Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2022 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 150-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының "Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару Ережелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3148 тіркелген, Республикалық күнделікті "Заң газеті" газетінде 2005 жылы 2 тамызда жарияланған N 75 (699); "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 72-Ө-а "Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару Ережелерін бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 24 маусымдағы N 108-Ө бұйрығымен енгізілген қосымшамен бірге, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3737 тіркелген, Республикалық күнделікті "Заң газеті" газетінде 2005 жылы 2 тамызда жарияланған N 75 (699)) 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 72-Ө-а бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару ережелеріне:
2-тармақтың бірінші абзацында ", сонымен қатар жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың бастамасы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Жерге орналастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін, тіркеу және сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу мақсатында жер учаскелерін тіркеу бойынша жұмыстарды өндіру үшін жерге орналастыру құжатының бір көшірмесі мемлекеттік жер кадастрын жүргізуші республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорынға беріледі. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 150-бабының 4-тармағына сәйкес жерге орналастыру құжаттамасындағы жер учаскелері туралы мәліметтердің дұрыстығын жерге орналастыру құжатын бекіткен өкілетті органдар қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 158-бабының 5-тармағына сәйкес жер-кадастрлық құжаттамаға бекітілген жерге орналастыру құжаттамасынан жер учаскелері туралы енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын қамтамасыз етеді.";
үшінші абзац алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі басқармасы осы Бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары К.Ө.Райымбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Жер ресурстарын басқару | |
агенттігінің төрағасы | Ө. Өзібеков |