2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеуден өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ақмола облысы Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 26 шешімі. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 қаңтарда № 1-14-128 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 07 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережелерге сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурызында тіркеу өткізілетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін (келісім бойынша).
      2. Зеренді ауданы әкімінің «2009 жылы Зеренді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды тіркеуден өткізуді ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 29 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-14-91 тіркелген, «Зеренді» газетінде 2009 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
      4. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Е.Сағдиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Ақмола облысы
      Зеренді ауданының
      Қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Бражанов Т.Ә.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады