Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, қала әкімінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 03-20ш/349 хатының негізінде және Тіл саясаты және ономастика жөніндегі қалалық комиссиясының 2008 жылғы 20 ақпандағы шешіміне сәйкес Степногорск қалалық әкімдігі мен мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Степногорск қаласындағы «Коммунальная» көшесінің атауы «Достық» көшесіне, «Комсомольская» көшесінің атауы «Жастар» көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешім Степногорск қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
3. Шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған соң қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының
әкімі А.Никишов
Сессия төрайымы, қалалық
мәслихат хатшысының м.а. Ғ.Көпеева