Ескерту. Бұйрықтың күші жойылдды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2012.02.24 № 08-1-1-1/60 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Ескерту. Атауындағы "шетелдік азаматтарды" деген сөздер "шетелдіктерді" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы консулдық қызметінің жұмысын жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңның 78-бабына сәйкес бұйрық етемін:
1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу жөніндегі қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Министр
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
1999 жылғы 17 маусымдағы
N 655 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтары
болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап
алғылары келетін шетелдік азаматтарды
есепке алу туралы
Ереже
Ескерту. Мәтіндегі "дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері", "дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер", "дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері" деген сөздер "шет елдердегі мекемелері", "шет елдердегі мекемелер", "шет елдердегі мекемелері", "шет елдердегі мекемелер" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 08-1/363 , бүкіл мәтін бойынша "шетелдік азаматтарды", "шетелдік азаматтар", "шетелдік азаматтардан" деген сөздер "шетелдіктерді", "шетелдіктер", "шетелдіктерден" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен .
1. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 78-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап алғылары келетін шетелдіктерді есепке алу тәртібін анықтайды.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) баланы асырап алғылары келетін шетелдіктер Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына (қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдары) өтініш жасайды және ұл (қыз) бала асырап алғылары келетіндігі туралы жазбаша өтінішті; өздері тұратын елдің жергілікті органдарынан әлеуетті ата-ананың жеке мінез-құлықтары туралы, ұл (қыз) бала асырап алуларына рұқсат беретін және болашақ отбасындағы баланың қалыпты дамуына, тәрбиеленуіне және білім алуына қажетті жағдайлардың бар екендігін растайтын анықтаманы, қаржылай дербестігі туралы; отбасы жағдайы туралы анықтаманы; денсаулығы туралы дәрігерлік анықтаманы; сотталғаны туралы анықтама болуы не болмауы тапсырады.
Қажет болған жағдайда, жоғарыда аталған барлық құжаттар Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде ресмилендіріліп, мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі куәландырылған аудармасымен бірге тапсырылуға тиіс.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 08-1/363, 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.
3. Шетелдіктерден құжаттар қабылдау кезінде консулдық лауазым иесі өтініш жасаушылардың Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 76, 79, 80 және 81-баптарында көрсетілген талаптарға сәйкес келетіндігін міндетті түрде тексереді. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда құжаттар қабылданбайды және оның себептері түсіндіріледі. Өтініш жасаушы көрсетілген талаптарға сәйкес келсе консулдық лауазым иесі өтініш жасаушы туралы мәліметтерді, оның материалдық және қаржылық жағдайлары, тұратын мекен-жайлары, ұл (қыз) бала асырап алу жөніндегі материалдардың келіп түскен және шет елдегі мекеме материалдарды қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдарға жіберген күндерін көрсетіп Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген тұлға ретінде есепке алады.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Б ұйрығымен .
4. Шет елдердегі мекемелері бала асырап алу жөніндегі материалдарды одан әрі қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдарына жеткізу үшін екі дана етіп Консулдық қызмет департаментіне жібереді. Ұл (қыз) баланы асырап алу жөніндегі құжаттардың бір данасы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде сақталады.
5. Қорғаншылық және қамқорлық көрсету органдарынан ұл (қыз) баланы асырап алу мүмкіндігі туралы жауап алынған кезде, шет елдердегі мекемелер өтініш жасаушыларға Қазақстан Республикасына келіп, Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 76-бабындағы 3-тармаққа сәйкес ұл (қыз) баланы асырап алуды ресімдеулері үшін виза береді.
6. алынып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен .
7. Ұл (қыз) бала асырап алынған соң осы Ереженің 3-тармағында аталған журналға ұл (қыз) баланың асырап алынғандығы туралы жазылады.
Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2008.09.18 N 08-1-1-1/300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Б ұйрығымен .
8. Консулдық лауазым иесі кәмелеттік жасқа жеткенше Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 91-бабындағы талаптарды сақтай отырып, баланың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесінің талапқа сәйкестігін тексеру мақсатында ұл (қыз) бала асырап алушыға келіп тұруға құқығы бар.
Ескерту: 8-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы N 08-1/363 бұйрығымен .
9. Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырап алғылары келетін шетелдіктер туралы ақпараттар жарты жылда бір рет Консулдық қызмет департаментіне жіберіліп тұрады.