Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының кейбiр қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2193.

      Қолма-қол жасалмайтын төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру кезiнде төлем құжаттарының түрлерi мен ресiмдеу және пайдалану тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Мыналарға:
      1) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күннен кейiн күшiне енгізiледi.
      3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Келісілді         
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі      
2003 жылғы 13 ақпан   

Келісілді        
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау    
Агенттігінің төрағасы 
2003 жылғы 14 ақпан  

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкi Басқармасының   
"Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкi Басқармасының   
кейбiр қаулыларына төлем    
құжаттарын пайдалану мәселелерi
бойынша өзгерiстер мен     
толықтырулар енгiзу туралы"  
2003 жылғы 31 қаңтардағы    
N 20 қаулысына қосымша     

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады