредит берушілер комитетімен және Комитетпен, оның аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен келісілген Жоспарға өзгерістер енгізу жөніндегі өтінішті оңалтуды басқарушы сотқа бекіту үшін жібереді.
17. Соттың Жоспарға өзгерістерді бекіту туралы ұйғарымының көшірмесін оңалтуды басқарушы бекітілген өзгерістерді қоса бере отырып, заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комитетке, оның аумақтық бөлімшесіне немесе оның филиалына береді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 401 бұйрығымен
бекітілген
Дәрменсіз борышкерге қатысты
оңалту рәсімін қолдануды
келісу ережесіне
1-қосымша
_________________________________
_________________________________
(уәкілетті органның атауы)
_________________________________
(қолдаухат берген тұлғаның атауы)
__ _______________________ қатысты
(ұйымның атауы)
оңалту рәсімін қолдану туралы
қолдаухат
______________________________________________________________
(ұйымның атауы)
______________________________________бойынша Әділет департаментінде
(облысы, Алматы қаласы, Астана қаласы)
тіркелген _______________________, тіркеу нөмірі N_____.
(тіркелген күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
(ұйымның қысқаша тарихы, ұйым жүзеге асыратын қызмет түрлері)
__________________________жағдай бойынша қаржы-экономикалық жағдайы
(оңалту жоспарын жасау күні)
қанағаттанарлықсыз. Дебиторлық берешек сомасы _________мың теңге. Негізгі құралдардың қалдық құны _________мың теңге. Кредиторлық берешектің жалпы сомасы _______мың теңге, оның ішінде:
1-кезек - _________мың теңге;
2-кезек - _________мың теңге;
3-кезек - _________мың теңге;
4-кезек - _________мың теңге;
5-кезек - _________мың теңге;
Ұйымның қалыптасқан қанағаттанарлықсыз қаржы-экономикалық жағдайының негізгі себептері _______________________________ болып
(төлем қабілетсіздік себептері)
табылады.
Қаржы-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында ______________
(ұйымның атауы)
оңалту жоспары әзірленді. Ұйымды оңалту рәсімдерінің мақсаты оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру болып табылады.
Оңалтуды қолдану орындылығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі қоса беріліп отырған шарттармен, экономикалық есептеулермен және басқа құжаттармен расталады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде _________________ қатысты
(ұйымның атауы)
оңалту рәсімін қолдану мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 2-тармағына сәйкес кредит берушілер комитетінің құрамына мынадай тұлғаларды ұсынамыз:
1. Еңбекақы төлеу жөніндегі өкіл - __________________.
(аты-жөні)
2. Салық комитетінің өкілі - ________________________.
(лауазымы, аты-жөні)
3. Кепілді және конкурстық кредит берушілердің өкілдері :
____________________ - _______________, ___________________.
аты-жөні (лауазымы) (ұйымның атауы)
Заңның 43-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 200__жылғы»"___"»__________№N ____, бұйрығымен бекітілген Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесінің 3-тармағына сәйкес мынадай құжаттарды қоса беріп отырмыз:
1) соңғы үш жылдағы қаржылық есептілік;
2) дәрменсіз борышкерді оңалту рәсімі;
3) кепілмен қамтамасыз етілген талаптардың жалпы сомасының 50 пайызынан астамын беретін кепілді кредит берушілерді, сондай-ақ олардың үлесіне осы кредит берушілер талаптарының жалпы сомасының 50 пайызынан астамы келетін конкурстық кредит берушілерге оңалту рәсімін жүргізуге жазбаша келісім;
4) борышкерге қатысты сыртқы байқау рәсімі жүргізілген жағдайда сыртқы байқау әкімшісінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі туралы қорытындысы.
____________________________________ қолы __________________
(қолдаухат берген тұлғаның лауазымы) (аты-жөні).
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 401 бұйрығымен
бекітілген
Дәрменсіз борышкерге қатысты
оңалту рәсімін қолдануды
келісу ережесіне
2-қосымша
_________________________________
_________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Оңалтуды басқарушыдан
_________________________________
(ұйымның атауы)
Оңалту жоспарына өзгерістер енгізу туралы
өтініш
_________________________________
(ұйымның атауы)
Кредит берушілер комитетімен келісілген ___________________ ,
(ұйымның атауы)
оңалту жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды келісуге беремін.
1. ____________________________________________.
(өзгерістер енгізу себептері)
2. ____________________________________________.
(өзгерістер енгізілетін жоспардың бөлігі)
3. _______________________________________________________.
(енгізілген өзгерістерді ескере отырып қорытынды нәтиже)
Қосымша:
1) кредит берушілер комитеті отырысының 200_ жылғы "__"______ N __ хаттамасы;
2) өзге құжаттар.
Оңалтуды басқарушы
___________________________ қолы __________________
(ұйымның атауы) (аты-жөні)