Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.03.30 № 178 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу тиімділігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 401 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5291 тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылы 10 қазанда № 155 (1381) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша «Комитетті, оның аумақтық бөлімшесін», «Комитет, оның аумақтық бөлімшесі» және «Комитетпен, оның аумақтық бөлімшесімен» деген сөздер «Комитеттің аумақтық бөлімшесін», «Комитеттің аумақтық бөлімшесі» және «Комитеттің аумақтық бөлімшесімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрі - Комитет) оның аумақтық бөлімшелері немесе олардың филиалдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшесі) немесе өзінің орналасқан жері бойынша оның филиалы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта «он бес» деген сөзі «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарастыру қорытындысы бойынша, Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануда келісім береді немесе осы келісімді беруден бас тартады.
Дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім берген жағдайда Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен оңалту рәсімін қолдану мақсаттылығы туралы негізгі тұжырымы айқындалатын қорытынды жасалады.
Дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім беруден бас тартқан жағдайда Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен өтініш берушіге осы Ереженің 11-тармағында көзделген бас тартудың себептері көрсетілген жауап жіберіледі»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Жоспарға өзгертулер енгізу туралы өтініш түскен кезден бастап Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен он жұмыс күн ішінде қаралады».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетіне (Н.Д. Үсенова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіден өткізілуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы
________________ Н. Алдабергенов
2010 жылғы 15 маусым
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің төрағасы
___________________ А. Шаяхметов
2010 жылғы 16 маусым