Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N72-Ө-а "Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстарын атқару Ережелерін бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2005 жылғы 24 маусымдағы N 108-Ө-а Бұйырығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3737. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2022 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасында жерге орналастыру жұмыстарының орындалуын жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес келтіруге байланысты БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі N 72-Ө-а "Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару Ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге алу реестрінде N 3148 бойынша тіркелген) бұйрығына келесі толықтырулар енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару Ережесіне келесідей толықтырулар енгізілсін:

      8 тармақта:

      екінші азат жолдағы "Жерге орналастыру құжаттамасындағы" сөздері "Тіркеуге алу мақсатында жер учаскелерін есепке алу жұмыстарын жүргізуге қажет жерге орналастыру құжаттамасының бір данасы" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      келесі мазмұндағы үшінші азат жол толықтырылсын:

      "Жер учаскелерін тіркеу мақсаты үшін есепке алу жұмыстарын жүргізу тапсырыс берушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.".

      2. Осы Бұйрық белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары Қ.Ө. Райымбековке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төраға



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады