Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзге асыруға лицензия алуға өтініш беруші үшін және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 152 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 29 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4769 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 197 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 197 Қаулысымен.

      ------------------ Бұйрықтан үзінді -------------------

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 02 шілдедегі Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. ...
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күндік мерзімде қолданысқа енгізіледі.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші үшін және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың барынша төмен мөлшері туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 152 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4769 тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
      4.
      5. ...
      6. ...

      Төрайым                                       Е. Бахмутова

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 02 шілдедегі Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға өтініш беруші үшін және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 150 000 еселік мөлшерінде белгіленсін.

      2. Мынадай қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жарғылық капиталы туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы N 16 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 665 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 1999 жылғы 10 ақпандағы N 6(273) жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың жарғылық капиталы туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 20 қарашадағы N 16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 58 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1050 болып тіркелген).

      3. Осы қаулы қолданысқа 2007 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Агенттік Төрағасының қызметі (Е.Н.Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады