Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына өзгерiс енгiзу жөнiнде

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2000 жылғы 16 мамырдағы N 216 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 9 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1152. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 259 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң 2000 жылғы 5 қаңтардағы N 2 қаулысымен бекiтiлген Тендер комиссиясының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төлем жүйесi шеңберiндегi "Ақша аударудың банкаралық жүйесiн басқару" шағын жүйесi бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудi жасау үшiн ұйым таңдау жөнiндегi шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 V980711_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесi бекiтiлсiн және 2000 жылғы 4 қыркүйектен бастап күшiне енгiзiлсiн.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.
      3. Төлем жүйесi басқармасы (Мусаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан

 

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткізу

шараларын қабылдасын;

     2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк

тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге

жiберсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жанкелдинге жүктелсiн.


     Ұлттық Банк Төрағасы




     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.         

              Икебаева Ә.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады