Степногорск қаласындағы көшелердің атын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі N а-4/154 қаулысы мен Степногорск қалалық мәслихатының 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 4С-5/8 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 20 мамырда N 1-2-89 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, қала әкімінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 03-20ш/349 хатының негізінде және Тіл саясаты және ономастика жөніндегі қалалық комиссиясының 2008 жылғы 20 ақпандағы шешіміне сәйкес Степногорск қалалық әкімдігі мен мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қаласындағы «Коммунальная» көшесінің атауы «Достық» көшесіне, «Комсомольская» көшесінің атауы «Жастар» көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім Степногорск қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
      3. Шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының
      әкімі                                      А.Никишов

      Сессия төрайымы, қалалық
      мәслихат хатшысының м.а.                  Ғ.Көпеева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады