Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2009.12.22 № 26 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33, 37 баптары және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы негізінде, жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамды деңгейін анықтау, жалпы білімінің, алған мамандығының және дене тәрбиесі дайындығының деңгейін белгілеу мақсаттарында, аудан әкіміШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
1. 2009 жылдың қаңтар-наурызында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Зеренді селосы Мир көшесі 6 мекен-жайы бойынша «Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) (бұдан әрі – қорғаныс істері жөніндегі бөлім) шақырту учаскесіне тіркеу өткізілсін.
2. «Зеренді аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері С.Е.Таңатаровқа (келісім бойынша) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесінің базасында дәрігерлік куәландырудан өткізу үшін қажетті дәрігер, орташа медициналық персоналдың, сондай-ақ құрал-жабдықтардың қажетті санын бөлу жөнінде ұсыныс етілсін.
3. Зеренді ауданының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.С.Қаскеев тіркеуден өткізу үшін бекітілген аудан бюджетіне сәйкес қаржыландыруды өткізсін.
4. Селолық округ және кент әкімдері мен ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабын мәліметке алсын және өз құзырлары шегінде келесі шараларды қамтамасыз етсін:
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту учаскесіне тіркелуге жататын азаматтарды хабардар ету және олардың уақытында келулерін қамтамасыз ету;
2) әскери-есептік құжаттарында қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери есепке алғаны (әскери есептен шығарғаны) туралы белгілері болған кезде әскери қызметшілерді, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді (тіркеуден шығаруды) жүзеге асыру;
3) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілердің сандық құрамын растайтын құжаттар беру;
4) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскер жасына дейінгілерді әскери есепке алуды жүргізуге көмек көрсету;
5) әскери қызметшілердің, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың Әскери есеп ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
5. «Зеренді ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.Р.Шәріповке (келісім бойынша) өз құзыры шегінде тіркеуден өткізу кезінде шақырту учаскесінде құқық тәртібінің және тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау жөнінде ұсыныс етілсін.
6. Зеренді ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы З.Б.Қазияқпарова тіркеуді өткізу кезеңіне техникалық жұмыстарды атқаруға 1 жұмыссыз адам бөлсін.
7. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Т.Ә.Бражановқа (келісім бойынша) тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізудің қорытындылары туралы Зеренді ауданының әкімін хабардар ету жөнінде ұсыныс етілсін.
8. Зеренді ауданы әкімінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 21 «2008 жылы Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық Тізілімінде
№ 1-14-74 тіркелген, «Бірлік-Единство» аудандық газетінде 2008 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
10. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е.Сағдиев
КЕЛІСІЛДІ
Зеренді ауданы «Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемелекеттік
мекемсінің бастығы Т.Ә.Бражанов
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы З.Б.Қазияқпарова
«Зеренді аудандық емханасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері С.Е.Таңатаров
«Зеренді ауданының ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Е.Р.Шәріпов