Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.08.12. N 401 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңын және банкрот рәсімін жүргізуді бақылау бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетіне берілген өкілеттікті жүзеге асыру мақсатында, Бұйырамын:
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасарларына жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға
"Дәрменсіз борышкерлерге қатысты
оңалту рәсімін қолдануды келісу
жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Дәрменсіз
борышкерлермен жұмыс жөніндегі
комитеті Төрағасының
2004 жылғы 9 маусымдағы
N 30 бұйрығымен
бекітілген
1. Осы Дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
(бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының банкроттық мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
2. Осы Нұсқаулық дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу мәселелерін реттейді.
2. Оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш беру
3. Дәрменсіз борышкер мүлкінің меншік иесі немесе оған уәкілетті орган оны банкрот деп тану туралы сотқа өтініш бергенге дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - Уәкілетті орган) Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш (бұдан әрі - Өтініш) беруге құқылы.
Банкроттық туралы іс қозғағанға дейін мұндай өтінішпен сондай-ақ кредиторлар немесе үшінші тұлғалар жолдана алады.
4. Өтініште борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолданудың орындылығының негіздемесі және Заңның
11-бабының
талаптарын ескере отырып кредиторлар комитетінің құрамы бойынша ұсыныс болуы тиіс, оған Заңның
43-бабына
сәйкес мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Заңының
16-бабына
және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 2182 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 14
бұйрығымен
бекітілген N 30 "Қаржы есептілігін беру" бухгалтерлік есеп стандартының 7-тармағында көзделген құжаттарды қамтитын соңғы екi жыл үшін қаржы есептілігі;
2) дәрменсiз борышкердi оңалту жоспары (бұдан әрі - Жоспар);
3) кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген талаптардың жалпы сомасының 50 проценттен астамын иеленетiн кепiлдiк кредиторлардың, сондай-ақ осы кредиторлар талаптарының жалпы сомасының 50 проценттен астам үлесi тиесiлi конкурстық кредиторлардың оңалту рәсiмдерiн өткiзуге жазбаша келiсiмi.
5. Заңның
45-бабына
сәйкес борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің шынайы мүмкіндігін растау және Жоспарды іске асыру мақсатында мынадай құжаттар қоса берілуі мүмкін:
1) борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің мүмкіндігі туралы аудиторлық есеп;
2) Жоспарды іске асыру кезінде төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің шынайылығын растайтын экономикалық негіздеме;
3) қалыптасу күнін көрсете отырып Жоспарды жасау күніне теңгермеге дебиторлық және кредиторлық берешектің таратып жазылуы;
4) шарттар, келісім-шарттар, ниет білдіру хаттамалары;
5) оңалту кезеңінде сатылады деп жоспарланып отырған борышкер мүлкінің тізбесі;
6) Өтініш беруші тұлға борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің шынайылығын растау үшін қоса берілуі қажетті деп санайтын өзге де құжаттар.
6. Егер оңалту шаралары ретiнде дәрменсiз борышкердiң Жоспарына оның санациясы енгiзiлсе, Жоспарға санацияға қатысушының борышкерге және/немесе кредиторларға Жоспарға сәйкес сомасы мен мерзiмiн көрсете отырып, ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi, сондай-ақ оның осы міндеттемені орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (банктің анықтамасы, шарттар, есептер және басқа) қоса берiледі.
Егер санацияға барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өз мойнына алған екi және одан да көп тұлғалар қатысса, кредиторлардың алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлудi, ол басталғаннан кейін санацияға қатысудан санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауапкершiлiктi, борышкер мүлкiн басқаруға қатысу тәртiбiн көздейтiн санацияға қатысушылардың келiсiмі қоса беріледі. Сондай-ақ шаруашылық серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі беріледі, оған сәйкес санацияға қатысушы оңалту рәсімін табысты аяқтаған жағдайда, өзі инвестиция ретінде салған қаражат сомасында шаруашылық серіктестіктің қатысушысы құқығына ие болады.
7. Табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, республика экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар ұйымдарды оңалту жоспары тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, қала қалыптастырушы кәсіпорындар бойынша - тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімімен келісілгеннен кейін Уәкілетті органға жіберіледі.
3. Оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарау
8. Табыс етілген құжаттарды Уәкілетті орган Өтініш және оған қоса берілген құжаттар тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде қарайды.
Табыс етілген құжаттар осы Нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес келмеген ретте, құжаттар қаралмастан кері қайтарылады.
9. Өтінішке қоса берілген Жоспарда Заңның
44-бабына
сәйкес мыналар болуы тиіс:
1) әрекеттерді жүзеге асыру мерзімін және күтілетін экономикалық тиімділігін көрсете отырып борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды (оңалту шараларын) іске асырудың нақты әрекеттері;
2) Заңның
47-бабының
2-тармағында көрсетілген кредиторлар алдындағы берешекті өтеу мерзімдері.
10. Борышкерге оңалту рәсімін қолданған жағдайда бекітілген Жоспарға өзгерістер енгізілуі мүмкін.
11. Жоспарға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды оңалтуды басқарушы кредиторлар комитетімен келіскеннен кейін, мынадай құжаттарды қоса бере отырып, Уәкілетті органға келісуге жібереді (2-қосымша):
жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс мақұлданған кредиторлар комитеті отырысының хаттамасы;
жоспарға өзгерістер енгізудің орындылығын растайтын құжаттар.
12. Жоспарға өзгерістер енгізу жөніндегі Кредиторлар комитетімен және Уәкілетті органмен келісілген ұсыныстарды оңалтуды басқарушы сотқа бекіту үшін жібереді.
4. Оңалту рәсімін қолдануды келісу
13. Табыс етілген құжаттарды Уәкілетті орган қарау барысында қорытынды жасалады, онда оңалту рәсімін қолданудың орындылығы туралы негізгі қорытындылар көрініс табады.
14. Жасалған қорытындының негізінде Уәкілетті орган борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім береді немесе мұндай келісімді беруден бас тартады.
15. Уәкілетті орган мына жағдайларда борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім беруден бас тартады:
1) төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің еш жетістігі жоқ болуы себепті оңалту рәсімін қолданудың орынсыздығы;
2) оңалту рәсімін қолданбай-ақ кредиторлар талаптарын қанағаттандыру мүмкіндігінің болуы;
3) табыс етілген құжаттарды қарау барысында борышкердің мүлкі, оның мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтердің немесе мүлік туралы басқа да ақпараттың жалғандығы, мүлікті басқа иелікке бергендігі, мүлікті иеліктен шығарғандығы немесе жойғандығы, сондай-ақ экономикалық қызметті көрсететін бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттарын жасырғандығы, жойғандығы, қолдан жасағандығы анықталса. Бұл жағдайларда Комитет немесе оның аумақтық органы әдейі және жалған банкроттық пәніне тексеру жүргізеді;
4) аумақтық орган Өтінішті қарап жатқан кезеңде борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің шығуы.
16. Уәкілетті орган борышкерге оңалту рәсімін қолдануға өз келісімін берген жағдайда кредиторлар комитетін қалыптастырады және Заңның
11,
12 және
43-баптарының
талаптарына сәйкес кредиторлар комитетінің бірінші отырысын шақырады, онда Жоспар қаралады.
17. Егер Жоспарды кредиторлар комитеті Заңмен белгіленген шешім қабылдау тәртібін сақтай отырып мақұлдаса, құжаттарды Өтінім берген тұлға кредиторлар комитетінің келісімін және Уәкілетті органның оңалту рәсімін қолдануға келісімі туралы шешімін қоса сотқа жібереді.
18. Сот оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым шығарған ретте Уәкілетті орган белгіленген мерзімде оңалтуды басқарушыны тағайындайды.
Дәрменсіз борышкерлерге
қатысты оңалту рәсімін қолдануды
келісу жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Уәкілетті орган
_______________________________
(өтінім берген тұлғаның атауы)
_____________________ қатысты
(ұйымның атауы)
оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш
__________________ ___________________________ бойынша Әділет
(ұйымның атауы) (облыс, Алматы қ., Астана қ.)
департаменті _________________ тіркелген, тіркеу нөмірі N _______.
(тіркелген күні)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(ұйымның қысқаша тарихы, ұйымның жүзеге асыратын қызмет түрлері)
_________________________ жағдай бойынша қаржы-экономикалық жағдайы
(оңалту жоспары жасалған күн)
қанағаттанарлықсыз. Дебиторлық берешек сомасы ________ мың теңгені
құрайды. Негізгі қорларының қалдық құны ________ мың теңгені
құрайды. Кредиторлық берешегінің жалпы сомасы ________ мың теңгені
құрайды, соның ішінде:
1 кезек - ________ мың теңге;
2 кезек - ________ мың теңге;
3 кезек - ________ мың теңге;
4 кезек - ________ мың теңге;
5 кезек - ________ мың теңге.
Ұйымның қалыптасқан қаржы-экономикалық жағдайының негізгі
себептері ________________________________________________________
(дәрменсіздігінің себептері)
болып табылады.
________________________ қаржы-экономикалық жағдайын жақсарту
(ұйымның атауы)
мақсатында оңалту жоспары әзірленген. Ұйымның оңалту рәсімінің мақсаты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру болып табылады.
Оңалту рәсімін қолданудың орындылығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі қоса беріліп отырған аудиторлық есеппен, шарттармен, экономикалық есептермен және өзге де құжаттармен расталады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде ____________ қатысты оңалту
(ұйымның атауы)
рәсімін қолдану мүмкіндігін қарауды өтінеміз.
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес кредиторлар комитетінің құрамына мына тұлғаларды ұсынамыз:
1. Еңбек ақы төлеу жөніндегі өкіл - ___________.
(аты-жөні)
2. Салық комитетінің өкілі - ___________.
(аты-жөні)
3. Кепілдік және конкурстық кредиторлардың өкілдері:
___________ - ____________, ______________________.
(аты-жөні) (лауазымы) (ұйымның атауы)
Заңның 43-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті Төрағасының 2004 жылғы "____"__________ N____ бұйрығымен бекітілген Дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу жөніндегі нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес мынадай құжаттар қоса беріп отырмыз:
1) қаржы есептілігі;
2) оңалту жоспары;
3) кепiлдiк кредиторлардың жазбаша келiсiмi;
4) конкурстық кредиторлардың жазбаша келiсiмi;
5) аудиторлық есеп;
6) өзге де құжаттар.
_________________________________ қолы _____________
(өтініш берген тұлғаның лауазымы) (аты-жөні)
Дәрменсіз борышкерлерге
қатысты оңалту рәсімін қолдануды
келісу жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Уәкілетті орган
_______________________________
(ұйымның атауы)
оңалтуды басқарушыдан
_______________________________
(аты-жөні)
_____________________
(ұйымның атауы)
оңалту жоспарына өзгерістер енгізу туралы
өтініш
Өндірістік қажеттілікке (_________________ қаржы-экономикалық
(ұйымның атауы)
жағдайының өзгеруіне) байланысты кредиторлар комитетімен келісілген, оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсынысты жолдаймын.
1. _____________________________________.
(өзгерістерді енгізу себептері)
2. _____________________________________.
(жоспардың өзгерістер енгізілетін бөлігі)
3. _____________________________________.
(өзгерістерді енгізуден қорытынды нәтиже)
Қосымша:
1) кредиторлар комитеті отырысының 20__"__"_____N__ хаттамасы.
2) өзге де құжаттар.
_____________________
(ұйымның атауы)
Оңалтуды басқарушы қолы _____________
(аты-жөні)