Ескерту. Бұйрықтың күші жойылдды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2012.02.24 № 08-1-1-1/60 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Б Ұ ЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 1999 жылғы 17 маусымдағы N 655 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 893 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4025 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 17 маусымдағы N 655 және "Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 08-1/31 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 08-1/363 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауындағы "шетелдік азаматтарды" деген сөздер "шетелдіктерді" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы "шетелдік азаматтарды" деген сөздер "шетелдіктерді" деген сөзбен ауыстырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі Ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "шетелдік азаматтарды", "шетелдік азаматтар", "шетелдік азаматтардан" деген сөздер "шетелдіктерді", "шетелдіктер", "шетелдіктерден" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші абзацындағы "немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Өтініш жасаушы көрсетілген талаптарға сәйкес келсе консулдық лауазым иесі өтініш жасаушы туралы мәліметтерді, оның материалдық және қаржылық жағдайлары, тұратын мекен-жайлары, ұл (қыз) бала асырап алу жөніндегі материалдардың келіп түскен және шет елдегі мекеме материалдарды қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдарға жіберген күндерін көрсетіп Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген тұлға ретінде есепке алады.".
6-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақта "алынған соң" деген сөздерден кейін "осы Ереженің 3-тармағында аталған" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы Н. Ермекбаев