Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 128 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5303 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.05.05 № 186 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз .

      "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті осы ережелердің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрыққа тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                           В. Божко

Қазақстан Республикасы 
Төтенше жағдайлар   
Министрінің      
2008 жылғы 22 шілдедегі
N 128 бұйрығына    
қосымша         

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттік төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" бұйрығы (2001 жылғы 7 сәуірдегі N 1456 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2001 жылғы 30 сәуірде N 21 "Заң газетінде" жарияланды, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2001 ж. N 23 410 бет).
      2. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 сәуірдегі N 24 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 22 мамырда N 1861 тіркелген).
      3. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 11 мамырдағы N 40 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 21 мамырда N 2868 тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 24 маусымда жарияланды).
      4. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 37 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 26 сәуірде N 3584 тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 15 желтоқсанда жарияланды, N 235-236).
      5. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының 2005 жылғы 30 маусымдағы N 66 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 3 тамызда N 3768 тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 21 желтоқсанда N 237-238 жарияланды.

Қазақстан Республикасы   
Төтенше жағдайлар Министрінің
2008 жылғы 22 шілдедегі  
N 128 бұйрығымен     
бекітілді           

Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеуді және өткізуді белгілейді.
      3 . Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тендерді ұйымдастырушы – тендерді әзірлеуді және өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйым;
      2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын оларды жаңарту, қарызға беру және броньнан шығару (бұдан әрі - Операция жасау жоспары) мерзімдерін көрсете отыра жеткізуді, сақтауды және шығаруды ретттейтін құжат;
      3) үміткер - тендерге қатысқысы келген заңды немесе жеке тұлға;
      4) тендер – осы ережелермен белгіленген тәртіппен жүзеге асатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату;
      5) тендерлік құжаттама - тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерді әзірлеу үшін үміткерге берілетін құжаттама;
      6) тендерлік өтінім - тендерлік құжаттамаға сәйкес жазбаша нұсқада жасалған үміткердің тендерлік ұсынысы;
      7) тендерлік комиссия - тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін уәкілетті орган құрған комиссия;
      8) тауар - осы Ережелерге сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен шығаруға жататын материалдық құндылықтар;
      9) уәкілетті орган - мемлекеттік материалдық резерв саласында функцияларды жүзеге асыратын ведомство;
      10) өтінім бағасы - үміткердің тендерлік өтінімде көрсетілген тауарға ұсынған бағасы;
      11) кесімді баға - ақпараттық хабарламада жарияланған не одан өтінімдерді қарау басталатын, үміткерлерге жіберілетін қосымша құжаттамадағы баға.

2. Ашық тендерлерді өткізу дайындығы

      4. Уәкілетті орган өзі мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын жаңарту тәртібімен шығару бойынша тендер өткізу туралы, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде броньнан шығару тәртібімен шығару туралы шешім қабылдайды.
      5. Уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік резервтің Материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспарына сәйкес шығару жүзеге асырылады және тендер өткізу үшін ұйымдастырушыға жіберіледі.
      6. Тендерлерді әзірлеу және өткізу үшін уәкілетті орган тендерлік комиссия құрады.
      Тендерлік комиссияның құрамына төраға, төраға орынбасары және тендерлік комиссияның мүшелері кіреді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын оның орнын басатын тұлға атқарады. Тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан және кемінде үш адамнан құралады.
      7. Тендерлік комиссия қызметін:
      1) жұмысты жоспарлайтын және тендерлік комиссия қызметіне басшылық жасайтын;
      2) тендерлік комиссия отырысында төрағалық ететін;
      3) осы ережелерде көзделген функцияларды жүзеге асыратын төраға басшылық жасайды.
      8. Тендерлік комиссияның ұйымдастыру қызметін тендерлік комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және тендерлік комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс бермейді.
      Тендерді ұйымдастыру және өткізуге жауапты тендерлік комиссияның хатшысы тендер ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің лауазымдық тұлға санынан анықталады.
      Тендерлік комиссияның хатшысы:
      1) тендерлік комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, тендерлік комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, тендерлік комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;
      2) үміткерлерге тендерлік құжаттаманы табыс етеді;
      3) түскен тендерлік өтінімдерді тіркеуді жүргізеді;
      4) тендерге үміткерлердің ұсыным кестелерін дайындайды;
      5) тендерлік комиссияның хаттамалық шешімін ресімдейді;
      6) тендер қорытындысы бойынша үміткерлердің мекен-жайына хабарламаларды жібереді;
      7) тендерлік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
      8) осы ережелермен көзделген функцияларды жүзеге асырады.
      9. Тендерлік комиссия:
      1) өз жұмысының регламентін әзірлейді және бекітеді;
      2) шығару шартын анықтайды;
      3) үміткерлердің тендер өтінімдерін және жазбаша үндеуін қарайды;
      4) тендер өткізеді және ол бойынша шешім шығарады.
      10. Тендерді ұйымдастырушы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде тендерлік комиссия бекіткен ақпараттық хабар жариялайды. Хабарлама тендер басталудан кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын жариялануы керек.
      Тендер өткізу туралы хабарламада мына мәліметтер:
      1) тендерді ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері;
      2) тендердің өткізілетін орны, күні мен уақыты (тендер өткізілетін бір үздіксіз кезең ағымын көрсету рұқсат етіледі), сондай-ақ тендерге қатысуға тендерлік өтінім беретін орын мен мерзім;
      3) номенклатурасы, ең аз көлемі және кесімді баға, шығару шарттары қамтылған тауар туралы мәлімет;
      4) тендерлік құжаттаманы алу орны;
      5) қорытындыны жариялау тәртібі және мерзімі;
      6) тендерді ұйымдастырушының тендер өткізуден бас тарту тәртібі болуы керек.
      11. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының 50-ден аса атаулары шығарылған кезде тендерді өткізу туралы ақпараттық хабарлама осы Ережелердің 10-тармағының 3) тармақшасынсыз жарияланады.
      Бұл жағдайда ақпараттық хабарламада номенклатура, ең аз көлем, кесімді баға және шығару шарттары кіретін тауар туралы мәліметті конкурсты ұйымдастырушы тендерлік құжаттамамен бірге үміткерге тікелей ұсынатындығын қосымша көрсетеді.
      12. Тендерлік құжаттаманы осы Ережелермен белгілеген талаптарға сәйкес тендер ұйымдастырушы үміткерлерге табыс етеді.
      13. Тендерлік құжаттама Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларына сәйкес мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде беріледі.
      14. Тендерге үміткер санатында тіркелу үшін міндетті шарттар, үміткердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды үміткерлердің табыс етуі болып табылады оның ішіне мыналар кіреді:
      1) осы Ержелерге қосымшаға сәйкес үлгі бойынша тендерлік өтінім;
      2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәліктің және статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      3) СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірін) растайтыны туралы тиісті салық органының анықтамасы;
      4) үміткердің банк деректемелерін және қаржылық жай-күйін растайтын құжаттамасы үміткерге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының банктің мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы. Анықтама өтінім берген датаның алдындағы бір айдан кешіктірілмей ұсынылады;
      5) уәкілетті адамның жеке басының куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      6) уәкілетті адамға ұйымның сенімхаты;
      15. Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғаны тауарларды шығару жөніндегі тендерге үміткер ретінде тіркеу үшін үміткер мынадай құжаттарды табыстайды:
      1) белгіленген үлгі бойынша тендерге қатысуға өтінім;
      2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      3) Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
      16. Үміткер өтінімнің түпнұсқасын әзірлейді және ұсынады. Өтінімнің түпнұсқасына үміткердің қолы қойылады және жеке конвертке салынады.
      Тендерлік өтінімде жол арасында қосымшалар, өшірулер немесе қоса жазулар болмау керек.
      Тендерлік өтінімде үміткер шарт жасасқанда қажет негізгі жағдайларды: тауардың атауын, сапалық, техникалық сипаттарын, бағасын, мөлшерін, төлем шарттарын көрсетеді. Қосымша құжаттамада баға хабарланатын жағдайда үміткер өтінім бағасын көрсетпейді.
      Тендерлік өтiнiмдi үмiткер нөмiрленген парақтармен және соңғы бетi оның қолымен, ал заңды тұлғаның - мөрмен куәландырылып тiгiлген түрде ұсынады
      17. Тендерлік комиссия үміткердің тендерлік өтінімін егер ол толық емес немесе дәл емес ақпарат берген жағдайда, сондай-ақ, егер үміткердің ұсынған бағасы кесімді бағадан төмен болған жағдайларда алып тастайды. Берілген ақпараттың толықтығы үміткердің біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттарды тендерлік комиссия қараған кезде анықталады. Енгізілген тендерлік өтінім өзгертуге жатпайды.
      18. Тендерлік комиссия хатшысы үміткердің атауы, мекен-жайы, телефоны мен факсының нөмірі, өтінімді ұсынған адамның тегі, аты, әкесінің аты, өтінім түскен күні, айы, жылы және уақыты, өтінімнің қысқаша мазмұны көрсетілген тендерге үміткерлерді тіркеу журналын жүргізеді.
      19. Тендерге үміткерлердің өтінімін тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен басталады және тендер өткізуге бір сағат уақыт қалғанда аяқталады.
      20. Тендерге қатысуға қажетті құжаттар пакеті журналда тіркеуден өткеннен соң, тендер өткізілетін күнге дейін тендерлік комиссия хатшысының арнайы сейфінде сақталады.
      21. Нарықтық бағасы жылдам көтерілуі не түсуі мүмкін тауарлардың кесімді бағасы ақпараттық хабарламада көрсетілмейді. Мұндай жағдайда тендерді ұйымдастырушы сондай тауарлардың бағасы (кесімді бағасы) бойынша алғы шарттарды қосымша құжаттамаға (кестеге) енгізеді және тендер өткізілетін жерде оны өткізу басталудан бес сағат бұрын мерзімде тендерге үміткерлерге береді.
      22. Тендер басталудан бір сағат бұрын үміткер тендерге қатысудан бас тартуына болады.
      23. Тендерді өткізуге дейін үміткер тауардың сапалық жағдайы және тауардың техникалық регламент талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жасауына болады. Ондай сараптамаға байланысты шығындар үміткер тарапына жатады.

3. Ашық тендерді өткізу тәртібі

      24. Тендерлер өткізу кезеңін тендерлік комиссия анықтайды және тендерлік комиссия отырысының хаттамасында белгіленеді.
      25. Тендерлік комиссияның отырысы тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік басым қатысқан жағдайда өткізіледі және тендерлік комиссияның қатысқан мүшелері, оның төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы қол қойылатын хаттамамен ресімделеді. Тендерлік комиссия мүшесінің қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда, тендерлік комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі.
      26. Тендерлік комиссияның отырысы үміткерлердің қатысуынсыз өтеді.
      27. Тендерде өтінімдермен танысу және үміткерлердің тендерлік ұсыныстарын жариялау жүргізіледі. Тендерлік комиссия үміткерлердің ұсыныстарын зерттеуден және бағалаудан кейін, алғы шарттармен салыстырғанда шарт жасасудың қолайлы жағдайларын ұсынған жеңімпазды анықтайды.
      28. Комиссия тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру кезінде, оларды қарауды жеңілдету үшін үміткерден өтінімнің мазмұнына түсінік беруді сұрауы мүмкін.
      29. Өтінімді қанағаттандыру өлшемі болып мыналар танылады:
      1) кесімді бағадан төмен емес баға;
      2) қолайлы төлеу шарттары;
      3) шығару шарттарына сәйкестік.
      30. Бір ғана үміткердің болуы тендер болмайды деп табуға негіз болмайды.
      31. Тендерлік өтінімдерді қарау кезінде, неғұрлым жоғары өтінім бағасын, сондай-ақ тауар үшін ең жақсы төлем шарттарын ұсынған өтінімдер қанағаттандырылады.
      32. Тендерлік комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және оған қатысқан тендерлік комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп саналады.
      Дауыс тең болған жағдайда тендерлік комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда, төраға орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Тендерлік комиссия шешімімен келіспеген жағдайда тендерлік комиссияның кез келген мүшесі өз қарауы бойынша жазбаша түрде баяндалатын және тендерлік комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркелетін ерекше пікір білдіреді.
      33. Тендерлік комиссияның шешіміне заңнамамен белгіленген тәртіппен шағым жасалады.
      34. Тендер қорытындысы хаттама түрінде ресімделеді. Тендер қорытындысы туралы хаттама тендер өткізілген күні жасалады және онда:
      1) мемлекеттік резервтен шығарылатын тауарлардың тізбесі көрсетілген тендер қорытындылары бойынша кесімді бағалар кестесі;
      2) тендерге үміткерлердің атауы мен заңды мекен-жайы;
      3) тауар, лот, өтінім бағасы бойынша ұсыныстар, сондай-ақ оның өтінімідерінің негізгі шарттарының қысқаша жазбасы;
      4) әр үміткер бойынша тендерлік комиссияның шешімі көрсетіледі.
      35. Тендерді ұйымдастырушы тендер өткізген күннен бастап, 1 (бір) тәулік ішінде тендерге үміткерлерді олардың өтінімдерін қарау нәтижелері туралы жазбаша (қолма-қол, факспен немесе поштамен) хабардар ету.
      Өтінімі қанағаттандырылған үміткерге жіберілетін хабарлама шарт жасасу жағдайлары туралы ақпарат, шартқа қол қою үшін қажетті құжаттар тізбесі, шартқа қол қою мерзімдері, байланыс телефондары және тендерді ұйымдастырушының мекен-жайы туралы ақпараттан тұрады.
      36. Тендерлік комиссия үміткерді жеңімпаз деп анықтаған жағдайда, ол тендер өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тендерді ұйымдастырушымен шарт жасасады.

4. Жабық тендер өткізу тәртібі

      37. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару жабық тендер тәсілімен оларды сақтау орны құпия болып табылғанда жүргізіледі.
      38. Тендерді ұйымдастырушы осы тендерге қатысуға өтінім қабылдау аяқталатын күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей барлық үміткерлерге жабық тендер өткізілетіні туралы хабарлама жібереді.
      Жазбаша хабарлама жіберілетін үміткерлердің тізімін уәкілетті органның келісімі бойынша тендерді ұйымдастырушының басшысы бекітеді.
      39. Жабық тендерді өткізгенде үміткер қосымша Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының құпия жұмыстармен жұмыс істеуге рұқсатын ұсынады.
      40. Жабық тендерді өткізу кезінде, осы Ережелердің 10- 11 тармағында баяндалған рәсімнен басқа, ашық тендерді өткізу кезіндегі рәсімдер қолданылады.

5. Қорытынды ережелер

      41. Толық емес ақпарат ұсынған жағдайда тендерде алынып тасталған үміткердің өтінімі оның жазбаша үндеуі бойынша, келесі тендерде оны толықтырған жағдайда қаралады.
      42. Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінен тауарды шығару тауарды шеттету туралы шарт жағдайларына сәйкес олардың құны ақшалай түрде толық төленген соң не Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын сақтай отырып банкі кепілдігі, шығарылатын құндылықтар сомасына аккредитив қойылған соң жүргізіледі.
      43. Тендерді өткізудің белгіленген тәртібі бұзылған жағдайда оның нәтижесі уәкілетті органмен жарамсыз деп танылады.

                                           Мемлекеттік материалдық
                                            резервінің материалдық
                                            құндылықтарын (жаңарту,
                                           броньнан шығару тәртібімен)
                                            шығару жөніндегі ережеге
                                                   қосымша

                        Тендерге қатысуға
                             ӨТІНІМ*

_______________________________________________________________
    (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
                        аты төлқұжатының мәліметі)
атынан ____________________________________ __________________________
   (тендерде компанияның мүддесін білдіретін уәкілетті адамның тегі,
              аты, әкесінің аты, қызметі, жұмыс орны)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің тауарларын шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерге үміткерлерге арналған Нұсқаулықпен танысып, ______ ж. "____" ____________ өткізілетін тендерге қатысуға ниет білдіреді және жүзеге асыруды ұсынады
_____________________________________________________________________
           (атауы, өлшем бірлігі, ұсынған баға, мөлшері, сомасы)
1)_____________________________________________________________сомаға
2)_____________________________________________________________сомаға
_________________________________________________________жалпы сомаға
               (сома цифрлармен және жазумен)
Қосымша шарттарды ұсынамыз (егер олар бар болса тізіп көрсетілсін):
1____________________________________________________________________
2____________________________________________________________________
3____________________________________________________________________
Біздің өтінімді тендерлік комиссия қанағаттандырған жағдайда, тендер өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тауарды шеттету туралы шартты жасауға міндеттенеміз.
      Сатып алынатын тауардың сапасы бойынша реніш-талабымыз жоқ. Осы өтінімге қол қоюмен тендерлік құжаттамамен белгіленген Нұсқаулықпен және осы өтініммен анықталған біз үшін орындалуы міндетті ережелермен танысқандығымызды растаймыз.
Сондай-ақ өтінімдегі көрсетілген ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.
Пошталық мекен-жай:
__________________________________________,
(индекс, облыс, қала, көше үйдің N, пәт.N)
тел.: ________________, факс: _______________________
Банк реквизиттері ___________________________________
(қызметі, тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны) (қолы)
Өтінім толтырылған мерзім: ______ж. "______"_________
М.О.
      * Көрсетілген барлық тармақтарды толық толтыру, анық қол қою және мөр таңбасы міндетті түрде, кері жағдайда өтінім жарамсыз деп саналады

Об утверждении Правил подготовки и проведения тендеров по выпуску (в порядке освежения, разбронирования) материальных ценностей государственного материального резерва Республики Казахстан

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 22 июля 2008 года № 128. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 сентября 2008 года № 5303. Утратил силу приказом Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 5 мая 2011 года № 186

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по чрезвычайным ситуациям РК от 05.05.2011 № 186 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года "О государственном материальном резерве" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила подготовки и проведения тендеров по выпуску (в порядке освежения, разбронирования) материальных ценностей государственного материального резерва Республики Казахстан.
      2. Комитету по государственным материальным резервам Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящих Правил в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Признать утратившими силу некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по государственным материальным резервам и Комитета по государственным материальным резервам Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан согласно перечню к настоящему приказу.
       4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    В. Божко

Утверждены           
приказом Министра по чрезвычайным
ситуациям Республики Казахстан 
от 22 июля 2008 года № 128   

Правила
подготовки и проведения тендеров по выпуску (в порядке
освежения, разбронирования) материальных ценностей
государственного материального резерва Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Правила подготовки и проведения тендеров по выпуску (в порядке освежения, разбронирования) материальных ценностей государственного материального резерва Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном материальном резерве" (далее - Закон).
      2. Настоящие Правила устанавливают порядок подготовки и проведения тендеров по выпуску материальных ценностей из государственного материального резерва Республики Казахстан.
      3. В Правилах используются следующие понятия:
      1) организатор тендера - подведомственная организация уполномоченного органа, осуществляющая подготовку и проведение тендера;
      2) план оперирования материальными ценностями государственного резерва - документ, регламентирующий поставку, хранение и выпуск материальных ценностей государственного резерва с указанием сроков их освежения, заимствования и разбронирования (далее - План оперирования);
      3) претендент - юридическое или физическое лицо, желающее принять участие в тендере;
      4) тендер - реализация материальных ценностей государственного материального резерва, осуществляемая в порядке, установленном настоящими Правилами;
      5) тендерная документация - документация, предоставляемая претенденту для подготовки тендерных заявок на участие в тендере;
      6) тендерная заявка - тендерное предложение претендента, составленное в письменной форме в соответствии с тендерной документацией;
      7) тендерная комиссия - комиссия, созданная уполномоченным органом для организации и проведения тендера;
      8) товар - материальные ценности, подлежащие выпуску из государственного материального резерва в соответствии с настоящими Правилами;
      9) уполномоченный орган - ведомство, осуществляющее функции в области государственного материального резерва;
      10) цена заявки - цена, предлагаемая претендентом за товар, указанный в тендерной заявке;
      11) цена отсечения - цена, опубликованная в информационном сообщении либо рассылаемая претендентам в дополнительной документации, с которой начинается рассмотрение заявок.

2. Подготовка проведения открытого тендера

      4. Уполномоченный орган самостоятельно принимает решения о проведении тендера по выпуску материальных ценностей государственного резерва в порядке освежения, а в порядке разбронирования на основании постановления Правительства Республики Казахстан.
      5. Выпуск осуществляется в соответствии с Планом оперирования материальных ценностей государственного резерва, который утверждается уполномоченным органом и направляется организатору для проведения тендеров.
      6. Для подготовки и проведения тендеров уполномоченным органом формируются тендерные комиссии.
      В состав тендерной комиссии входят председатель, заместитель председателя и члены тендерной комиссии. Во время отсутствия председателя его функции выполняет лицо, замещающее его. Общее количество членов тендерной комиссии составляет нечетное число, но не менее трех человек.
      7. Деятельностью тендерной комиссии руководит председатель, который:
      1) планирует работу и руководит деятельностью тендерной комиссии;
      2) председательствует на заседаниях тендерной комиссии;
      3) осуществляет функции, предусмотренные настоящими Правилами.
      8. Организационная деятельность тендерной комиссии обеспечивается секретарем тендерной комиссии. Секретарь тендерной комиссии не является членом тендерной комиссии и не голосует при принятии решений тендерной комиссией.
      Секретарь тендерной комиссии определяется из числа должностных лиц структурного подразделения организатора тендера, ответственного за организацию и проведение тендеров.
      Секретарь тендерной комиссии:
      1) формирует повестку дня заседания тендерной комиссии, обеспечивает тендерную комиссию необходимыми документами, организует проведение заседания тендерной комиссии;
      2) предоставляет претендентам тендерную документацию;
      3) ведет регистрацию поступивших тендерных заявок;
      4) подготавливает таблицу предложений претендентов тендера;
      5) оформляет протокольное решение заседания тендерной комиссии;
      6) по итогам тендера направляет в адрес претендентов уведомления;
      7) обеспечивает сохранность тендерных документов;
      8) осуществляет функции, предусмотренные настоящими Правилами.
      9. Тендерная комиссия:
      1) разрабатывает и утверждает регламент своей работы;
      2) определяет условия выпуска;
      3) рассматривает тендерные заявки и письменные обращения претендентов;
      4) проводит тендер и выносит по нему решение.
      10. Организатор тендера публикует в республиканских средствах массовой информации информационное сообщение на государственном и русском языках, утвержденное тендерной комиссией. Сообщение подлежит опубликованию не менее чем за 30 (тридцать) календарных дней до начала тендера.
      Сообщение о проведении тендера содержит следующие сведения:
      1) наименование и местонахождение организатора тендера;
      2) место, дата и время проведения тендера (допускается указание одного непрерывного периода, в течение которого проводятся тендеры), а также место и срок представления тендерных заявок на участие в тендере;
      3) сведения о товаре, включающие номенклатуру, минимальный объем, цену отсечения и условия выпуска;
      4) место получения тендерной документации;
      5) порядок и сроки объявления результатов;
      6) порядок отказа организатора тендера от его проведения.
      11. При выпуске материальных ценностей государственного материального резерва более 50 наименований, информационное сообщение о проведении тендера публикуется за исключением подпункта 3) пункта 10 настоящих Правил.
      В этом случае в информационном сообщении указывается, что сведения о товаре, включающие номенклатуру, минимальный объем, цену отсечения и условия выпуска предоставляются организатором тендера непосредственно претенденту вместе с тендерной документацией.
      12. Тендерная документация, предоставляется организатором тендера претендентам, в соответствии с требованиями, установленными настоящими Правилами.
      13. Тендерная документация предоставляется на государственном и/или русском языках в соответствии с законодательством Республики Казахстан о языках.
      14. Обязательным условием для регистрации в качестве претендента в тендере является предоставление документов, подтверждающих соответствие претендента требованиям, которые включают:
      1) тендерную заявку по форме согласно приложению к настоящим Правилам;
      2) нотариально засвидетельствованные копии учредительных документов, свидетельства о регистрации юридического лица и статистической карточки;
      3) справку соответствующего налогового органа о подтверждении РНН (регистрационного номера налогоплательщика);
      4) оригинал или нотариально засвидетельствованную копию справки банка или филиала банка, в котором обслуживается претендент, об отсутствии просроченной задолженности по всем видам обязательств претендента, длящейся более трех месяцев, предшествующих дате выдачи справки, перед банком или филиалом банка за подписью первого руководителя банка (филиала банка) или его заместителя с печатью банка. Справка представляется не позднее одного месяца, предшествующего дате подачи заявки;
      5) нотариально засвидетельствованную копию удостоверения личности уполномоченного лица;
      6) доверенность организации уполномоченному лицу.
      15. Для участия в тендере физического лица, не занимающегося предпринимательской деятельностью, в качестве претендента в тендере по выпуску товаров претендентом предоставляются следующие документы:
      1) тендерная заявка по установленной форме;
      2) нотариально засвидетельствованная копия удостоверения личности;
      3) копия свидетельства налогоплательщика Республики Казахстан.
      16. Претендент подготавливает и представляет оригинал тендерной заявки. Оригинал заявки подписывается претендентом и запечатывается в отдельный конверт.
      В тендерной заявке не допускаются вставки между строками, подтирки и приписки.
      В тендерной заявке претендент указывает основные условия, которые необходимы при заключении договора: наименование товара, качественные, технические характеристики товара, цена, количество, условия оплаты. В случаях, когда цена объявляется в дополнительной документации, претендент цену заявки не указывает.
      Тендерная заявка представляется претендентом в прошитом виде, с пронумерованными страницами и последняя страница заверяется его подписью, а для юридического лица - печатью.
      17. Тендерная комиссия отклоняет тендерную заявку претендента в случае предоставления им неполной или недостоверной информации, а также в случаях, если цена, предложенная претендентом ниже цены отсечения. Полнота представляемой информации устанавливается в момент рассмотрения тендерной комиссией документов, подтверждающих возможности претендента. Внесенная тендерная заявка изменению не подлежит.
      18. Секретарь тендерной комиссии ведет журнал регистрации претендентов на участие в тендере, где указывается наименование, адрес, номер телефона и факса претендента, фамилия, имя, отчество лица, предоставившего заявку, дата и время поступления заявки, краткое содержание заявки.
      19. Регистрация претендентов тендера начинается со дня публикации информационного сообщения и прекращается за час до проведения тендера.
      20. Пакет документов, необходимых для участия в тендере, после регистрации в журнале, хранится в специальном сейфе секретаря тендерной комиссии до дня проведения тендера.
      21. Цена отсечения на товары, рыночная цена которых повышается либо понижается, не указывается в информационном сообщении. В этих случаях организатор тендера включает исходные условия по ценам (цены отсечения) таких товаров в дополнительную документацию (таблицу) и передает претендентам в месте его проведения в срок не позднее, чем за пять часов до начала тендера.
      22. Претендент может отказаться от участия в тендере не позднее, чем за один час до его проведения.
      23. До проведения тендера претендент может провести экспертизу по качественному состоянию и соответствию товара требованиям технических регламентов и нормативным документам по стандартизации. Расходы, связанные с проведением такой экспертизы, относятся на претендента.

3. Порядок проведения открытого тендера

      24. Периодичность проведения тендера определяется тендерной комиссией и фиксируется протоколом заседания тендерной комиссии.
      25. Заседания тендерной комиссии проводятся при условии присутствия большинства из общего числа членов тендерной комиссии и оформляются протоколом, который подписывается присутствующими членами тендерной комиссии, ее председателем, его заместителем и секретарем тендерной комиссии. В случае отсутствия одного из членов тендерной комиссии в протоколе заседания тендерной комиссии указывается причина его отсутствия.
      26. Заседания тендерной комиссии проходят в отсутствие претендентов.
      27. На тендере производится ознакомление с заявками и оглашение предложений претендентов. После анализа и оценки предложений претендентов тендерная комиссия определяет победителя тендера, предложившего лучшие, по сравнению с исходными, условия заключения договора.
      28. При рассмотрении, оценке и сопоставлении тендерных заявок тендерная комиссия обращается к претенденту за разъяснениями по содержанию заявки, с тем, чтобы облегчить их рассмотрение.
      29. Критериями удовлетворения заявки являются:
      1) цена не ниже цены отсечения;
      2) лучшие условия оплаты;
      3) соответствие условиям выпуска.
      30. Наличие единственного претендента не является основанием для признания тендера несостоявшимся.
      31. При рассмотрении тендерных заявок удовлетворяются заявки, которые содержат наиболее высокие цены заявок, а также наилучшие условия оплаты товара.
      32. Решение тендерной комиссии принимается открытым голосованием и считается принятым, если за него подано большинство голосов от общего количества присутствующих на заседании членов тендерной комиссии.
      В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель тендерной комиссии или, в случае его отсутствия, заместитель председателя. В случае несогласия с решением тендерной комиссии любой член данной тендерной комиссии по своему усмотрению выражает особое мнение, которое излагается в письменном виде и прикладывается к протоколу заседания тендерной комиссии.
      33. Решение тендерной комиссии обжалуется в установленном законодательством порядке.
      34. Итоги тендера оформляются в виде протокола. Протокол об итогах тендера составляется в день проведения тендера и в нем указывается:
      1) таблица цен отсечения по итогам тендера с указанием перечня товаров, выпускаемых из государственного резерва;
      2) наименование и юридический адрес претендентов тендера;
      3) предложения претендентов по товару, лоту, цене заявки, а также краткое изложение основных условий их заявок;
      4) решение тендерной комиссии по каждому претенденту.
      35. Уведомление о результатах рассмотрения тендерной заявки сообщается претендентам письменно (нарочно, факсом или по почте) в течение 1 (одних суток) со дня проведения тендера.
      Уведомление, отправляемое претенденту, чья заявка была удовлетворена, содержит информацию об условиях заключения договора, перечень документов, необходимых для подписания договора, сроки подписания договора, контактные телефоны и адрес организатора тендера.
      36. В случае определения тендерной комиссией претендента победителем, он заключает договор с организатором тендера в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня проведения тендера.

4. Порядок проведения закрытого тендера

      37. Выпуск материальных ценностей государственного резерва способом закрытого тендера проводится в случаях, когда дислокация их хранения является секретной. Процедура закрытого тендера осуществляется с соблюдением режима секретности.
      38. Организатор тендера направляет уведомление о проведении закрытого тендера всем претендентам не позднее, чем за 30 (тридцать) календарных дней до дня окончания приема заявок на участие в таком тендере.
      Список претендентов, которым направляется уведомление, утверждается руководителем организатора тендера по согласованию с уполномоченным органом.
      39. При проведении закрытого тендера претендент дополнительно представляет разрешение органов Комитета национальной безопасности Республики Казахстан на проведение секретных работ.
      40. Для организации закрытого тендера используются те же процедуры, что и при проведении открытого тендера, кроме процедур, изложенных в пунктах 10-11 настоящих Правил.

5. Заключительные положения

      41. Заявка претендента, отклоненная на тендере, в случае предоставления им неполной информации рассматривается по его письменному обращению на следующем тендере при условии ее дополнения.
      42. Выпуск товара из государственного материального резерва Республики Казахстан производится в соответствии с условиями договора об отчуждении товара после оплаты их стоимости в денежном выражении или выставления банковских гарантий, аккредитивов на сумму выпускаемых ценностей, с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан.
      43. В случае нарушения установленного порядка проведения тендера, его результаты признаются уполномоченным органом недействительными.

Приложение                
к Правилам подготовки и проведения   
тендеров по выпуску (в порядке освежения
и разбронирования) материальных    
ценностей государственного       
материального резерва         

                                   ЗАЯВКА
                           на участие в тендере*

___________________________________________________________________
(полное наименование юридического лица, Ф.И.О., паспортные данные физического лица)
в лице ____________________________________________________________
       (Ф.И.О., должность, место работы, лица, уполномоченного представлять интересы
                                    юридического лица)
ознакомившись с Инструкцией для участников тендера по выпуску (в
порядке освежения, разбронирования) товаров государственного
материального резерва Республики Казахстан, желает принять участие
на тендере, который состоится "_____" ___________ и предлагает
осуществить покупку _______________________________________________
___________________________________________________________________
        (наименование, ед. измерения, предлагаемая цена, количество, сумма)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      1. На сумму _________________________________________________
      2. На сумму _________________________________________________
      На общую сумму ______________________________________________
      Предлагаем дополнительные условия (если есть перечислить):
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________

      В случае удовлетворения тендерной комиссией нашей заявки, обязуемся заключить договор об отчуждении товара в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня проведения тендера.
      Претензий по качеству покупаемого товара не имеем. Подписанием настоящей заявки подтверждаем ознакомление и обязательность для нас выполнения положений, установленных тендерной документацией. Также гарантируем достоверность информации, указанной в заявке.
Почтовый адрес:
________________________________________;
(индекс, область, город, улица, № дома, № квартиры)
Телефон, факс___________________________;
Банковские реквизиты;
Должность, Ф.И.О., место работы, подпись;
Дата заполнения заявки
М.П.
* Полное заполнение всех указанных пунктов, четкая подпись и оттиск печати обязательны, в противном случае заявка считается недействительной.

Приложение             
к приказу Министра по  
чрезвычайным ситуациям 
Республики Казахстан   
от 22 июля 2008 г. № 128

Перечень утративших силу некоторых приказов Председателя
Агентства Республики Казахстан по государственным материальным
резервам и Комитета по государственным материальным резервам
Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

      1. Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по государственным материальным резервам от 26 февраля 2001 года № 10 "О правилах подготовки и проведения тендеров по выпуску (в порядке освежения, замены и разбронирования) и поставке материальных ценностей государственного материального резерва Республики Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1456 от 7 апреля 2001 года, опубликованный в "Юридической газете" от 30 апреля 2001 г. № 21, Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2001 г., № 23, ст. 410).
      2. Приказ Председателя Агентства по государственным материальным резервам "О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по государственным материальным резервам от 26 февраля 2001 года № 10 "О правилах подготовки и проведения тендеров по выпуску (в порядке освежения, замены и разбронирования) и поставке материальных ценностей государственного материального резерва Республики Казахстан" от 25 апреля 2002 года № 24, (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1861 от 22 мая 2002 года).
      3. Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по государственным материальным резервам Агентства Республики Казахстан по государственным материальным резервам от 26 февраля 2001 года № 10 "О правилах подготовки и проведения тендеров по выпуску (в порядке освежения, замены и разбронирования) и поставке материальных ценностей государственного материального резерва Республики Казахстан" от 11 мая 2004 года № 40, (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2868 от 21 мая 2004 года, опубликованный в "Официальной газете" от 24 июля 2004 года № 30).
      4. Приказ Председателя Комитета по государственным материальным резервам Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по государственным материальным резервам от 26 февраля 2001 года № 10 "О правилах подготовки и проведения тендеров по выпуску (в порядке освежения, замены и разбронирования) и поставке материальных ценностей государственного материального резерва Республики Казахстан" от 14 апреля 2005 года № 37, (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3584 от 26 апреля 2005 года, опубликованный в "Юридической газете" от 15 декабря 2005 года, № 235-236).
      5. Приказ Председателя Комитета по государственным материальным резервам Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по государственным материальным резервам от 26 февраля 2001 года № 10 "О правилах подготовки и проведения тендеров по выпуску (в порядке освежения, замены и разбронирования) и поставке материальных ценностей государственного материального резерва Республики Казахстан" от 30 июня 2005 года № 66, (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3768 от 3 августа 2005 года, опубликованный в "Юридической газете" от 21 декабря 2005 года № 237-238).