Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 96 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5422 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Банкаралық ақша аударымдары жүйесіндегі операциялық күнді ұзарту тәртібін нақтылау және банкаралық ақша аударымдары жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 711 тіркелген; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 910 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1999 жылғы 16 тамыздағы N 266 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1152 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгеріс енгізу жөнінде" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 216 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1538 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1999 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2002 жылғы N 45-46 жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 362 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 21 наурыздағы N 64-65 (23275) жарияланған "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2369 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 711 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 27 мамырдағы N 158 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2887 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 150 (23785) жарияланған "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 711 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесінде ақша аударымы ережесін бекіту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2004 жылғы 15 мамырдағы N 74 , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3993 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 қарашадағы N 147 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесінде:
      жоғарғы оң жақ бұрышындағы "бекiтiлген" деген сөз өзгеріссіз қалады;
      22-тармақтың екінші абзацында:
      "(N 1 қосымша)" деген сөздер ", осы Ереженің қосымшасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасының күшін Ұлттық Банкке ұсынған күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жаңа тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасын пайдаланушы жояды.";
      38-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38-1. Пайдаланушы төлем құжаттарын өңдей алмайтын немесе оларды Орталықпен техникалық себептермен айырбастай алмайтын ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк жүйенің операциялық күнін жүйе пайдаланушысының жүйенің операциялық күнін ұзарту туралы өтініші  (бұдан әрі – өтініш) негізінде ұзартады.
      Жүйенің операциялық күнін бір сағатқа дейін ұзарту туралы шешімді пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшенің басшысы қабылдайды.
      Жүйенің операциялық күнін бір сағаттан астам ұзарту туралы шешімді Ұлттық Банк Төрағасының Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшесіне жетекшілік ететін орынбасары (бұдан әрі – Төрағаның орынбасары) қабылдайды.
      Өтініш жүйені пайдаланушының атауын, ұзарту себебін және пайдаланушы жүйенің операциялық күнін ұзартуды сұрап отырған уақытты көрсете отырып еркін нысанда жасалады.
      Жүйенің операциялық күні бір сағатқа дейін ұзартылған кезде өтініш Ұлттық Банктің пайдаланушылардың корреспонденттік шоттарына қызмет көрсететін бөлімшесіне (алдын ала ауызша келісілгеннен кейін), жүйенің операциялық күні бір сағаттан астам ұзартылған кезде Төрағаның орынбасарына жіберіледі.
      Жүйенің операциялық күні өтініш негізінде ұзартылған және жүйеде осы пайдаланушы жіберген төлем құжаты болмаған кезде, пайдаланушыдан Ұлттық Банк белгілеген мөлшерде ақы алынады.";
      N 1 қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Ақша аударымының    
банкаралық жүйесіндегі 
ақша аударымы ережесіне 
қосымша         

      ____________________            Қазақстан Республикасының
     (пайдаланушының атауы)                 Ұлттық Банкі

Жүйенің Ұлттық Банктегі шотына
корреспонденттік шоттан ақша аударуға арналған
20 __ жылғы "___" ___________
N ___ Тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасы

      Осы арқылы N _________ корреспонденттік шоттан жүйенің Ұлттық Банктегі N _________ шотына _________ мөлшерде күн сайын ақша аударуды тапсырамыз.

                                              Басшы ________ қолы
                                                   (аты-жөні)
Мөр орны                              Бас бухгалтер ________ қолы
                                                   (аты-жөні)".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Ә. Сәйденов

О внесении изменений и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года N 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 ноября 2008 года N 96. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2008 года N 5422. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 259

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.12.2015 № 259 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях уточнения порядка продления операционного дня в межбанковской системе переводов денег и совершенствования нормативной правовой базы, обеспечивающей функционирование межбанковской системы переводов денег, Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. В постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года № 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 711; с изменениями и дополнениями, внесенными постановлениями Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 августа 1999 года № 266 "О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года № 242", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 910, от 16 мая 2000 года № 216 "О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года № 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1152, от 20 апреля 2001 года № 106 "Об утверждении Изменений и дополнений в Правила переводов денег в межбанковской системе переводов денег, утвержденные постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года № 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1538, от 2 сентября 2002 года № 362 "О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года № 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1999, опубликованным в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан в 2002 году № 45-46, от 31 января 2003 года № 20 "О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан по вопросам использования платежных документов", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2193, опубликованным 20 марта 2003 года в газете "Казахстанская правда" № 77-78 (24017-24018), от 27 мая 2003 года № 158 "О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года № 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 711", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2369, от 15 мая 2004 года № 74 "О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 1998 года № 242 "Об утверждении Правил переводов денег в межбанковской системе переводов денег", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 711", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2887, опубликованным 12 июня 2004 года в газете "Казахстанская правда" № 132 (24442), от 17 ноября 2005 года № 147 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам, связанным с разделением функций между подразделениями Национального Банка Республики Казахстан", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3993) внести следующие изменения и дополнение:
      в Правилах переводов денег в межбанковской системе переводов денег, утвержденных указанным постановлением:
      в правом верхнем углу слово "УТВЕРЖДЕНЫ" заменить словом "Утверждены";
      в абзаце втором пункта 22 :
      слова "(приложение № 1)" заменить словами ", согласно приложению к настоящим Правилам";
      дополнить предложением следующего содержания:
      "Постоянно действующее платежное поручение отменяется в первый рабочий день, следующий за днем представления в Национальный Банк пользователем нового постоянно действующего платежного поручения.";
       пункт 38-1 изложить в следующей редакции:
      "38-1. В исключительных случаях при невозможности обработки пользователем платежных документов или обмена ими с Центром по техническим причинам, Национальный Банк продлевает операционный день системы на основании заявления пользователя системы о продлении операционного дня системы (далее - заявление).
      Решение о продлении операционного дня системы до одного часа принимает руководитель подразделения, обслуживающего корреспондентские счета пользователей.
      Решение о продлении операционного дня системы свыше одного часа принимает заместитель Председателя Национального Банка, курирующий подразделение Национального Банка, обслуживающее корреспондентские счета пользователей (далее - заместитель Председателя).
      Заявление составляется в произвольной форме с указанием наименования пользователя системы, причины продления и времени, на которое пользователь просит продлить операционный день системы.
      При продлении операционного дня системы до одного часа заявление направляется в подразделение Национального Банка, обслуживающее корреспондентские счета пользователей (после предварительного устного согласования), при продлении операционного дня системы свыше одного часа заявление направляется заместителю Председателя.
      При продлении операционного дня системы на основании заявления и отсутствии в системе отправленного данным пользователем платежного документа с пользователя взимается плата в размере, установленном Национальным Банком.";
       приложение № 1 изложить в следующей редакции:

"Приложение
к Правилам переводов денег
в межбанковской системе
переводов денег

____________________________                  Национального Банка
(наименование пользователя)                   Республики Казахстан

Постоянно действующее платежное поручение № ___
"___" ___________ 20__ года
на перевод денег с корреспондентского счета
на счет системы в Национальном Банке

      Настоящим поручаем ежедневный перевод денег в размере ____ с корреспондентского счета № ___ на счет системы в Национальном Банке № ___.

Руководитель ____________________ подпись
(Фамилия и инициалы)       

Главный бухгалтер _______________ подпись
Место печати                               (Фамилия и инициалы)    ".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту платежных систем (Мусаев Р.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сартбаева М.М.

       Председатель
       Национального Банка                          А. Сайденов