Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.04.28 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 02 шілдедегі Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар үшін жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері белгіленсін:
1) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші үшін және тиісті лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 200 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 сәуірден бастап;
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 300 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап;
2) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші және тиісті лицензия негізінде номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 70 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 шілдеден бастап;
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 140 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап;
3) клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші және тиісті лицензия негізінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 60 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 шілдеден бастап;
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 100 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап;
4) инвестициялық портфельді басқару жөнінде қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті тиісті лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 70 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 шілдеден бастап;
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 140 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап;
5) номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметпен қоса атқаратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 100 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 шілдеден бастап;
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 200 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап;
6) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші және тиісті лицензия негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін мынадай мөлшерде:
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 60 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 сәуірден бастап;
Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 70 000 еселік мөлшерінде – 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап;
7) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші және тиісті лицензия негізінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 140 000 еселік мөлшерінде – 2009 жылғы 1 желтоқсаннан бастап;
8) трансфер-агент қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші үшін Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 100 еселік мөлшерінде.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзімде қолданысқа енгізіледі.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші үшін және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшері туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 152 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4769 тіркелген ) қаулысының күші жойылсын.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттықты ұйымдастырушыларға, бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова